“Ақ жол” газеті туралы қазақша реферат
1923 жылы “Ақ жол ” газеті туралы Б.Майлин: “Осы декабрь жұлдызының 7 күні Ташкентте шығатын Түркістан өкіметінің тілі “Ақ жол ” жарыққа шығуына 3 жыл толды. Сол күннің құрметі- не“Ақ жол ”Қазақстанда көп тараған газет екенін айта келіп:“Ол жеткізіп тұрды ”,-деп атап көрді.
Шындығында 1920 жылдың 18 сәуірінен шілденің 27-сіне дейін Ташкент қаласында қазақ тілінде “Жаңа өріс ” газеті шығып тұрған болатын. Ал “Ақ жол ” болса, сол басылымның заңды жалғасы болатын. Алдымен “Жаңа өріс ” газеті жайлы бір-екі ауыз мәлемет бере кетейік. “Ол қырғыз-қазақша, жетісіне екі рет шығатын, сыпайы тілдегі саяси әрі шаруашылық газет ”,- деп аталды. Басылым материялдары халықты негізінен еңбекке, игі тіршілікке шақырды. Оның бар жо ғы 14 нөмірі жарық көрді. Ал, сол жылдың 7 желтоқсаннан бастап оның орнына “Ақ жол ” газеті, “Қырғыз” газеті деген атпен шыға бастады. Орташа таралу тиражы 1800. Алғашқы редакторы С.Қожанов. Басылымның ішкі хабарлар, сыртқы хабарлар, сауатсыздықты жою жайынан, әйел теңдігі, ресми бөлім, бұйрық-жарлықтар, жастар арасында, жарнама, партия тіршілігі, партия талаптары, шаруашылық жайынан деген бөлімдері болды.
“Ақ жол ” газетінің тағы да бір ерекшелігі көңіл бөліп, жан-жақты проблема көтерген мәселелері шаруалар жағдайы. Мысалы: газеттің 1921 жылғы 52-нөмірінде “Жерсіз һәм аз жерлі дихандар ұйымының жобасы” жарияланды. Онда ұйым мүшелерінің ақща жөніндегі міндеттері, істері көрсетілді, яғни, әр айға кіріс салығы 50 сом, айлық салығы да 50 сом. Одан әрі ұйымның құрылыс реті көрсетіледі де, дихандар ұйымының әр ауылда ашылу керектігін айтады.
“Ақ жолда” жиі жазылып, халықтан тиісті бағасын алған тақырыптардың бірі әдебиет, мәдениет және білім мәселесі болды.
1924 жылдың соңында Түркістан Совет республикасы таратылып қайта құрылды. Осыған байланысты бұрын оның қарамағында болып келген Жетісу мен Сырдария облыстары Қазақ АССР-іне қосылды. Осыдан кейін “Ақ жол ” газеті 1925-1927 жылдары Қазақстанның Сырдария облыстық партия, кеңес мекемелерінің органы болып Шымкентте шығып тұрды.
Тағы рефераттар
- Коммерциялық банктердің құқықтық негіздері және олардың құрылу тәртібі
- Қонақ үй индустриясы және сервисі
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастардың даму жағдайы дипломдық жұмыс
- Күлтегін жыры және қазақ эпосы
- Қаржы лизинг түсінігі, түрлері, функциялары курстық жұмыс