Адам психикасының негізгі түрлері мен қасиеттері туралы қазақша реферат
Психика туралы матералистер мен идеялистер арасында ұзақ жолдар бойы бітпес айтыс жүріп келді.
Идеалистер – психика материядан бұрын – бірінші, яғни материяға қатыссыз дамиды деді. Көптеген идеалистер психикалық қасиеттер – қабілет, мінез – темперамент, жеке адамның адамгершілік сапасы – адамға дайын күйінде іштен туа беріледі деп есептейді. Яғни, құдайдың берген сыйы, ол адамның материалдық қасиетіне, ми қасиетіне тәуелсіз деп көрсетіледі. Сонымен бірге, олар адам психикасына орта мен тәрбие ықпалын жоққа шығарады.
Материалистік тұрғыда психиканы материадан кейінгі екінші құбылыс деп түсіндіріледі.
Біз тіршілік етіп отырған жер шары бұдан төрт жарым миллиард жыл бұрын шамасында пайда болды деп жорамалданды. Бұдан 2,5 — 3,0 миллиард жыл бұрын оның бетінде ешқандай психикалық құбылыс болмаған. Тек ұзақ дәуірлерге созылған эволюциялық даму нәтижесінде жер бетінде тіршілік пайда болды. Соның арқасында организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті оянды. Мұндай қасиет бертін келе тірі жәндіктерге тән күрделі құбылыс – психиканы тудырды.
Материалистік ілім – психика табиғаттан тыс ғажайып күш емес, жансыз зат емес, керісінше психика айрықша ұйымдасқан жоғары дәрежелі материя – мидың қасиеті деп үйретеді. Ал психика ми қызметінің нәрі, оның ерекше қасиеті. Мұны жануарларға адамдарға жасалған көптеген тәжірибелерден байқауға болады.
Психика дегеніміз – үнемі болып отыратын қозу мен тежелу сияқты физиологиялық процесстердің ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттармен құбылыстардың мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, адамның алуан – алуан ойлау әрекеттері арқылы қорытылады. Адам өзінің мақсат – мүдделеріне орай тітіркеніп икемделеді. Осы жайттар психика адамның өзін қоршаған сыртқы орта мен қарым — қатынасынан пайда болып отыратын күрделі бейнелеу процессі екенін көрсетеді. Адам психикасының пайда болуы, даму жетілуі – тарихи процесс. Ол адамның қоғамдағы еңбегі, дыбысты тілі сөйлеуінің даму ерекшелігімен тығыз байланысты. Бұлар психиканың айрықша мәнді физиологоиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды.
Адам психикасының пайда болуы, дамып жетілуі –тарихи процесс.Ол адамның қоғамдағы еңбегі, дыбысты тілі, сөйлеуінің даму ерекшелігімен тығыз байланысты. Бұлар психиканың айрықша мәнді физиологиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды.
Тағы рефераттар
- Асан Қайғы — дала данышпаны
- Валеология пәні
- Стратегиялық басқару есебі. Операциялық пайданы стратегиялық талдау
- Жасыбай батыр
- Униполярлы өрістік транзисторлар