Агрессия классификациясы туралы қазақша реферат

Психолог – ғалымдар агрессияны бірнеше түрге бөледі.  Агрессивті мінез-құлықтың кең тараған классификациясына А. Басстың ұсынған  классификациясы  жатады.  Ол  агрессивті  мінез-құлық  формасын сипаттайтын негізгі параметрлерді бөліп көрсеткен [6,64]:

1) Физикалық-вербалды;

2)  Белсенді-пассивті;

3)  Тікелей-жанама. 

Осы формалар А. Бассқа агрессивті мінез — құлықтың 8 түрін бөліп көрсетуіне мүмкіндік берді. Төменде бұл классификацияны схема түрде көрсеткен

Тағы  бір  классификацияны  С Фешбах ұсынған.  Ол  өз классифи-  кациясына  мотивацияланған  мінез-құлықпен  байланысты  ауыспалы енгізді. Осының негізінде агрессияның келесі типтерін анықтайды [6,64-65]|:

1)  Өшпенділік  агрессия-  басқа  субъектіге   жағымсыз психологиялық сезімдер қалдырады.

2)  Инструментальді агрессия- басқа субъектіге зиян келтіру емес, белгілі мəселені шешу жатады;

3)  Экспрессивті агрессия- өзін үстемдік көрсету арқылы көрсету.

Д.  Зильманн  классификациясы «стимул-реакция»  сызбасы  бойынша құрастырылады.  Осының  негізінде   агрессивті  мінез-құлықтың  сегіз  типін

Aнықтады [6,65]:

1) Төтеп беру агрессиясы;

2) Қорғаныс агрессиясы;

3) Жауап агрессиясы;

4) Қоздырмалы агрессия;

5) Қоздырмаушы агрессия;

6) Тітіркендіру шақыратын агрессия;

7) Оятушы агрессия;

8) Санкционерлі агрессия.

Э. Фромм агрессияның екі түрін бөліп қарастырады [19,34]:

-Зиянсыз агрессия: қауіп төнген кезде ғана пайда болып (қорғану мақсатында) артынан басылады;

— Зиянды агрессия: қатыгездік пен қауіпке толы болады.

Агрессияны классификациялау

Объектінің бағыты  бойынша бөлу

 

Гетероагрессия –  басқа

адамдарға  бағыттылық:

өлтіру, зорлау, соғу, т.б.

 

Аутоагрессия —  өзіне  бағытталған:психосоматикалық  ауру,  өзін жоятын қылық-əрекет, өзін өлтіру

Көріну  себебіне байланысты бөлу

 

Реактивті  агрессия – белгілі  бір  сыртқы тітіркендіргішке  жауап беру  реакциясы (конфликт, ұрыс, т.б.)

 

Аяқ  астынан –  белгілі  бір  себепсіз, əсіресе, импульс тəуелділігінде

Мақсаттың бағыттылығына

байланысты

бөліну

 

Саймандық  агрессия –

нəтижеге  жетуде қолданатын  құрал ретінде  жүзеге асырылады:спортшы,

стоматолог.

 

Мақсатты (мотивациялық) –  алдын ала  белгіленген  əрекет  ретінде қарастырылады.

 

Көрінудің

анықтылығына

байланысты бөлу

 

Тікелей  агрессия –

қозуға,  тітіркендіргішке

себеп  болатын  объектіге

тікелей  бағытталады:

дене күшін жұмсау, т.б.

Қосалқы –  тітіркендіргішті,  қозуды тудырмайтын,  бірақ  агрессия көрсетуге  қолайлы  объектіге бағытталады.

 

Көріну формасына

байланысты бөлу

 

Вербалды –  сөз формасынан көрінеді Экспрессивті – вербалды  емес

құралдармен айқындалады:

мимика, интонация.

 

Дене –  моральды

немесе  дене …

көрсету  үшін

тікелей  күш

жұмсау.

 

  • Агрессияның  пайда  болуы,  табиғаты,  көрінуіне  əсер  ететін  факторлары жайында  теориялық  негіздемелер  өте  көп.  Бірақ  олардың  барлығы төмендегідей 4 категорияға жіктеледі. Агрессия қатысты:

1.Тума тітіркендіргішке жəне  қабілетке:

2. сыртқы стимулдармен жүзеге асырылатын қажеттіліктерге:

3.  өзекті əлеуметтік жағдайларға;

4.  танымдық жəне эмоционалды процестерге.
Тағы рефераттар