Ж О С П А Р
К і р і с п е ……..3-4
I тарау. Ұлттық банк, оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтері….5-10
1.1 Ұлттық банктің міндеттері, мақсаттары мен құқықтары……..5-6
1.2 Ұлттық банктің атқаратын қызметтерінің бағыттары…….7-10
II тарау. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары…11-21
2.1 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк — «Банктердің банкі»……..16-17
2.2 Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау функциялары……18-20
2.3 Қазақстан Ұлттық банкінің мемлекеттік өкімет органдарымен өзара іс ― қимылы…..20-21
III тарау. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің операциялары мен негізгі бағыттары……22-28
3.1 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің операциялары және агенттікпен бөлісуі….22-26
3.2 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің 2004-2006 жылдардағы негізгі бағыттары…….26-28
Қорытынды……..29
Қолданылған әдебиеттер……30
Кіріспе
Мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізгі рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып табылады. Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігін несие мекемелері құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады.
Менің бұл тақырыпты таңдау себебім — Ұлттық Банк – еліміздің эмиссиялық және резервтік орталық ретінде ақша – несие және валюта саясатын анықтайтын және маңызды жүйелерді реттеуші болғандықтан, оны тереңірек түсініп, танып білгім келеді.
Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді.
Ұлттық Банктің тарихына тоқталатын болсам, Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық Банкі деп аталды. Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары деңгейдегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Ұлттық Банкінің маңызды қызметі — банктердің, жинақ және тағы басқа несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтауы тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.
Ұлттық Банк ― коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық ― несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Ол ― жалпы банктік жүйені қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық несиелерді және РЕПО операциялары арқылы несие береді.
Мен курстық жұмысымның барысында, жалпы Ұлттық Банктің ұғымына, мәніне, мақсатына, оның операциялары мен қызметтеріне , құрылымы мен басқару органдарына тоқталып өтемін.
Курстық жұмысты көрсетілген талаптарға сай орындау үшін еліміздегі Ұлттық Банк мәселелерін талдау бойынша, жарық көрген бірнеше әдебиеттерді, газеттерді қолдандым.
курстық жұмыс / 30 бет
Тағы рефераттар
- Азаматтардың әрекет қабілеттілік ұғымы
- Хрущев ұсынысы
- Басқару социологиясы
- Ипотекалық несие туралы түсінік және оның мәні
- Бақшадағы балалардың күн режімі және оны жасаудың қажеттілігі