МАЗМҰНЫ
Кіріспе ……3
Негізгі бөлім
1. Адам мен адамзаттың денсаулығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңымен қорғау обьектісі ретінде …….6
1.1Денсаулық ұғымы …….-
1.2Адам мен азаматтың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығы…..7
2. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаты……9
2.1Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы…..-
2.2 Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау…….11
3. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері……13
3.1Қасақана жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар……18
3.2Абайсызда жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар……24
3.3Денсаулыққа қарсы қылмыстардың өзге түрлері…..25
Қорытынды……39
Қолданылған әдебиеттер тізімі…..41

КІРІСПЕ 

 Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы  — оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі – жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек./2.5., 32 бет./ Қазірғы кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген, осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі жұмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам және Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтауға құқығы бар. Оларды қоршаған ортаны, тарихи және мәднеи мұраларды, адамгершілік нормаларын қорғау принциптеріне ерекше мән берілген. Осы көрсетілген принциптерді қатаң сақтау әркімнің қасиетті борышы. Кейбір жағдайларда  осы принциптер  бұзылып қылмыстық  заң қорғайтын  қоғамдық қатынастарға  белгілі  бір зиян келтіріледі.  Есірткі заттарды, жүйкеге әсер  ететін заттарды  заңсыз айналымға  айналдыру сияқты қылмыстар-дың етек  алуы алаңдатады.  Осыған орай халықтың  денсаулығына  қарсы  қылмыстармен күрес жүргізу үшін  Қылмыстық  кодекстің 10-тарауында  осы тұрғыдағы  қоғамға  қауіпті іс- әрекеттер  үшін арнайы  жауаптылық  белгіленген, яғни қылмыс  санаттары. Осыған тоқталсақ,

Осы Қылмыстық Кодексте көзделген  әрекеттер  сипатына  және  қоғамдық  қауіптілік  дәрежесіне  қарай онша ауыр  емес  қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді./ 1.2, 5 бет./

Тікелей обьектісіне байланысты бұл тарауда көрсетілген қылмыстар негізінен екі түрлі топқа  бөлінеді:

  1. халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар;
  2. адамгершілікке қарсы қылмыстар.

Осы  қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсірумен байланысты іс-әре-кеттер болып табылады. Осы қылмыстардың тікелей обьектісі – халықтың денсаулығы болып табылады.

Көрсетілген санатқа жататын қылмыстардың затына – есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін заттар және улы заттар және ҚР Қылмыстық Кодекстің 265-баптарында осы тұрғыдағы қылмыстардың жекелеген түрлері үшін жауаптылық көзделген.

« Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тіртіп бойынша жүргізіледі » делінген.Осыған орайазаматтардың денсаулығын нығайту, айналадағы қоршаған ортаны сақтау шараларын сақтау жүзеге асыру мақсатында, әсіресе өсіп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін мемелекеттік және жеке емдеу мекемелері заңға сәйкес арқылы түрде немесе тегін медициналық жәрдем көрсету-ді жүзеге асырып отыр.

Біздің осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де, осы тақырыптың маңыздылығына байланысты болды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның өзектілігі мен дәрежесіне байланысты туындайды.

Курстық жұмыстың мақсаты: жеке азаматтың  денсаулығына қарсы қылмыстардың маңыздылығын ашып көрсету және де оның қоғамдағы орны мен ерекшелігі туралы толық мәлімет беру.

Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға  қойған ең негізгі міндетіміз: адам  мен азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстардың ұғымы,  олардың  түрлері және топтау және де жекелеген түрлерінің қылмыстық-құқықтық сипатын  ашу. Адам мен азаматтардың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығын анықтау.

Курстық жұмыстың құрылымды мазмұны  мына  бөлімдерден  тұрады: кіріспе  бөлімі, екі  тарау,  жеті  параграф және қорытынды  бөлімі,  сондай-ақ  жұмыстың  соңында  қолданылған  әдебиеттер тізімі  қамтылған.

 Курстық жұмыс / 45 бет
Тағы рефераттар