Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау туралы қазақша реферат
Серіктестіктің ақша қаражаттарының жылжуы туралы есептіліктен ақша қаражаттарының түсуі тауарларды сатумен және сатып алушылардың авнстық төлемдерімен байланысты болып келеді.
Серіктестіктің ағымдағы жұмысында алынған несиелер бойынша пайыздар төленіп отырылды.
Ақша қаражаттарының жылжуы инвестициялық қызметінің шегінде жер учаскелеріне, ғимараттарға, құрал-жабдықтарға, нематериалды активтерге, оларды сатумен, басқа кәсіпорындарға ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды жүзеге асырумен байланысты.
Кез келген бизнес аздаған ақшалай қаражаттар көлемінен басталады. Олар өз кезегінде өндірістік босалқыларға айналады. Одан кейін айналым капиталы өндірістік нысаннан тауарлы нысанға, ал өткізу сатысында ақшалай нысанға өзгереді. Айналым капиталының айналымы негізгі шаурашылық операцияларымен тікелей бйаланысты:
-сатып алулар шикізаттардың, материалдардың, тауарлардың қорлары мен кредиторлық қарыздардың өсуіне алып келеді;
-өндіріс дебиторлық қарыздар мен кассадағы ақшалай қаражаттардың өсуіне алып келеді.
Аталмыш операциялар ұдайы қайталанып отырады және ақшалай түсімдер мен төлемдерге саяды.
Сонымен ақшалай қаражаттардың қозғалысы шикізаттар, материалдар үшін төлемдер жүргізу мен дайын өнімді сатудан ақшалай түсімдердің түсу уақыт аралығын қамтиды. Бұл кезеңнің уақыт аралығына жабдықтаушылардың кәсіпорынды несиелеу кезеңі, кәсіпорынның сатып алушыларды несиелеу кезеңі, шикізаттар мен материалдардың қор түрінде сақталу кезеңі, өндіріс және дайын өнімнің қоймадағы сақталу мерзімі ықпал жасайды.
Ақшалай қаражаттардың қозғалысын талдау 3 «Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп беру» формасы арқылы жүзеге асады. Бұл есеп беру формасында ақшалай қражаттардың қозғалысы үш бағытта ашып көрсетіледі: операциялық, инвестициялық және қаржылық. Бұл ретте операциялық қызмет бойынша ақшалай қаражаттардың қозғалысы тікелей және жанама әдістер арқылы анықталады.
Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Операциялық қызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақшалай қаражаттардың түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, пайыздан, дивидендтен, роялтиден және т.б. табыстардан; жабдықтаушылар мен мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен және т.б. шығыстардан тұрады.
Жанама әдістер – бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету жасалынады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржы-шаруашылық қызметініңнәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.
Ақшалай қаражаттардың қозғалысы келесі кесте арқылы талданады.
1-кесте 2007-2008 ж.ж. «Астана Континент ЛТД» ЖШС ақша қаражаттарының қозғалысы (1000 теңгемен)
Рет № | Көрсеткіштер | Іс жүзінде | Ауытқуы (+;-) | |
2007 ж. | 2008 ж. | |||
І. Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттар |
||||
1 |
Ақша қаражаттарының түсімі, барлығы |
124986 |
20547 |
|
Өнім өткізуден түскен түсім |
7081 |
6319 |
|
|
Алынған аванстар |
— |
2423 |
|
|
Басқа да түсімдер |
117905 |
11803 |
|
|
2 | Ақша қаражаттың жұмсалуы, барлығы |
1463909 |
134449 |
|
Тауарлар мен көрсеткен қызметі үшін жабдықтаушыларға төлем |
1305167 |
104125 |
|
|
Еңбекақы б/ша төлемдер |
4918 |
8394 |
|
|
Бюджетке төленетін басқа да төлемдер |
9069 |
1405 |
|
|
Басқа да төлемдер |
144753 |
20524 |
|
|
3 | Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттардың таза сомасы |
-1338922 |
-113902 |
|
ІІ. Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттар |
||||
1 | Ақша қаражаттардың түсімі |
1355045 |
126524 |
|
Негізгі құралды өткізу |
2080 |
— |
||
Басқа да түсімдер |
1352964 |
126524 |
||
2 | Ақша қаражаттың жұмсалуы, барлығы |
1679 |
12 |
|
Материалдық емес активтерді сатып алу |
1679 |
12 |
||
3 | Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттардың таза сомасы |
1353365 |
126512 |
|
ІІІ. Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттар |
||||
1 | Ақша қаражаттардың түсімі |
— |
— |
|
2 | Ақша қаражаттарың жұмсалуы |
— |
— |
|
3 | Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттардың таза сомасы |
— |
— |
|
Жиынтығы |
14442 |
12609 |
||
Есепті кезең басындағы ақша қаражаттар мен олардың баламалары |
591 |
872 |
||
Есепті кезең соңындағы ақша қаражаттар мен олардың баламалары |
872 |
841 |
Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай кәсіпорында ақшалай қаражаттардың қозғалысы тек операциялық қызмет бойынша ғана жүзеге асқан және барлық бап бойынша өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалады. Атап айтқанда ақшалай қаражаттардың түсімі 1387051 мың тг-ге және жұмсалуы 2454097 мың тг-ге өскен. Осы арқылы таза ақшалай қаражаттар легі 1072046 мың тг құраған. Кәсіпорын ақшалай қаражаттарының қозғалысы өткен 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы біршама төмендеген. Яғни, ақшалай қаражаттардың түсімі олардың жұмсалуынан кеміп отыр. Осы арқылы оның қалдықтары өскен. Әрине дебиторлық және кредиторлық қарыздардың айналымын реттеу арқылы бұл жағдайды әрі қарай жақсартуға болады.
Тағы рефераттар
- Самұрық-Қазына
- Батыс державаларының келу қарсаңындағы Қытайдың әлеуметтік құрылымы
- Ойлау бастамасын негіздеу мәселесі
- Қаржылық жағдайды экспресс – талдау
- Қант қызылшасы селекциясының биотехнологиялық әдістері