Жоспар:

Кіріспе…2

1. Банктің пайда болуы және оның түрлері…..4
2. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және дамуы…5
2.1. 1930-1932 жж. несие реформасы…..6
2.2. 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы..7
2.3. Екі деңгейлі банк жүйесін құру………9

3. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі
3.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі: Міндеттеріжәнеқызметтері …..11
3.2. Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі, операцияларықұрылымы мен басқару органдары….16

4. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер
4.1.Коммерциялық Банктер және олардың түрлері…21
4.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы….24

Қорытынды……..28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…..29

Кіріспе

“Банк” деген ұғым Италиян сөзі “bank”– орындық, “айырбас орындығы – айырбас орны” деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда болған. ХІІ ғасырда Италияда алғашқы вексель пайда болды.

Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіптестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, олардың іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.

Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі VІІІ-V ғғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египтте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал феодализмге өту кезінде тауар-ақша айналысы және несие қатынастарының ауқымы тарылып, тек XІІІ-XІVғғ. Сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқынды өрістей бастаған. Орта ғасырда банк ісінің орталығы Италия, Гремания, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.

XV ғ. Ең ірі танымал болған банк Флоренциядағы Медичи банкі болды. Флоренцияда орналасқан бас банк мекемесінің Еуропада 16 филиалы бар. Кейбір елдерде банктің біраз қызметтері заңмен шектеледі. Банк қызметінің қаншалықты қатаң регменттелуіне және лицензиялануына байланысты несие ісін ұйымдастырудың екі типін бөліп қарастырады Нәтижесінде тарихта сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болды.

Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587 ж. айырбас ісінің негізінде, яғни әртүрлі елдер мен қалалардың ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтауға қабылдау мен ақшасыз есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні – екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай негізде Амстердамда (1609 ж.) және Гамбургте (1618 ж.) ұйымдастырылды. Бұл банк ісінің анайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталдың қайталама айналымымен байланысы аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ.

Ал капиталистік банктер, керісінше ұдайы өндірістің, өнеркәсіп және сауда капидалдарының қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің маңызын арттырды. Жалдамалы еңбекке көшу халықтың табысының көп бөлігін ақша түрінде төлеуге мәжбүр етеді. Тұрақты ақша айналысы пайда болып, оны ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.

Сонымен қатар банктер “несие ісінің екінші жағы — өсім әкелетін капиталды да” басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзінде шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы алып, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады.

 Курстық жұмыс / 30 бет
Тағы рефераттар