Ақша қаражаттарының баламалары туралы қазақша реферат

Кәсіпорындағы ақшасыз есеп айырысу мынадай негізгі нысандарда жүргізіледі:

  • төлем тапсырма;
  • чек;
  • вексель;
  • төлем-талап тапсырма;
  • ұлттық банктің құқықтық-нормативтік актілермен белгіленген басқа да төлем құжаттары;

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу дегеніміз – ақша жіберушінің тапсырмада көрсетілген сомада бенефициарлар (ақшалай қаражатты алушы) пайдасына ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы-банкке тапсырады.

Ақша жіберуші «төлем белгілеуі» жолында атауды, негізінде ақша аудару атқарылатын құжаттың нөмері мен ай-күні, жылын, сондай-ақ «төлем белгіленуінің коды» жолында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылы 16 мамырындағы №195 қаулысына сай төлемнің кодтық белгілерін көрсетуге міндетті. Сонымен қатар төлем тапсырмаларына деректемелерді толтырғанда Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банк Басқармасының 1999 жылы 15 қарашадағы №388 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышын төлем белгілеудегі бірыңғай сыныптауышты қолдану ережелері» атты қаулысын басшылыққа алған жөн.

Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, мөр басылып қайтарылады.

Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:

  • төлем тапсырмасының нөмірі;
  • төлем тапсырмасының жазылған күні;
  • жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК);
  • жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
  • бенефициардың коды (БК немесе Кбе) және жіберушілердің коды(ЖКнемесе КОд) – бұл кодтар екі символдан (белгід                                                       тұрады: біріншісі – резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;
  • бенефициар – аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
  • банк алушыбанк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
  • бенефициар банкісібенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім – шарттың негізінде;
  • жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) – филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);
  • төлем арналымының коды – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің құқықтық-нормативтік актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
  • бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
  • валюталанған күні – ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.

Чек дегеніміз – чек берушінің банк алушыға олардың арасындағы келісім – шарт негізінде бұйрықта көрсетілетін соманы чек ұстаушыға төлеу жайлы жазбаша бұйрық.

Қазақстан Республикасындағы чектерді қолданып, төлемдерді атқару Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 1998 жылы 5 желтоқсандағы №266 «Қазақстан Республикасы территориясында чектерді қолдану ережелері» қабылданды.

Вексель дегеніміз – оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт бекіткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштың міндеттемесі. Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы вексельдер;

  • Жай вексель дегеніміз– вексель берушінің вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді.
  • Аудармалы вексель дегеніміз – (тратта) кредитордың (трансаттың) қарызгерлерге (трассатқа) белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға (ремитентке) төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналады. Аудармалы вексельдің жай вексельден ерекшелігі — аудармалы вексельде

 

вексель ұстанушының төлеушіге вексельде көрсетілген ақша сомасын үшінші бір адамға (эмитентке) төлеу туралы жазбаша бұйрығын береді.

Төлем-талап тапсырмалармен есеп айырысу дегеніміз – бенефициар (қаражатты алушы) тиелген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін төлеу туралы ақша жіберушіге талабы бар, көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде ұсынылатын есептік құжат береді. Бенефициар бенефициардың банкісіне төлем тапсырмаларын және төлем-талап тапсырмалары тізімін ұсынады, ол бенефициардың барлық деректемелерін толық толтырылуын тексеріп,оны ақша жіберушінің банкісіне жөнелтеді. Бұл есеп айырысулар төлеушінің акцепі (келісімі) бойынша немесе акцепсіз атқарылады. Төлем-талап тапсырмасын төлеуші толығымен немесе бөліп төлеуге қарсылығын, оған қызмет көрсететін банк төлем-талап тапсырма алғаннан бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды. Төлеуге немесе төлеуші алған төлем тапсырмасын тиісті қолдар қойылған, мөр бедерлемесімен барлық данада рәсімдейді, оны қызмет көрсететін банкке тапсырады.

Инкассалық өнім дегеніміз – ақша өндіру туралы сот шешімдері, үкімдері, белгілеулері мен қаулылары немесе сот бұйрығы бойынша берілетін орындау қағазының түпнұсқаулары тіркеліп, заңнамалық актілерде (сызба) қарастырылған жағдайларда, осы өндірудің негізділігін растайтын көшірмелерді қосып, сондай-ақ салық пен кеден қызметі органдарының инкассалық өкімдері, оларға растаушы құжаттар тіркелмейді, бюджеттік сыныптауыш код пен операция түрі көрсетіледі, ақша жіберушінің келісімінсіз банк шоттарынан ақша алу үшін қолданылады.

Инкассалық өнім ақша жіберушінің банкісіне үш дана болып, ал бенефициар банкісіне төрт данамен ұсынылады.
Тағы рефераттар