Ә.Бөкейханов – «Алашорда» автономиялық үкіметтiң қайраткерi туралы қазақша реферат
Алашорда Үкіметiнің өмiрге келуiне тiкелей себепшi болған жағдай Уақытша Үкіметтiң басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ең өзектi ұлт өмiрiне қатысты мәселелердi шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билiкке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыққа ұласуы едi. Қазақ облыстарында асғынған жер мәселесiн шешуге бағытталған әрекеттiң болмауы, атты казак әскерi, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергiлiктi халық үстiнен жүргiзген озбырлығының өрши түсуi соның айғағы болатын.
Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе Үкіметi) ұлт Кеңесiнің құрамына 15 адам сайланды: Уәлихан Тынышев (Бөкей ордасы), Халел Досмұхамедов (Орал облысы), Айдархан Тұрлыбаев (Ақмола облысы), Ахмет Бiрiмжанов (Торғай облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Садық Аманжолов (Жетiсу облысы), Мұстафа Шоқаев (Сырдария облысы). Облыстардан тыс Алашорда құрамына Әлихан Бөкейхан, Жақанша Досмұхамбетов, Әлiжан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бағыткерей Құлманов, Жағып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы …Әлжанов сайланды.өкiметтiң осы 15 мүшелерiне орынбасарлар болып қазақ өлкесiнің әр түрлi өңiрiнен тағы да 15 кiсiнің кандидатуралары бекiтiлдi.
Алашорданың (Алаштың ордасы-ҮкіметтiҢ) төраҚасы баламалы жағдайда сайланды. өкiмет төраҚасына Ұш қайраткердің — Әлихан Бөкейхановтың, Бағыткерей Құлмановтың және Айдархан Түрлыбаевтың – кандидатуралары ұсынылды. Жасырын дауыс нәтижесiнде Ә.Бөкейханов — 40 дауыс, А.Түрлыбаев – 20, Б.Құлманов 19 дауыс алды. Көп дауыс алған Әлихан Бөкейханов болып сайланды.
Алаш автономиясы аталған ұлттық мемлекеттiк тiк түрғызу үшін және тек қана советтiк негiздегi автономияларды Қана қорғап-қолдауға бейiм түрған бостандықтың жауы – большевизмнен күресу үшін Алашорда көсемдерi халықтық милиция атанған ұлттық әскер құру мен советтерге қарсы әртүрлi саяси күштермен одақтасу iсiне үлкен мән бердi. Сондықтан екiншi жалпы қазақ сьезi милиция жасақтарын құру мәселесiн жан-жақты талғылап, оның Алаш автономиясына кiретiн әрбiр облыс пен әрбiр уездегi санын анықтап, оларды соғыс өнерiне үйрету мен қажеттi қару-жарақпен және киiм-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындайды.
Әлихан Бөкейханов Москваға Орталық Совет Үкіметiнің басшысы В.Ленинмен және ұлт iстерi жөнiндегi халық комиссары И.Сталинмен кездесу Үшін өзiнің екi жағын серiгiн – Халел мен Жақанша Досмұхамбетовтарды жiбердi. Әлихан Бөкейхановтың тiкелей тапсырмасымен 1918 жылғы 2 сәуiр күнi Халел Ғаббасов пен Семейден төте сым (телеграф) арғылы Алашорда мен Совет өкiметiнің арақатынасы жөнiнде келiссөздер жүргiзiлдi. Осы келiссөздердің барысында Алашорда жетекшiлерi И.Сталиннің талап етуi бойынша Совет өкiметiн Россиядағы барлық автономиялы халықтардың кiндiк өкiметi деп тануға болды. Халел және Жақанша Досмұхамедовтердің Москвада Совет Үкіметi басшыларымен кездесулерi мен телеграф сымы арғылы Сталинмен жүргiзiлген келiссөздерден Орталық Совет Үкіметiнің ынтымақ пен ұлттық тұтастық негiзiндегi қазақ мемлекеттiгiн мойындамайтындығы; керiсiнше қазақ халғына таптық жiктеуге негiзделген советтiк тұрпаттағы автономия беруге даяр екендiгi анық байқалады.
1918 жылдың жазына қарай Алашорда бастаған күштер және большевиктер мен советтердің соңына ерген күштер күштер баррикаданың қарама-қарсы жақтарында қалып, өкiмет үшін ашық күреске шықты. Көп кешiкпей Қазақстан территориясының басым көпшiлiгi ақ гвардияшылар мен олардың одақтастарының қолында қалды. Тек қана Бөкей ордасы мен Түркістан АКССР-iнің құрамындағы кейбiр аудандарда қана советтiк құрылыс тоқтаусыз жүрiп жатты. Азамат соғысы жағдайында Алашорда мен Совет өкiметiнің бiр-бiрiне қарсы тұруы, жаңа сипат ала бастады.
Алашорда алғашында Омбыдағы Сiбiр Уақытша Үкіметi мен Самарадағы Комучка арқа сүйей отырып, өз мүмкiндiктерiне орай бүкіл қазақтық екiншi сьездің шешiмдерiне сәйкес Алаш автономиясын нығайтып, баянды ету жолында: жер-жерлерде құлатылқан совет өкiметiнің орнына Алаш автономиясының басқару органдарын құру: автономияның сан-салалы өмiрiн реттейтiн заңдық құжаттар мен нұсқаулар жариялау, халықтық милиция түрiндегi қарулы күштердi құруға кiрiсу, большевиктер басқарған саяси қарсыластарды қудалау сияқты және тағы басқа бағыттарда белгiлi шаралар жүйесiн жүзеге асырып отырады.
1918 жылғы маусым айында Алашорда заңдық күшi бар бiрнеше қаулы-карарлар қабылданды. Атап айтқанда, маусымның 24-iнде Алашорда Алаш автономиясы территориясындағы совет өкiметi шығарған барлық деректердің күшін жою туралы қаулы қабылдаса, сол күннің ертеңiнде облыстар мен уездерде Алашорда кеңестерiн құру жөнiндегi шешiм күшіне енгiзiлiп отырады. Маусымның 24-iнде қабылданған тағы бiр қаулыда Алашорданың жанында үш адамнан түратын әскери кеңес құрылғандығы жарияланып отырады. Осы әскери кеңеске қорғаныс министрлiгiнің мiндеттерi жүктелiп, облыстар мен уездерде әскери бөлiмдер ашу тапсырылады. Әскери кеңеске, — делiндi қаулыда, жiгiттердi большевиктермен күресу Үшін шағыру мiндеттерi жүктеледi..
Алашорда қабылдаған алғашғы заңдық мәнi бар маңызды құжаттардың бiрi – 1918 жылы маусымның 24-iнде Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев және Халел Ғаббасов қол қойған Алаш автономиясының территориясында уақытша жер апйдалану тәртiбi деген қаулы болды. Онда Бүкілресейлiк құрылтай жиналысы жер туралы заң қабылданғанша Қазақстанда жерге деген жеке меншiктiң жойылатындығы, жер мен су байлықтарын пайдалану Алашорданың рұқсатымен қана болатындығы, қазақтар мен орыстар арасындағы жер дауын жергiлiктi өзiн-өзi билейтiн земстволық органдар шештiндiгi айтылып, жер пайдалануға байланысты басқа мәселелердi шешудің тәртiбi көрсетiлген.
Алашорданың ұлттық-мемлекеттiк құрылыс саласындағы қызметiнің алғашғы қадамдарында «халықтық милиция» түрiндегi Алаш автономиясының қарулы күштерi және басқарушы өкiметтiң жергiлiктi органдарын құру мәселелерiне үлкен мән берiлiп отырады.
1918 жылы шiлденің 24-iнде Алашорданың төрағасы Әлихан Бөкейханов Жаңа Семейден Зайсан, Көкшетау, Павлодар, Қарқаралы, Петропавл, Ақмола, Атбасар тағы басқа уездерiндегi қазақ комитеттерi мен земство басшыларының атына жолдаған жеделхатында Бүкілқазақтық екiншi сьездің шешiмдерiне сәйкес Алашорданың өз қызметiне кiрiскендiгiн хабарлай келiп, бұл Үкіметтiң жергiлiктi органдарын, милиция жасақтарын деру құру қажеттiгiн баса көрсеткен болатын. Сонымен бiрге Әлиан Бөкейханов Алашорданың Сiбiрдің уақытша Үкіметiмен, Башқұрт автономиясымен одақтық қарым-қатынас орнатқандығын, Семей облысындағы халықтан жиналған салық есебiнен алғашғы алаш жасақтарының құрылып, олардың Сiбiр Үкіметiнің әскерлерiмен большевиктерге қарсы қарулы күрес жүргiзiп жатқандығы туралы жергiлiктi қазақ комитеттерiне хабарлап отырған болатын. Дәл сол күнi осы мазмұндағы жеделхат Орал облысындағы қазақ комитеттерi мен земство басқармаларына жолдап отырады.
Әлихан Бөкейханов жер-жерлердегi өз жасақтарына халықтық милицияны ұйымдастыру барысында Орал мен Орынбор казачестволары басшыларынан қару-жарақ пен әскери инстиктуралар бөлулерi жөнiнен көмек сұрау қажеттiгiн ескертiп отырған болатын.
Азамат соғысы жағдайында Алашорда жетекшiсi өздерiнің басты саяси қарсыластары большевиктерге қарсы нақтылы әрi пәрмендi күрес жүргiзудi де ұмыт қалдырмаған болатын.
1919 жылдың соңы мен 1920 жылдың басында Алашорда мен Совет өкiметi арасында жүргiзiлген келiссөздер нәтижесiнде дүниеге келген Қазревкомның 1920 жылғы наурыздың 5-iндегi қаулысына сәйкес Алашорда таратылды.
Советтiк негiздегi, пролетариат диктатурасы түрiндегi ұлттық мемлекеттiктi қабылдамаған, оған қарсы түра басқа да ұлттық қоғамдық-саяси қозғалыстар сияқты Алаш қозғалысы, оның 1917-1920 жылдардағы құрамдас бөлегi болған саяси партия ретiндегi Алаш, автономияның қазақ мемлекеттiгiнің Үкіметi – Алашорда, олардың халық таныған көсемдерi тарих сахынасынан, саяси күрес аренасынан осылай күштеп куылды
Тағы рефераттар
- Жер төсемінің бойлық бедері
- Компрессормен қабатқа қысымды төмендету
- АТФ Банктің іскерлік қатынастар этикасы
- Мүлік иесі қайтыс болғаннан кейін мұраға алу құқығын қалай рәсімдеуге болады?
- Қаржы жүйесі мен құрылымының ұғымы, сфералары мен буындары