Мазмұны:
Кіріспе……. 3 бет.
1. Салық жүйесінің мазмұны мен маңызы
Салық жүйесінің мәні……..4-9 бет.
Салық жүйесінің ықпалы мен рөлі…….10-13 бет.
Салық жүйесінің негізгі бағыттары…… 14-16 бет.
2. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің жүргізілуі мен бюджетке әсері
Салық жүйесінің бюджетті толтырудағы рөлі…….17-26 бет
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің бюджеттің кіріс бөлігін толтырудағы басқа дамыған елдерден ерекшелігі…26-32 бет
3. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту жолдары…….33-36 бет
Қорытынды…. 37 бет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі…… 38 бет.
Кіріспе
Осы курстық жұмыс «Қазақстан Республикасының салық саясатының қазіргі кезеңдегі негізгі бағыттары» деген тақырыпта қазіргі мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатына талдау мақсатында жасалды. 1991 жылдың желтоқсанында өз тәуелсіздігін алған жас мемлекетіміздің жаңа экономикалық саясатында салық жүйесінің атқаратын рөлін жан – жақты қамтуға арналған жұмыс. Аталған жұмыста еліміздегі қазіргі салық жүйесі мен салық саясатына шолу жасап, еліміздегі қолданып жүрген салықтар мен алымдардың мәні мен маңызын және де кемшілігін көрсетуге тырыстым.
Салық жүйесі өте күрделі жүйе. Мемлекетіміздің әл – қуаты мен қауіпсіздік саясатына арқау боларлық тұрақты экономикалық дамуына әсер ететін жүйе. Бұл арада салық төлеушілер де, мемлекетте арақайшылық болмайтын қатынас болу үшін салық саясатын заң арқылы дұрыс жолға қоя білу керек.
Мемлекеттік салық саясатын – салықтар саласындағы іс- шаралары жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты кезеңдегі әлеуметтік –экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай жүргізеді.
Салық салу обьектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақты және жеке болып бөлінеді.Нақты салықтар – мүліктердің сыртқы белгісіне қарай, нақтылы табыстың түсуі есептелместен (жер салығы , мүлікке салынатын салық, құнды қағаздарға лынатын салық) салынады.
Жеке салықтар жеке адамдар мен зеңды мекемелердің қаражат жағдайына байланысты (пайдаға салынатын салық, табыс салығы, мұра немесе сыйға тартуға ауысқан мүліктерге салынатын салық) салынады.
Бұл курстық жұмыста мынадай мәселелерді ашуға тырыстым:
— Салық жүйесінің мазмұны мен маңызы;
— Салық жүйесінің саясатының мәні;
— Салық жүйесінің ықпалы мен рөлі;
— Салық жүйесінің негізгі бағыттары.
— Қазақстан Республикасының салық жүйесінің жүргізілуі мен бюджетке әсері;
— салық жүйесінің бюджетті толтырудағы рөлі;
— Қазақстан Рнеспубликасының салық жүйесінің бюджеттің кіріс бөлігін толтырудағы басқа дамыған елдерден ерекшелігі;
— Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық саясатын дамыту жетістіктері.
Қазіргі экономикалық дағдарыстан әлі де құтыла алмай отырған еліміз үшін салық жүйесін жетілдіру, дамыту тақырыбы өте өзекті, маңызды және де керекті деп ойлаймын.
Айта кету керек, 1995 жылы 24 сәуірде Президенттің Заң күші бар жарлығымен қабылданған «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Салық Кодексі біздің еліміздің экономикасы үшін үлкен қызмет атқарды. Жалпы ішкі табыстың бүгінгі күні барлық ТМД елдерімен салыстырғанда жоғары деңгейде тұруы – соның айғағы.
Шетел инвестициялары біздің экономикаға келтіру және бағыттау бағдарламалары салық заңдылығымен айтылып жатқанын айту керек. Жалпы қарап отырсақ, салық кодексінің әлемдік стандартқа сай болуы – шетелдік инвестицияның біздің елге келуіне көп әсер беруі.
Біздің салық жүйеміздің жоғары деңгейде көріне білгені елімізге көп пайда келтіреді.
курстық жұмыс / 38 бет
Тағы рефераттар
- ХХ ғасыр мәдениеті дамуының негізгі тенденциялары
- Туризм дамуына әсер етуші факторлар
- Кәсiби бағытталғандықтың мәні
- Арал теңізінің проблемалары
- КАСПИЙ БАНКІ АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА курстық жұмыс