Мазмұны:
І КІРІСПЕ……..3
1 БӨЛІМ. ЖАНАМА МСАЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қосылған құн салығының Қазақстан экономикасында алатын орны……4
1.2. Қосылған құн салығының салық салудағы шетел тәжірибесі……8
1.3. Шет елдер тәжірибесінде акцизді алуды жетілдіру жолдары……9
2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ
2.1. Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу……. 16
2.2. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерін анықтау……..18
2.3. Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі……19
3 БӨЛІМ. АКЦИЗДЕР
3.1. Акциздің салық салу обьектілері, ставкалары, төлеушілері…..22
3.2. Акциздің төлеу мен есептеу тәртібі …24
3.3.Акциздердің бюджет кірісіндегі орны ……….30
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ……….32
Пайдаланылған әдебиеттер……….33

І КІРІСПЕ

Өзіме берілген жанама салықтар тақырыбы негізінде толықтыратын болсам, кіріспеде былай делінген:

Жанама салықтар – бұл баға немесе тариыке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құн салығы және акциздер жатады. Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударым.

Акциздер дегеніміз – бұл тауардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салық болып табылады. Акциздер бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларған салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықшылықты ерекшеліктеріне қарай монопольді түрде жоғары бағаларымен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Осы салықты  бұрыннан бері көптеген мемлекеттер және бекітілген белгілі бір тауарлар түрлеріне салуарқылы қолданып келді.

Акциздер латын тілінен аударғанда «accidere» кесу деген сөзіне шыққан. Ол тұтынуға арналған тауарлардың бір бөлігін кесіп алу  деген ұғымды білдірген. Сондай-ақ жанама салықтарға сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдерді де жатқызуға болады. Және де кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден  кірістері мен, ішкі рынокта салынатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасын жатқызамыз.

курстық жұмыс / 33 бет


Тағы рефераттар