1917-1940 жылдардағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы туралы қазақша реферат
Қайта құрудың баспалдақтары:
1. халық шаруашылығын индустриализациялау
2. ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
3. еңбекшілердің тұрмыс жағдайы мен мәдениетін көтеру.
Индустриаландыру кезеңіндегі Қазақстан өнеркәсібінің дамуын маңызды 2 кезеңге бөлуге болады:
1. 1926-1932 жылдар аралығындағы дамуы социализмнің ірге тасын қалау кезеңімен тұспа-тұс келеді. 1926-1928 жылдары халық шаруашылығын қалпына келтіру ісі созылып кеткендіктен индустриаландырудың алғашқы қадамдары ғана жасалынды
2. 1933-1941 жылдар аралығы жаппай жаңа өндірістерді игеру, жаңа техниканы пайдаланумен ерекшеленеді. Ірі өндірістер бірінші бесжылдықтарда негізі қаланып, республиканың индустриаландыруға бет алған келбетін көрсетсе, енді жұмыс жасап тұрған ірі өнеркәсіп кешеніне айнала бастады.
Қазақстандағы индустриаландырудың өзіндік ерекшелігі болды: шексіз көп табиғат байлығы мен іс жүзінде мүлде жоқ өнеркәсіп ошақтары, транспорт желісі мен байланыс, электр энергиясының жоқтығын, бұқаралық сауатсыздық, кадрдың жетіспеушілігі тағы басқалары. Соған қарамастан Қазақстанның өнеркәсібі басқа одақтық республикаларға қарағанда тез қарқынмен дамыды. Индустриаландыру бүкіл бұрынғы Кеңес одағы бойынша бөлмей, бүтін түрде жүрген біртұтас процесс болды. Ол республикаларға, облыстарға, аудандарға бөлу деген болмады. Оны бастап, іске асыру бүкіл орталық мемлекет мүдделеріне бағындырылды. Қазақстандағы индустриаландыру және оның әр бір қосқан үлесі, дәрежесі әр түрлі болды. Бұл іске Қазақстанның қосқан үлесі өте зор еді. Себебі оның кең даласында орналасқан көмір шахталары, темір рудниктері, жез, қорғасын зауыттары бүтіндей және толық Одақтың орталық өнеркәсібі үшін жұмыс істеді. Қазақ жерінен қазып алынған алтын, күміс және тағы басқа асыл құнды металлдар негізінен одақты индустриаландыру мұқтаждығына жұмсалды. Қазақстанның жүні, терісі, еті, астығы т.б. ауыл шаруашылық өнімдері Одақтың орталық аудандарына тасылды.
Социалистік индустриализациялаудағы басты заңдылық-өндірістің жоғары қарқынды дамуы және жаңа өндірістік құрылымдардың пайда болуы еді. 1913 жылмен салыстырғанда негізгі өндірістік қорлар 1940 жылы 6,9 есеге өсті. КСРО-ның ірі өндірістері қайта құрылып, жаңартылып, жалпы өндірістің 90% құрады.
Орта Азиядағы индустриаландыру жеңіл және тамақ өнеркәсібінен басталса, Қазақстанда-ауыр өнеркәсіптен, ал Закавказье республикаларында (елде аса қуатты өндірістер құру кезінде) «Б» тобындағы өндіріс салаларын қарқындап дамыту негізінде жүзеге асты [13].Индустриалдық дамудың маңызды шарттарының бірі – Қазақстанның байлығын пайдалану болды. Осындай мол байлық көзінің бірі – Қазақстанның жер қойнауындағы алтын еді. Алтын өндіру мен оның жағдайын мынадай деректерден көруге болады. 1925 жылғы берілген мәліметке қарағанда: «Жетіқара мен Степняк (Ақмола өңіріндегі алтын кені) бірігіп, Қазақстанда алтын өнеркәсібі биылғы жылы соғысқа дейінгі өнімнің 75% кем берген жоқ. 1919-1921 жылдары өнім алу нөлге түскен болатын» [14].Ал «Майқайың алтын» кені Павлодардан 136 шақырым Баянауыл ауданында орналасқан. Табылған негізгі кен көзі-алтын, бірақ полиметаллда бар. Майқайыңның алтынының құны КСРО-ның алтынынан 3 есе арзан және 1 грамы 1 сом 50 тиыннан артық емес.
«Степняк» алтын өнеркәсібі комбинатына байланысты мынадай қаулы қабылданған: Геологиялық барлау жұмыстары мен дайындық жұмыстары дұрыс жолға қойылып, 1932 жылы өнеркәсіп құрамында металл қоры аз, жарты миллион тонна кен қорын иеленуі тиіс [15].Осы қолданған шараларға қарап, мемлекеттің кен орындарын барлауды дамытуға көңіл бөлгені көрінеді.
Қазақстанның жер қойнауында аса мол түсті және сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір және тағы басқа байлық жатқанымен, оны игеретін сол заманға сай құрал-жабдықтар, техника болмады және маманданған кадрлардың жоқтығы сезіліп тұрды. Бұл жағдай жалғыз Қазақстанда ғана емес, патшалы Ресейден мұрагерлікке алған артта қалған техникалы өнеркәсібі бар Ресей мен басқа республикаларда да білінді. Сондықтан осы қиындықтарды жеңу үшін және аса мол табиғи байлықты халық игілігіне жарату үшін материалдық, қаржылық ресурстар қажет болды. Бұл мәселе әсіресе бұрынғы патшалы Ресейдің боданы болған, шет аймақтардың бірі болып саналатын Қазақстан үшін де маңызы зор болды. Жоққа тән көлемдегі өндіріс пен оның пайдалылығы төмен кезеңде материалдық және рухани жағынан қамтамасыз ететін тиісті мүмкіндігі болмады. 1920 жылы республикалық халық шаруашылығын дамытуға бөлген қаржысының көлемі 1 миллион болса, 1922 жылы 2 миллион сомға көтерілді [16].
Қорыта келгенде 1936 жылы Қазақстан индустриалды аграрлы республикаға айналды. 1922 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірістері ауыл шаруашылығынан 7 салаға асып, көлемі 14 есеге көбейді, әсіресе халық шаруашылығында маңызды орын алатын көмір, мұнай, түсті металл, электроэнергия саласының өнімдері өсті. Халық шаруашылығы өндірісі ұлғайып, пайдалынатын темір жол желісі 2 есеге өсіп, қоғамдық өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар саны 4,5 есеге көбейді. Республикада еңбекшілердің мәдени-техникалық өмірінде үлкен өзгерістер мен алға жылжулар болды.
Тағы рефераттар
- Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының арнаулы мәселелері
- Өндіріс шығындарын есептеу курстық жұмыс
- Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
- Қос қызметті аффикстер