1787 жылы 17 қазан күні Конвент Конституция жобасы туралы қазақша реферат
Бірінші он түзету.
І.Конгресс белгілі бір дінді орнатуға немесе оған кедергі келтіруге арналған немесе сөз еркіндігін, баспа еркіндігін шеттететін заң шығарылмайды. Енді халық бейбіт түрде жиналып өкіметке өтінішпен бара алады.
ІІ.Егер мемлекеттің қауіпсіздігі үшін милиция керек болса, онда халықтың қару табуы шектелмейді.
ІІІ. Бейбіт кезде ешбір жауынгер кез келген үйдың иесінің келісімінсіз ол үйге кіре алмайды. Ал соғыс кезінде заңда бекітілген жолмен ғана кіре алады.
ІV.Халықтың жеке меншігін, үйін, құжатын мүлкін себепсіз тексеруден, тұтқынға алудан қорғануға құқығы бар. Тексеру, тұтқынға алу ордері тек себептер және антпен дәлелденген болуы керек. Және онда тексеруге жататын жер немесе тұтқынға алынатын адам нақты көрсетілуі керек.
V.Ешкім үлкен жюриден шығатын адамды қылмыс істегені үшін жауапқа тарта алмайды, егер ол құрғақ және теңіз күштерінде, милицияда немесе соғыс кезінде болмаса. Ешкім жасаған қылмысы үшін екі рет жауапқа тартылмайды. Қылмысы болмаған жағдайда ешкім зорлап мойындатқыза алмайды.
VІ. Әрбір қылмыстық тергеуге айыпкер жедел сот сұрауға болады. Айыпкер қылмыс жасаған жерде сол қылмысты көрген куәгермен бетпе-бет кездесуге құқығы бар. Айыпкер адвокатпен қамтамасыз етілуі керек.
VІІ. Егер жасаған қылмыс жиырма доллардан асса, онда ол істі сот қарауға тиіс. Бір қылмыс екі рет АҚШ сотымен қаралмайды.
VШ. Үлкен мерзімді жаза қолданылмайды және ауыр жаза да қолданылмауы керек.
IX. Конституцияда айтылатын заңдар басқа заңдарды кемітіп немесе жоққа шығаратындай болып жазылмауы керек.
X. АҚШ-пеп берілген өкілдік халық пен штаттардың қолында қалады.
Сонымен, 1787 жылы 17 қазан күні Конвент Конституция жобасын мақұлдады және осы Конституция 1789 жылдың төртінші айында заңды күшіне ие болды. Конституцияның мазмұнына құл иеленушілердің және ірі буржуазияның келісімге келгені анық көрінеді. Сол кездегі тарихи жағдайларда ол прогрессивтік мағынаға ие болып отырды. Өйткені ол Америка республикасының билік органдарының жүйесін заң жүзінде жазалап отырды. Және бұл буржуазиялық мемлекеттердің ішінде халықтың егемендігі туралы жазылған ең бірінші конституция болды.
Ең жоғарғы жалпы феодалдық заң билігі Конгреске беріледі. Конгресс екі палатадан тұрады. Олар жоғарғы және төменгі. Жоғарғысы сенат деп аталады. Ал төменгісі өкілдер палатасы болып аталады. Екі палаталық құрылыс мемлекеттің федеративтік құрылыс екенін көрсетеді. Өкілдер палатасы екі жыл мерзімге сайланады. Ол сайлауға тек 25 жасқа толған азаматтар ғана қатыса алады. Ал сенат өкілдері штаттардың заң жиылысымен және әр штаттан екі өкілден жіберіледі.
Конституцияға 1913 жылы қабылдаған түзету сенаторларды штаттардың халқымен тікелей сайлануында сайланатындығы туралы айтылады. Сенаторлыққа отыз жастан бастап сайлануға болады. Және сайлану уақыты алты жылга созылады, бірақ екі жылдан соң сенаторлардың бірден үш бөлігі қайта сайлануы керек. Сенаттың төрағасы болып Вице-президент сайланады. Конституция Сенатқа ең жоғарғы федералдық лауазымды адамдарды, сонымен қатар президентті бақылау құқығын береді. Егер сенаторлардың үштен бір бөлігі айыпты деп мақұлданса, онда айыпкер жұмысынан қуылады. Бұл жерде Сенат «импичмент» ретінде жұмыс істейді.
Тек Сенаттың келісімімен Президент халықаралық келісімдерді жасайды, еншілерді, жоғарғы сот өкілдерін тағайындайды. Осыған қарағанда сенаттың құқықтары өкілдер палатасына қарағанда басым болады. Конгресс өкілдері жалақы алады. Конгрестің күші конфедерация баптарымен берілген күшпен салыстырғанда күрделі келеді.
Тағы рефераттар
- Бұйрықты немесе өкімді орындау
- Ағарту мен классика ғасырындағы мәдениет (XVIII-XIX ғ.ғ.)
- ТҰЛҒАНЫҢ ЕҢБЕК ӘРЕКЕТІНЕ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі
- Қайта дәуірлеу философиясы