МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР……3
КІРІСПЕ…….4
1. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР………6
1.1 Дүниежүзілік валюталық жүйе эвалюциясы………..6
1.2 Валюта-несиелік қатынастың маңызы, қажеттігі және әдістері…….9
1.3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану жолдары……15
2. ҚР ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҒЫ МЕН ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕҢГЕ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІ…..20
2.1 Валюталық нарық және валюталық бағам олардың экономикаға әсері……20
2.2 Қазақстан Республикасының валюталық саясаты…….26
2.3 Комерциялық банктердің валюталық операциялары…..29
3. ҚР ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ………33
ҚОРЫТЫНДЫ……35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……….37
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР
- АҚШ – Америка Құрама Штаттары
- ГФР – Германия Федеративтік Республикасы
- ГЭП – Сыйақы ставкаларының өзгерісі
- ДСҰ – Дүниежүзілік сауда ұйымы
- Евро – 1999 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап енгізілген европалық валюта
- ЕО – Европалық Одақ
- ЕВЖ – Европалық Валюта Жүйесі
- ЖКЕ – Капиталдандыру Ережесі
- КСРО – Коммунисті Советтік Республикалар Одағы
- ҚР – Қазақстан Республикасы
- СДР – 1970 жылы айналымға енгізілген халықаралық валюта бірлігі
- СМЕ – Чикаго Сауда Биржасы
- ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
- ХВҚ – Халықаралық Валюталық Қор
- ШИК – Шетел Инвесторларының Кеңесі
- ШТИ – Шетелдік тікелей инвестициялар
- ЭКЮ – 1979 жылы енгізілген Европалық валюта бірлігі
- ҰБ – ҚР-ның Ұлттық Банкі
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Экономиканың толығымен нарықтық қатынастарға өтуі, қазіргі кезде жұмыс жасап отырған валюта нарығының механизмінің жаңаша қызмет етуін талап етеді.
Бүгінгі күні экономиканың басты элементi — валюталық нарық. Валюталық нарықтың қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Валюталық нарық — экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Валюталық нарықтар уақытылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануды, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрiнде пайда алуын, валюталық тәуекелдердi сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеудi, валюталық саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi және халықаралық төлем айналымына қызмет етедi.
Халықаралық есеп айырысудың өзiндiк ерекшелiгi барлық елдер үшiн жалпыға бiрдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетiлген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажеттi шарты сатып алу-сату формасында бiр валютаны екiншi бiрiне айырбастау болып табылады.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді.
Қазақстан Республикасының валюта нарығындағы шешімін күтіп тұрған келесі бір мәселе — бұл валюта нарығына байланысты арнайы заңдылықтар мен нормативтік актілердің, сондай-ақ ережелердің, нұcқаулардың, жеткіліксіздігі және әрекет етіп отырған ережелер мен нұсқаулардың ескіруінен олардың дер кезінде жаңартылмауы.
Қазіргі валюта нарығының механизмінің осы уақытқа дейін қолданып келген валюта нарығының механизмінен мүлде айрықша деп айту қиын. Дегенмен де, қазіргі валюта нарығының механизімінің қызмет етуінің өзіндік ерекшеліктері болуға тиіс.
Қазіргі валюта нарығы және оның қызмет етуін жетілдіру барысындағы орын алатын шешімін таппай отырған сұрақтардың бүгінгі күнге дейін, отандық ғылыми жұмыстарда жеке зерттелмей келуі, бұл диплом жұмысының тақырыбын таңдап алуыма себеп болды.
Зерттеу объектісі:Қазақстан Республикасының валюталық нарығы және валюталық операциялары
Жұмысымның мақсаты нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін валюта нарығының мазмұны мен құрлымдық элементтеріндегі өзгерістерді сипаттай отырып, Қазақстан Респуликасындағы ваюта нарығының тәжірибелері мен даму ағымына талдау жасау, сондай-ақ қазіргі валюталық жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.
Мақсатқа жетуде келесідей міндеттерді шешуді қажет етеді :
- Қазіргі валюта нарығының тұжұрымдамасын ұсыну;
- Қазіргі валюта нарығының құрлымдық элементтерін және өзіндік ерекшелігін зерттеу;
- Валюта нарығына теориялық тұрғыдан баға беру;
- Әлемдік тәжірибедегі валюталық нарықтың ерекшеліктерін оқып-үйреніп , олардың тиімді жақтарын ұсыну;
- Қазақстан Республикасындағы валюталық нарық тәжірибелеріне және даму ағымына талдау жасау;
- Валюталық жүйені талдау;
- Қазіргі валюта жүйесінің жетілдіру жолдарын анықтау және оларды тиімді бағалау.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізінде қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің валюталық нарықта орын алатын мәселелер туралы және валюталық қатынастар экономиканың дамуындағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылады.
Статистикалық жәнне ақпараттар базасы ретінде Қазақстан Респуликасы Ұлттық банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, Қазақстан Респуликасындағы валюталық нарық туралы жылдық есеп деректері және валюталық нарыққа байланысты түрлі жобалар, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ валюталық нарықтың дамуы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды.
Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері зерттеу объектісі мен зерттеу заты берілген.
Бірінші бөлімде, валюталық жүйе түсінігі және валюталық жүйенің тарихи тұрғыдан дамуы, валюталық қатынас, оның экономикаға әсері туралы айтылады.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасының валюталық саясаты, валюталық нарықтар түрлері қарастырылған. Сонымен қатар онда валюталық тәуекелдер және оларды реттеу әдістері жазылған
Үшінші бөлімде,– Қазақстан Республикасындағы валюталық нарық қызметтін ұйымдастыру және реттеу механизмі, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамалары, валюталық реттеу, валюталық бағам режимін реттеу туралы айтылады.
Ал қорытынды бөлімде валюталық нарықтың жаңа перспективалары мен даму жолдарын көрсетемін.Сонымен бірге зерттеулердің нәтижелері мен валюта нарығы тұрғысында туындайтын ұсыныстар айтылады.
курстық жұмыс / 37 бет
Тағы рефераттар
- Ата –ананың бала алдындағы міндеттері
- Адам қоғамындағы көне, орта және соңғы тас дәуір мәдениеті
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ақпарат
- Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері
- Клиент сервер технологиясы