АҚШ менеджментіндегі стратегиялық ерекшелігі туралы қазақша реферат
Тәжірибелік қолдану жағынан АҚШ тәжірибесі қызығырақ болып табылады, мұнда соңғы елу жыл ағымында НББ тұжырымдамасының әртүрлі модификациялары қолданылды және олар бұл саланың айтарлықтай басшылары болып есептеледі. НББ-ді енгізу реформасының әр кезеңінде, Гувер комиссиясының өткен жүзжылдықтың 40-шы жылдар соңындағы АҚШ үкіметінің жұмысын қайта ұйымдастыру аумағындағы жаңалықтарынан бастап, АҚШ-тың «Мемлекеттік мекемелер қызметтерінің нәтижелерін бағалау туралы» (1993 ж.) және «Теңестірілген бюджет туралы» (1997 ж.) заңдары сияқты кейінгі ұсынымдарына дейін, мемлекеттік қаржыларды шығындауды нәтижелермен байланыстыратын ерекше тәртіптер бекітілген.
АҚШ-тағы бағдарламалық-мақсатты бюджеттеуді қолданудың тәжірибесі мен тұжырымдамасы дамуының келесідей кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:
1) Бағдарламалық-мақсаттық бюджет (Performance Budget – PB, 1949-1962
Бұл жүйе негізгі акцентті мемлекеттік ресурстарды шығындаудан нәтижеге жетуге бағытталған мемлекеттік функциялардың орындалуына, қызметтердің іске асырылуына ауыстыруды көздеген. Федералдық бюджет мемлекеттік саясаттың мақсаттарын шығындармен байланыстыратын саяси құжат ретінде болған. Ол сонымен қатар тек шығындар бөлігіндегі шығыстар құрылымын (еңбек ақы, тауарлар сатып алу, үй-ғимараттарын жалға алу және т.б.) ғана емес бағдарламаны жүзеге асырудан немесе нақтылы мемлекеттік функцияны атқарудан күтілетін нәтижені сипаттады. Бірақ «Performance Budget»-тің күмәнсіз табысына қарамастан бюджеттік бағдарламаларды шығыстармен баламалы түрде байланыстыру мүмкіндігі болмады. Бұған себеп болғанның бірі басқару және басқа да жанама шығыстардың бюджеттік сыныптамада бейнеленуі мен бағдарламаларды басқаруды ұйымдастырудың бірыңғай принциптерінің жасалмауы болды.
2) «жоспарлау – бағдарламалау – бюджеттеу» жүйесі (Planning – Programming – Budgeting System — PPBS, 1962-1971)
PPBS-ке өтудің негізгі себептерінің бірі бәсекелес бағдарламалар арасында бюджеттік ақша бөлу мен шығыс қажеттіліктерін анықтаудағы қателіктерге алып келген бюджеттік жоспарлау процесінің шамадан тыс орталықсыздандыруы болып табылады. PPBS қойылған міндеттемелерді орындаудың ұқсас амалдарын салыстыруға және ең жақсысын таңдауға мүмкіндік берді. Бұл үшін әрбір федералдық министрлік (ведомство) өздері орындайтын қызметтердің барлық түрлерін талдау, бұл қызмет түрлерін белгілі бір әлеуметтік мәні бар мақсаттарға жетуге бағдарланған бағдарламаларға топтастыру, мақсатқа жетуге апаратын міндеттердің немесе іс-шаралардың иерархиясын тұрғызу, бұл иерархияны базалық элементтерге дейін жеткізуге тиіс. Сонымен қатар болашақта бағдарламаларды іске асырудың толық құнын бағалау үшін бағдарламаның әрбір элементтерін орындау шығындарын бағалау қажет болды.
3) Мақсаттар бойынша басқару (Management by Objectives — MBO, 1972- 1975)
Бизнес саласынан алынған бұл әдіс мақсаттарды таңдау кезінде оларға жету құралын таңдау мәселесінде орталықсыздандырудан орталықтандыруды қарастырды. Негізгі белгісі ұйым алдына қойылған мақсаттарға жетуде министрліктің барлық қызметкерлерінің жауапкершіліктері деңгейінің күшейтілгендігі болып табылады. Ең бірінші рет MBO шеңберінде қол жеткен нәтижелердің әлеуметтік маңыздылығын бағалауға талпыныс жасалды. Осыған байланысты айта кететін жағдай НББ-ді енгізудегі басты қиыншылықтардың бірі мемлекеттік шығындар тиімділігінің әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштер жүйесін құру болып табылды.
4) Бюджетті нөлден бастап жоспарлау (Zero-Based Budgeting — ZBB, 1977-198)
Федералды бюджеттің айтарлықтай тапшылығы мен ұзақ мерзімді міндеттемелер жағдайында АҚШ Президенті Картер министрліктер басшыларын 1979 жылы бюджеттік өтініштерді даярлау үшін ZBB пайдалануды міндеттеді. Бюджетті нөлдік негізде жасау кезеңнен кезеңге өтетін артық шығындарды айқындауға және жоюға мүмкіндік береді. Бұл үшін министрліктер мен ведомствалар әрбір бекітілген мақсаттарға жету үшін деңгейлері әртүрлі шығыстар көрсетілген бірнеше бағдарлама ұсынулары керек болды. Сондай-ақ олардың кем дегенде біреуінде шығындар ағымдағы деңгейден төмен болуы керек, яғни мақсатқа қол жеткізудің неғұрлым арзан әдісін табу керек.
5) Нәтижелерге негізделген бюджеттеу (Performance-Base Budgeting – PBB, 1993-1999
АҚШ-тың 1993 жылы қабылданған Government Performance Results Act» (GPRA) — «Мемлекеттік мекемелер қызметтерінің нәтижелерін бағалау туралы» заңы бюджеттік шығыстардың мемлекеттік саясатының негізгі мақсаттары мен осы мақсаттарға жету жолдарын анықтады. Осы арқылы бұл құжатта бағдарламалық-мақсаттық жүйе, НББ жүйесі заңды түрде бекітілген деп көрсетуге болады. GPRA мақсаты – шешім қабылдағанда және есептерді құрағанда басты назарды бөлінген субсидиялар немесе жүргізілген тексерулер саны сияқты министрліктер мен ведомствалардың көлемді көрсеткіштерін өсіруге емес, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін жоғарылату, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру сияқты қызметтерінің нәтижелеріне аудару керек.
Ресурстар мен қорытындылардың өзара байланысы үшін қызмет ететін жоспарлар мен есептер жүйесі мынадай құжаттарды қамтиды:
— Стратегиялық жоспар (5 жылға).
— Бір жылға Жұмыс жоспары (Annual Performance Plan).
— Бір жылға жұмыс жоспарын орындау туралы есеп (Annual Performance Report).
Әрбір министрлік бес жылдық мерзімге жасайтын стратегиялық жоспар құрамына: министрлік қызмет ететін және жұмыс істейтін басты мақсаттарды (mission) қалыптастыру; ұзақ мерзімді әлеуметтік мәні бар мақсаттар (оutcome-related goals); министрлік көрсетілген әлеуметтік мәні бар мақсаттарға қалай және қандай ресурстардың көмегімен қол жеткізу ниетінің сипаттамасы. Жоспардың тағайындалуы министрліктің стратегиялық мақсаттарын оның қызметкерлерінің күнделікті қызметтерімен байланыстырудан тұрады. Жұмыстың бір жылға арналған мақсаттары тікелей және соңғы нәтижелер жүйесі түрінде құрылады. GPRA талаптарына сәйкес қызмет нәтижесі туралы жыл сайынғы есеп құрамына: қол жеткізілген көрсеткіштер мен жоспарланғандарды салыстыру негізінде бағдарламалардың орындалуы немесе орындалмауы нәтижесін бағалау бойынша негізгі қорытынды, сонымен қоса берілген смета шеңберінде ресурстарды әртүрлі шығындар статьялары арасында қайта бөлу есебі кіреді.
Қазақстанда 2008 жылы үш пилотты министрліктерде экономика және бюджеттік жоспарлау, әділет министрлігі және қаржы министрлігінде, сонымен қатар өңірлік деңгейде – Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімдігінде жаңа мемлекеттік жоспарлау мен нәтижелерге бағытталған бюджеттендіру жүйесіне өту шеңберінде стратегиялық жоспарлар жасалып, бекітілді. Сонымен қатар ағымдағы жылда Қазақстан Республикасының барлық орталық мемлекеттік органдары алғаш рет өздерінің үш жылға арналған стратегиялық жоспарларын әзірледі. 2009 жылдан бастап барлық орталық мемлекеттік органдар толығымен бағдарламалық жоспарлаудың осы жүйесіне көшеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ стратегиялық жоспардың құрылымы америкалық модель тәрізді министрліктің стратегиялық миссиясын (mission statement) қалыптастырудан және қойылған стратегиялық бағыттар мен мақсаттарға жету үшін міндеттер кешенінен тұрады.
Тағы рефераттар
- Балалық шақ
- Италияның Кеңес Одағына жасаған шабуылы және Италияның әскери жеңілісі
- Төтенше жағдайлар классификациясы мен түсінігі
- Гендік инженерия туралы қазақша слайд, презентация тегін
- Күн желі