Соль- минрлық симфония ең танымал шығармалардың ішіне кіреді. Моцарттың симфонияларының ішіндегі ең эмоционалды, лирикалық- драмалық деуге болады.
Бірінші бөлімде кіріспе жоқ. Бірден негізгі партияның баяндауынан басталады. Бұл тема саздылығымен, лирикалық толығымен және толқынды мінезімен ерекшеленеді.
Байланыстырушы партия тақырыптық жағынан тәуелсіз, жігерлі белсендігімен ерекшеленеді және репризада кеңінен дамиды. Қосымша партия, байланыстырушы мен негізгіге қарағанда, байыптырақ, нақышты.
Қорытынды партия негізгі партиядан бөлініп алынған секундалық әуенде негізделген және қосымша партияның торнальностін бекітеді. Қорытынды партия негізгі мен қосымша партиялардың ерекшеліктерін жинақтап қорытады.
Өңдеуші бөлімнің басында тональдық өзгеріс болады, сол тональносьтта негізгі партияның дамуы басталады.
Бұндай тональдік тұрақсыздық, полифониялық әдістердің қолдануы музыкалық негіздің драмасы мен динамикасының дамуфна әкеледі. Өңдеуші бөлімде тек негізгі партияның темасы ғана қолданылған.
Тема біресе төменгі, біресе жоғарғы регистрда өтеді.
Репризаға өту, теманың алғашқы секундалық әуенін бөлу арқылы жүзеге асады. Репризаның экспозициядан айырмашылығы- байланыстырушы партияның кеңінен дамуы. Тағы бір айырмашылығы- қосымша партияның негізігі тональността өтуі. Минорлық дыбыстау, қосымша партияға мұңды реңк береді.
Екінші бөлім- Andante, бұл да сонаталық формада жазылған. Бірінші бөлімге қарама- қарсы: оның өрісі- ашық, айқын, байыпты лирика. Негізгі мен қосымша партиялар мінездерінде аз қарама- қарсылық бар.
Бұл бөлімнің барлық темалары отыз екіншілерге негізделген өзгеше фигуралармен біріктірілген.
Үшінші бөлім- менуэт,, өзімен тек биді ғана емес, сонымен қатар драмалық миниатюраны көрсетеді.
Тек қарама- қарсы мажорлық ортасы ғана билік элемент қосады.
Бұл орта, шеткі бөлімдердің драматизмін баса көрсетеді.
Финал конструкция жағынан бөлімге ұқсас. Бұндай финал симфонияның драматургиясын тұтас және аяқталған қылады.
Финал да сонаталық формада жазылған. Негізгі партия екі қарама- қарсы элементтен тұрады: біріншісі тек ішекті аспаптармен piano’ да , ал екіншісі оркестр tutti орындалады.
Бірінші бөлімде сияқты, экспозицияның қосымша партиясы параллель мажорда жазылып, көркемділікпен өзгешеленеді.
Бірінші бөлімде сияқты, бұл тема репризада негізгі тональността жазылған.
Тағы рефераттар
- Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
- Аспаптық материалдар
- Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану тарихы
- Ғалам эволюциясы идеясының қалыптасуы
- Көлік кешені