Айналым қаражатының қажеттілігін бағалау туралы қазақша реферат

Айналым  капиталын  тиімді  пайдалану  көпшілігінде  олардың  қажеттілігін  дұрыс  бағалау   болып  табылады.  Себебі,  өндірістің  осы  көлемінде  жоспарланған  пайданы  ең  төменгі  мөлшердегі  шығынмен  табуға  үлкен  ықпалын  тигізеді.  Айналым  қаражатының   төмендетілген  мөлшері   кәсіпорынның  тұрақсыз  қаржы  жағдайына,  өндіріс  процесінің  іркілісіне  әкеліп  соғады.  Осының  салдарынан  өндірістің  көлемі  мен  пайдасы  төмендейді.  Осы  кезекте  айналым  қарадатының  көтеріңкі   мөлшері   кәсіпорынның   өндірісті   ұлғайту  үшін  күрделі қаржы  шығынын  жұмсау  мүмкіндігі   төмендейді.

Кәсіпорында  айналым  қаражатының  қажеттілігін   бағалау  кәсіпорынның  өндіріс  жоспары  және  өндіріс   шығынының  сметасымен  үйлестіру  керек.  Мұнда  қажетті  мөлшерде  өнімнің  нақтылы  түрлерін  және  оларды   белгілі   мерзімде   шығаруды  негіздеу   қажет.  Кәсіпорынның    жеке   айналым  қаражатының   қажеттілігін   есептеген  кезде   мыналарды  еске  алған  жөн:

—  Жеке  айналым  қаражаттары   өндірістік   бағдарламаны   орындауда  тек  негізгі   өндірістік   қажеттілікті  өтеу  ғана  емес,  сонымен   қатар,  кәсіпорынның   негізгі  қызметіне  жатпайтын  қосалқы   және  көмекші   өндірістер,  тұрғын  үй,  коммуналдық  және  тағы  басқа  шаруашылықтар   және  дербес  баланста   тұрмайтындар да өтелуі қажет.

—  Тауар   өткізу,  қоймадағы  дайын  өнімдердің  қорлануы  жөніндегі   мәселелерді   жеткілікті,  терең   пысықтауы  төмен  болуы  мүмкін.   Бірақ  та  кез  келген   жағдайда  алған  кезде  межеленген  сату   болжамы  болуы  керек.  Олай  болмаған   күнде  шығарылған  өнімдер  ұзақ   жатып  қалады  және  ақшалай   қаржыларының   едәуір  бөлігі  айналымнан  оқшауланады,  сөйтіп  кәсіпорынның  қаржы  жағдайының  орнықтылығы  әсер  етіп,  оның  банкротқа  ұшырауы  мүмкін [11, 102].

Айналым қаражатын қалыптастыру және пайдалану механизмі өндіріс барысына, сондай-ақ ағымдағы өндірістік және қаржы жоспарын орындауға жан-жақты ықпал етеді.

Айналым қаражаты өндіріс көлемін және өнімді сатуды кеңейтуді, жаңа өткізу нарықтарын, яғни кәсіпорын капиталы айналатын саланы басып алуды жоспарлы түрде және барынша ұтымды, сондай-ақ үнемді, басқаша айтқанда, айналым қаражатының ең аз мөлшерімен қамтамасыз етуі тиіс.

Айналым қаражатын тиімді пайдалануды жоспарлау және ұйымдастыру үшін жауапты менеджерлердің ең негізгі міндеті болып табылады.

Айналым қаражаты оның екі саласындағы ауыспалы айналымға: өндіріс саласы мен айналыс аясына қатысады. Сондықтан айналым қаражаты өндірістік айналым қоры мен айналыс аясындағы қорға бөлінеді.

Айналым қаражаты өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігінің құрамы мен көлемі өндіріс қажеттілігіне ғана емес, айналыс қажеттілігіне де орай анықталады.

Кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігі мына факторларға байланысты:

—  өндіріс пен сату мөлшеріне;

—  бизнестің түріне (кәсіпорын қызметінің сипатына);

—  қызмет (бизнес) ауқымына;

—  өндірістік кезеңнің ұзақтығына;

—  кәсіпорын капиталының кұрылымына;

—  кәсіпорынның есептік саясатына және есеп айырысу  жүйесіне;

—  кәсіпорынның шаруашылық қызметін кредиттеу шарттары мен практикасына;

—  материалдык-техникалық жабдықтау деңгейіне;

—  тұтынылатын шикізаттың түрі мен құрылымына;

—  өндірістің және кәсіпорын өнімінің сату мөлшерінің  өсу қаркынына;

—  менеджерлер мен бухгалтерлердің және т.б. шеберлігіне.

Кәсіпорынның  айналым  қаражатына  қажеттілігін  дәл  4 есептеуді айналым қаражатының жоғарыда атап өтілген факторларға байланысты өндіріс саласында және айналыс аясында болатын уақытын есептеуден бастау қажет:

—  айналым қаражатының өндірісте болатын уақыты;

—  өндірістің айналым қаражаты тікелей жұмыс істеу (немесе өңдеу) процесінде болатын уақыты;

—  өндіріс процесінде жұмыс күшінің шығынын қажет етпейтін үзіліс уақытын;

—  өндірістің айналым қаражаты запаста болатын уақытты қамтиды.

Айналым қаражаты айналыс аясында болатын уақыт айналым қаражатының сатылмаған өнім қалдығы, кәсіпорын кассасындағы, банкідегі және шаруашылық жүргізуші субъектілермен есеп айырысуда шоттардағы ақшалай қаражат түрінде болатын уақытты қамтиды [12, 258].

Айналым қаражаты айналымының жалпы уақыты (бір айналымның жылдамдығы немесе айналымның жылдамдығы) өндіріс саласында және айналыс аясында болатын уақыттан кұралады. Ол айналым қаражатын тиімді пайдалануға, кәсіпорын қаржысының жай-күйіне ыкпал ететін аса маңызды сипаттама болып табылады.

Айналым қаражаты айналымының жылдамдығы айналым қаражатын өндірісте пайдалану деңгейін сипаттайды. Айналым жылдамдығы неғүрлым жоғары болса, кәсіпорынға айналым қаражаты аз қажет болады. Бұған өнім сату процесін жеделдету арқылы да, сондай-ақ өндіріс

Айналым қаражаты нормативін есептеудің талдамалы, тура шот әдісі, коэффициенттік әдіс деген 3 әдіс қолданылады.

Талдамалы немесе нормалаудың тәжірибелік-статистикалық әдісі өндірісті жабдықтау мен өткізуді ұйымдастырудың қалыптасқан практикасында қолданылады. Осы әдіс қолданылғанда қолда бар тауарлық-материалдық кұндылықты талдаған кезде, оның нақты запасы нақтыланады және артық, қажет емес құндылық алынып тасталады.

Тура шот әдісінде кәсіпорын техника мен технологияның дамуындағы, өндірісті ұйымдастырудағы, тауарлық-материалдық құндылықты тасымалдау мен есеп айырысу саласындағы барлық өзгерісті қолдана отырып ұйымдастыру-техникалық деңгейге қол жеткізген жағдайда, айналым қаражатының әрбір элементінің запасының ғылыми негізделген есебі қарастырылады.

Коэффициенттік әдісте өткен кезеңнің жиынтық нормативіне өндіріс көлемінің жоспарлы өзгеруіне және қаражаттың айналымдылығын жеделдетуге түзету енгізіледі. Егер норматив кезең-кезеңмен тура шот арқылы нақтыланатын болса, онда айналым қаражатының жекелеген элементтері бойынша сараланған коэффициент қолдануға жол беріледі.

Тура шот әдісі айналым қаражатының әрбір элементін жеке нормалайтын негізгі әдіс болып табылады. Нормалаудың баска әдістері өнеркәсіпте қосалқы әдіс ретінде пайдаланылады.  Меншікті  айналым  қаражатының  жалпы  нормативі өндіріс және өнім сату жоспарын орындау үшін шикізаттың, материалдың, отынның, арзан бағалы және тозғыш заттардын, аяқталмаған  өндірістің,  даяр  бұйымның  (тауардың)  және алдағы кезеңнің шығысына қажетті запастар құру, сондай-ақ   межеленген мерзімде есеп айырысу мақсатында оның ең аз  қажеттілік мөлшерінде белгіленеді.

Айналым қаражатын нормалау деген:

—  тауарлық-материалдық кұндылықтың жекелеген түрі бойынша   барлык   айналым   қаражаты   запасының, әдетте,  күнмен  есептелген  нормасын  әзірлеу және   белгілеу;

—  жалпы меншікті айналым қаражатының және оның әрбір элементінің ақшаға шағылған нормативін әзірлеу. Айналым қаражаты запасының нормасы бірқатар жыл бойы жылдық нормативті есептеу үшін қолданылады. Ол өндіріс, жабдықтау және өткізу жағдайы айтарлықтай өзгерген жағдайда, жылдық қаржылық жоспар жасағанда материалдық кұндылықттың жекелеген түрі бойынша нақтыланады.

Әрбір кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының нормативі мына негізгі көрсеткішпен анықталады [13, 86]:

—  өндіріс және өнім сату көлемімен;

—  өндіріске, өнім сақтауға және сатуға жұмсалған шығынмен;

—  тауарлық-материалдық құндылықтың жекелеген түрі бойынша  айналым  қаражаты  запасының  (айналым қаражатының нормасымен) және күнде белгіленген шығынның нормасымен.

Айналым каражатының жекелеген элементінің нормативін есептейтін жалпы формула (9):

 

      Нормативэл. сос =  * Нэл

(9)

Мұнда:

Нормативэл.сос — элемент бойынша меншікті айналым қаражатының нормативі;

Н — осы элемент бойынша айналым каражатының нормасы;

О — осы элемент бойынша кезеңдегі айналым (шығын, шығарылым);

Тд — кезеңнің күнмен есептелген ұзақтығы

Өндірістің тиісті бабы бойынша тоқсан ішіндегі шығынының сомасын 90-ға бөлсе өндірістік запастың жекелеген элементінің біркүндік шығыны шығады.

Айналым құрал-жабдығының шикізат, негізгі материал мен сатып алынатын жартылай фабрикат (бұдан әрі — материал); аяқталмаған өндіріс, даяр өнім сиякты үш ең маңызды элементін нормалаудың негізгі кағидаларын қарастырайық.

Материалды нормалау. Материалдық ресурстар шығынын нормалау дегеніміз-жоспарланған өндірісті жетілдіру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын іске асыруды ескере отырып, өнім өндіруге немесе жұмыстың орындалуына қажет барынша мүмкін болатын шикізат немесе материалдардың ең аз көлемін белгілеу. Материалға арналған меншікті айналым қаражатының нормативі біркүндік шығын кұнының және айналым қаражатының күнмен есептелетін нормасының көбейтіндісі ретінде анықталады. Айналым қаражатының күнмен есептелетін нормасына:

а) материал шот төлеуден бастап келгенге дейін жолда болуы;

ә) қабылдау, түсіру, сұрыптау, қоймаға орналастыру және зертханада талдау;

б) өндіріске дайындау (мысалы, табиғи кептіру және т.б.);

в) ағымдағы койма запасы түрінде болуы;

г) кепілді  (сақтандыру)  запас түрінде болатын уакыт кіреді

Уақыт осы кәсіпорынның нақты жағдайы ескеріліп салалық нұсқаулықтарға сәйкес есептеледі.

Аяқталмаған өндірісті нормалау. Аяқталмаған өндірістің меншікті айналым қаражатының нормативін есептеу үшін тауарлык өнім өндірісінің айналым қаражатының нормасын анықтау қажет. Айналым қаражатының нормасы өндірістік кезеңнің ұзақтығы мен шығынның үдеу коэффициенті негізге алынып анықталады [15, 332].

Өндірістік цикл келесі кезеңдерді қамтиды:

а) тікелей өңдеу процесі (технологиялык запас);

ә) өңделетін бұйым жұмыс орнында жатуы (көлік за-пасы);

б) жабдықтың   және   т.б.   жүмыс   серпінінің   әр   түрлі болуына байланысты өңделетін бұйымның жекелеген операция мен жекелеген цехтың арасында (айналым запасы) болу;

в) бұйымның жаппай өндірісте кідіріс жағдайына запас (сақтандыру запасы) түрінде болу уакыты кіреді.

Аяқталмаған өндіріс бойынша айналым қаражатының нормасын анықтау үшін өндірістік кезеңнің ұзақтығы жөніндегі деректен басқа бұйымның даярлық дәрежесін білу қажет. Оны шығынды үдеу коэффициенті білдіреді. Өңдеу шығыны біркелкі жұмсалатын кэсіпорында шығынның үдеу коэффициенті мына формула бойынша анықталады (10):

   Кн=

(10)

 

Мұнда:

Кн –шығынның үдеу коэффициенті;

α-өндіріс процесі басталған кездегі бір уақыттағы шығын;

β-бұйым шығару аяқталғанға дейн шегілетін шығын.

 

Аяқталмаған  өндірістің  аиналым  каражатының  нормативі тауарлық өнім шығару жұмсалатын шығын сметасы бойынша біркүндік шығын құнының және айналым қаражаты нормасының көбейтіндісі ретінде анықталады.

Сонда, аяқталмаған өндірістің айналым қаражаты төмендегі жалпы формуламен есептеледі (11):

 

Ннп=

(11)

Мұнда:

С — жалпы өнім өндірісіне жұмсалатын шығын;

T-кезеңнің (тоқсанның, жарты жылдың және т.б.) ұзақтығы;

tц — өндірістік кезеңнің орташа ұзақтығы;

Кн — аяқталмаған өндіріске жұмсалатын шығынның үдеу коэффициенті

 

Өнеркәсіптің жекелеген саласында аяқталмаған өндірістің айналым шығыны нормативі өндіріс ерекшелігіне орай басқа әдіспен есептелуі мүмкін [16, 24].

Даяр өнім нормативі. Даяр өнімнің айналым каражатының нормасы тауарлық өнімнің өндірістік өзіндік құны бойынша бір күндік айналымының және айналым қаражаты нормасының көбейтіндісі ретінде анықталады. Айналым қаражатының нормасы бұйымнын жекелеген түрі мен маркісін таңдауға, сондай-ақ тиелген өнімнің топтамасын жинақтауға, бұйымды орап салуға және жеткізуші кәсіпорынның қоймасынан жіберілетін станцияға тасымалдауға қажетті уақытқа және бұйым тиелетін уақытқа орай белгіленеді.

Бұл  бөлімшені қорытындылап айтқанда, кәсіпорынның нәтижелі жұмысы-бұл ең аз мөлшерде шығын жұмсай отырып барынша жоғары нәтижеге қол жеткізу. Ал шығындарды азайту-бұл, ең алдымен, кәсіпорынның айналым капиталын қалыптастыру көздерінің құрылымын оңтайлы ету, яғни меншікті және несиелік ресурстарды ұтымды үйлестіріп пайдалану.
Тағы рефераттар