Кәсіпкерлік табысты, капитал өсімін немесе процентін алу мақсатында әр түрлі экономика саласына капитал жұмсау жолымен іс жүзіне асырылатын жиынтық шығындарды инвестиция дейді.
Инвестиция мыналарға бөлінеді:
— үлестік- жай және артықшылықты акциялар;
— борышқорлық – облигациялар, қазыналық вексель, депозиттік сертификаттар және т.б.
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
1. Жұмсау мерзімі бойынша :
— қысқа мерзімді – бір жылға дейін иемдену мерзімі ( бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздағы компанияның инвестициясы);
— ұзақ мерзімді – бір жылдан көп иемдену мерзімі;
— мерзімсіз инвестициялар.
2. Тағайындалуы бойынша:
— қаржылық – құнды қағаздарға жұмсау;
— нақты – субъектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.
3. Шығу тегі бойынша – бірінші, екінші.
4. Болу формасы бойынша – құжаттық, құжатсыз.
5. Ұлттық тегі бойынша – отандық, шетелдік.
6. Қолдану түрі бойынша – инвестициялық, инвестициялық емес.
7. Иемдену қатары бойынша – жеке, жалпы.
8. Шығарылым формасы бойынша – эмиссиондық, эмиссиондық емес.
9. Меншік формасы бойынша – мемлекеттік, корпоративтік.
10. Айналыс сипаты бойынша – нарықтық, нарықтық емес.
11. Тәуекелдік деңгейі бойынша – аз тәуекелділікпен, мүмкін үлкен тәуекелдікпен.
12. Қолма-қол табыс бойынша – табыстық, табыссыз.
13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша : борыштық, иелі үлестік, жеке жобалар.
14. Экономикалық мәні бойынша – мүліктік, міндеттік.
15. Халықаралық және отандық стандарт бойынша бухесепте инвестициялар мыналарға бөлінеді:
а/ қаржылық;
ә/ еншілес, тәуелді және бірігіп бақылау арқылы шаруашылық субъектісіндегі инвестициялар.
Шаруашылық жүргізуші субъект акцияға ие болу жолымен немесе үлестік қатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерге қаржылық жұмсалымды тудыра алады.
Қаржылық инвестиция мыналарға жіктеледі:
— қысқа мерзімді – баланста не белгілі бір күні ғана әрекет ететін ағымдағы нарық бағасымен, не ағымдағы сатудың төмен бағасымен ескеріледі. Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдық сатудың төмен бағасыы бойынша ескерілсе, баланстық құн не тұтастай құнды қағаз портфелі негізінде, не инвестиция түрінде немесе жекелеген инвестиция негізінде анықталады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайта бағалау барысында бағалау сомасы өзіндік капиталдың өсуіне қатысты болады. Арзандатулар сомасы бір ана сол инвестицияның бағалау сомасы есебінен жүзеге асырылады, ал бағалау сомасы болмаған кезде оның кеміген сомасы залалға жатады.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай бастапқы мәселелер шешілуі қажет:
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің активтерін инвестицияларға жатқызылу дұрыстығын тексеру;
- инвестиция есебінде оларды тиісті жіктеу белгілері бойынша шектеу;
- инвестицияларды есепке қойғанда олардың құнын дұрыс бағалау;
- инвестицияларға байланысты операциялары есебінің дұрыстығын тексеру;
- инвестициялардың синтетикалық және аналитикалық есептерде жүргізу жағдайын талдау;
- бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікке шаруашылық операцияларын көрсетудің толықтығы мен дұрыстығын бағалау;
- инвестицияларды түгендеу мен олардың нәтижелерін бухгалтерлік есепте дұрыс көрсету;
- инвестициямен байланысты операциялар бойынша салықтық заңнама талаптарының толық сақталуы.
инвестицияны артық бағалаудан түскен төленбеген қосымша капитал; негізгі емес қызметтен түскен табысы (зияны).
Тағы рефераттар
- Криминалистік фотографияның қысқаша даму тарихы
- Электронды құжатты жасау тәртібі
- Қоғам ұғымы
- Мемлекеттік қызметтер саласындағы стандарттардың құрылымы мен құрам
- Идеал газдың iшкi энергиясы. Термодинамиканың бiрiншi заңы