АҚШ-тың жергілікті жерлердегі муниципалдық менеджмент туралы қазақша реферат
Елу штат жер көлемі, халқының саны, ауа райы, экономикасы, тарихы мен мүддесі жағынан бір-бірінен өзгеше. Тиісінше олардың үкіметі де саяси, экономикалқ және әлеуметтік мәселелерді барлық кезде бірдей бірыңғай нұсқада шешпейді, сол себепті де оларды «демократияның лабораториялары» деп атап жүр. Алайда, олардың саяси құрылысы бір. Әр штатта өздерінің сенаты мен өкілдер палатасы басшылық ететін республикалық басқару формасы бар. (Бұл басқару формасы Небраска штатында ғана жоқ, мұнда 49 «сенатордан» тұратын бір ғана заң шығару палатасы бар). Барлық штатттың атқарушы өкіметі бар, оны губернатор мен тәуелсіз сот жүйесі басқарады. Әр штаттың өз конституциясы бар; Сонымен бірге олардың федералдық заңды орындауға және басқа штаттардағы заңға қайшы келетін заңдарды қабылдамауға міндетті (егер, мысалы ерлі-зайыптылар өз штатының заңы бойынша ажырасқан болса, олар қалған барлық штаттарда да ажырасқандар деп саналады). Тиісінше қалалык және муниципалдық өкіметтер өз штаттарының конституциясына қайшы келетін заңдар мен қаулыларды қабылдамауға тиіс.
Конституция федералдық үкіметтің өкілеттігін шектейді, бірақ оның қазіргі заңдық пайымдаулары бұл өкiлеттіктердің аясын кеңейтеді. Қалған барлық билiк қызметтері автоматты түрде штаттар мен жергілікті огандарға беріледі. Бұл федералдық үкімет пен штаттар арасындағы кұқықтық қызметтерді шектеу жолындағы күресі еш уақытта тоқтамай келе жатқанын көрсетедi. Американдықтардың әбден күшейген орталық өкіметке дағдылы сенімсіздігі бұл көп жылдар бойы келе жатқан күресте билікке таласушы жақтардың мүмкіндіктерін шамамен тең деңгейге жеткізді. АҚШ-тағы штаттар мен жергілікті билік органдары, әдетте, басқа елдердегi орталық үкіметке тиесілі құқықтарға да ие.
Мысалы, кез келген деңгейдегі білім беру мәселелелерi Штаттардың құзырына жатады. Жергілікті өкіметтер мемлекеттік орта білім берумен байланысты барлық істі өзі шешеді: мектеп әкімшілігіне бақылау жасайды, мектеп кеңестері мүшелерінің сайлауын ұйымдастырады, ал жергілікті салық салудан түскен қаржы көбіне мектеп оқуын қаржыландыруға жұмсалады. Осылайша, әрбір жекелеген мектеп жүйесі мұғалімдерді өздері жалдайды, ұстайды және жұмыстан шығарады. Оқу жүйесі штат белгілеген ережелерді кең ауқымда алып, өздерінің ережелерін жасайды.
Нақ сол сияқты жалпы ұлттық полиция да жоқ, ал ФБР федералдық мәні бар шектеулі қылмыстар жөніндегі істерді, мысалы, балаларды ұрлау жөніндегі істерді ғана жүргізеді. Әр штаттың өз полициясы және өз қылмыстық заңдары бар. Штаттар сондай-ақ некеге тұру және некені бұзу туралы, жол ережесі және жүргізуші құқын алу тәртібі туралы заңдарды, алкоголь ішімдіктерін сату мен пайдалану туралы және сайлауларды өткізу туралы заңдарды қабылдайды. Тиісінше, әр қаланың өзінің полициясы бар және кадрларды іріктеу, даярлау, оның жұмысын бақылау мен ұйымдастыру мәселелерімен муниципалитет айналысады. Ол елдің президентіне немесе штаттың губернаторына тікелей бағынбайды. Округтік полиция басқармасын көбіне «шерифтер департаменті» деп атайды. Шерифтерді, әдетте сайлайды, ал штаттар мен қалалардың полиция бастығын тағайындайды.
Қоғамдык өмірдің басқа да көптеген салалары қалалар мен поселкелердің кұзырына жатады. Бүл дүкендердің жүмыс істеу уакыттары, жолдар мен көшелерді жөндеу, қала құрылысына бақылау орнату және т. б. жұмыстар. Бір муниципалдық округте мына журнал порнографиялық журнал, оны сатуға тыйым салу керек деген шешім жасалуы мүмкін, ал жергілікті мектеп кенесі нендей бір кітап мектеп кітапханасында тұрмасын деп шешім жасай алады (кейіннен сот муниципалитетке немесе мектеп кеңсесіне олардың тыйым салуға құқықтары жоқ екенін көрсете алады).
Алайда, бірнеше километр ғана қашық орналасқан басқа поселкеде аталған журналды да, кітапты да пайдалануға рұқсат етілуі мүмкін. Қинофильмдерге де нақ осындай көзқарастар болады.
Көптеген штаттар және кейбір қалалар өзінің табыс салығын белгілейді. Көптеген қалалар мен графтіктердің қару алып жүруге қатысты өз заңдары бар. Қөптеген аэропорттар, соның ішінде халықаралық аэропорттар қаланың немесе округтің иелігінде, оларды сол қала мен округ басқарады және оларға бағынатын аэропорт полициясын ұстайды. Қорыта айтқанда, басқа елдерде ұлттық үкіметтің қүзырына жататын өткір мәселелер Америкада штаттар мен муниципалитеттер деңгейінде шешіледі. Олардың ішінде, атап айтқанда, наркотиктерді пайдалану, өлім жазасын қолдану, аборт және гомосексуализм туралы заңдар бар.
Америкадағы барлық билік ету деңгейлері арқылы өтетін байланыстырушы желі барлық саяси қайраткерлердің, ресми адамдардың, мекемелер мен үкімет топтарының «есеп беретіндігі» болып табылады.
Бұл қылмыстар, өрттер, үйлену тойлары мен ажырасулар, сот тыңдаулары, меншікке салынатын салықтар және т. б. жөніндегі ақпараттар мен мағлұматтараы жұртшылық ашық біледі деген сөз. Бір шағын қалада жаңа мектеп салатын болса немесе полиция үшін жаңа автомобиль сатып алатын болса, онда жергілікті газеттер олардың құны туралы және қандай компания қандай бағаға ұсыныс жасағаны туралы хабар жарияланады. Кейбір қалаларда қалалық кеңестердің мәжілістері тікелей радио арқылы беріледі.
Әдетте, американың кез келген деңгейдегі саяси қайраткері қоғамдық пікірге зор көңіл бөледі. Қатардағы азаматтар өздеріне қатысты шешімдерді кабылдауға белсенді түрде және тікелей атсалысады. Кейбір, Калифорния сияқты штаттарда азаматтар штатта өтетіп сайлауларға ұсыныс жасай алады. Ол ұсыныс сайлау бюллетеніне жазылады. Егер ұсыныс сайлаушылардан қолдау тапса, ол заң ретінде кабылданады. Америка демократиясының бұл «төменнен бастау алатын» ерекшелігі Жаңа Англия штаттарындағы қалалық жиналыстарда да немесе мектеп кеңестерінің ашық тыңдауларында да көрініс тауып отыр.
Жоғарыда айтылғандарды корыта келе, Американын үкіметтік мекемелер жүйесі әр алуан деп тұжырым жасауға болады. Бұл жүйе халықтың мұқтажы мен қажетін жергілікті деңгейде шешуге тырысады, ал конституция Американың бүкіл аумағындағы әрбір азаматтың негізгі қүқықтарына кепілдік береді. Бұл, мысалы, азаматтардың кұкықтары жолындағы қозғалыс пен нәсіліне, тұрылықты жеріне немесе штаттардың сайлау заңдарына қарамастан барлық американдықтардың тең құқығы жолындағы күрес үшін маңызды болды. Демек, штаттардың үкіметтері өз аумақтарындағы сайлауларға және ұлттық сайлауларға тіркеу тәртібіне бақылау жасағандарымен олар жеке адамның конституциялық кұқына қайшы келетін заңдар шығара алмайды.
Американдықтар өз саясатшылары тек өздерініц мүдделерін білдірсе екен дейді, олар үнемі соған алаңдаушылық білдіреді. Сол үшін «қысым көрсету» топтары, қоғамдық қимыл жасау комитеттері немесе мүдделі топтар құрылады. Бұлардың бәрі мүмкін болған кез келген жолдармен саясатшыларға ықгіал етуге тырысады. Бір топ қару сатуға бақылау орнату жөнінде орындалуы барлығы үшін міндетті федералдық заңның енгізілуі жолында науқан ұйымдастыруы мүм-кін, екіншісі —қарама қайшы бағытта әрекет етеді.Солтустік Каролиннің темекі компанияларына темекішегудің зияны туралы ескертулер аса ұнай бермейді, мұны олар сатып алушыларға жеткізуге міндетті. Кейбір діни топтар егер оқушылар қаласа, оларға мектепте құдайға құлшылық етуге руқсат ету жолында күреседі, екіншілері федералдық каржы есебінен немесе штаттардың бюджеті есебінен аборт жасауға ақы төлеуге қарсы науқан ұйымдастырады. Этникалық топтар сыртқы саясаттың көбіне өздерінің достарына немесе дұшпандарыиа қатысты жүргізілуін талап етеді. Бірқатар штаттардың салық төлеушілері салықтың өсуіне қарсы шығып, тиісті заң шығарылуы жолында куреседі. Кейбір кәсіптік одақтар жасырын иммиграцияға қарсы занды кдтайтуды талап етеді. Кейбір топтық қысым жасаулар басқа бір топтық қысым жасаушылар әрекетінің тоқтатылуын талап етіп, алпауыттарға қарсы алпауыттық күрес жүргізіп жатса, бұған тіпті де таңдануға болмайды.
Азаматтардың осындай топтары саяси партиялардың әлсіреуіне негіз жасайды. Әрбір саяси қайраткер өзін сайлаушылардың өзіндік ерекшелігі бар, сұранымдары мен көңіл-күйіне аса көңіл бөліп отыруға тиіс. Сандаған этникалық, мәдени, іскерлік және географиялык мүдделері бар әр алуан мемлекеттік құрылымдардың сайлаушылардың өкілдері болып сайланған адамдардың істерімен соншалықты шеберлікпен айналысып, шешім жасайтынына таң қаласың. Бірақ сан мыңдаған сайлаушылардың талап-тілектерінің орындалуына өз үлестерін қосатын көптеген жергілікті, діни және штаттар ішіндегі үкіметтік мекемелердің де бар екенін айту керек. Егер ныо-йорктіктер тегін және жалпы жұртшылықтың қолы жететін өздерінің қалалық университеті болуын қаласа, онда мұнымен есептесуге тура келеді. Егер Колорадо тауларындағы шағын қаланың тұрғындары қар тазалайтын машиналардың көшеде еркін жүруге кұқы бар деп шешсе, ол солай болады да. Ал егер Арканзас штатындағы әрбір графтіктің тұрғындары оның аумағында отшашу жасауға немесе ішімдіктер сатуға тиым салу керек деп шешсе, бүған да олардың құқы бар
Тағы рефераттар
- Ұлттық ойындар жинағы! (балабақшадағы ойын)
- Топырақ және оның қасиеттері
- Түтін сорғыш рециркуляциясы
- Аспазшылық сабақтары кезінде сақталатын қауіпсіздік және тазалық ережелері
- Шарт мазмұнының ерекшеліктері