Мазмұны
Кіріспе……3
1 Тарау. Қаржы құралдар нарығы …..5
1.1 Қаржы құралдар оның мәні, жіктелуі және түрлері …. 5
1. . Қаржы құралдар шығару және олардың эмиттенттері …14
1.3 .Қаржы құралдар нарығы — қаржы нарығынын құрамдас бөлігі ….17
2 Тарау. Қаржы құралдар нарығының қызмет ету жағдайына талдау..19
2.1 Қазақстан Республикасында . Қаржы құралдар нарығының пайда болуы…..19
2.2 Қаржы құралдар нарығының қызмет етуі және оны реттетейтін жүйелері…. 21
2.3 Қ Р қаржы құралдары нарығының құқықтық негіздері….. 26
3 Тарау. ҚР қаржы құралдары нарғының жетілдіруі мен даму жолдары..31
3.1 Қ Р қаржы құралдары нарығының жетілдіру жолдары… 31
3.2 Қазақстандағы қаржы құралдары нарығының кәсіби мамандарын даярлау жүйесі…..34
Қорытынды……33
Пайдаланған әдебиеттер….
Кіріспе
Қаржы құралдары кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберілді, яғни оларды нарық жүйесіндегіең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрыламдық ерекшелігіне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұдай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-жылдардың басында құрыла бастады.
90-жылдардың экономикалық тәжрибесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы – бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншік акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері – халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының мемлекеті қаржы құралдары нарығын құру және оны одан әрі өрістеу мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең тиімді механизмдерінің бірі – акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен айналысады.
Курстық жұмыстын мақсаты Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайын білу.
Алға қойған мақсатқа жету үшін төмендегілерді қарастырамыз:
- Бағалы қағаздардың мәні мен түрлерін аңықтау, Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы.
- Қазіргі кездегі бағалы қағаздар нарығы және қор нарығындағы банктің іс-әрекеті.
- Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының болашағы мен проблемаларын зерттеу.
Курстық жұмыс / 37 бет
Тағы рефераттар
- Ежелгі Грек музыка
- Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері
- Ноғай Ордасы
- Тәуке ханның тәуелсіз саясаты
- АҚШ-ң физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық жағдайы