Актиномицеттердің классификациясы туралы қазақша реферат
Актиномицеттердің систематикасы үшін микроорганизмдердің бұл тобына жататын микробтарға тән қасиеттер анықталды. Сонымен қатар, зерттеу барысында актиномицеттер түрлерінің морфологиялық өзгергіштіктері, ұрпақ беру органдарының құрылымы және даму дәрежесі, споратасушылар сипаты, спора қабықшасының құрылымы сияқты көрсеткіштер есепке алынды.
Жалпы, Actinomycetes класы 2 қатардан құрылған. Actinoplanales – қозғалмалы және Actinomycetales – қозғалмайтын. Класс 26 туысы бар 6 тұқымдасты біріктіреді /3/.
Тұқымдастары: ACTINOMYCETACEAE, MICROMONOSPORACEAE, STREPTOSPORANGIACEAE, ACTINOPLANACEAE , DERMATOPHILACEAE, PLANOSPORACEAE.
Streptomyces туысы – Actinomycetales қатары Streptomycetaceae тұқымдасына жататын топырақ актиномицеттерінің туысы, тұқымдастың ең үлкен туысы (500-ден астам түрі бар). Көптеген антибиотиктердің продуценттері ретінде танымал.
Тағы рефераттар
- Тарақты Байғозы батыр
- Қазақстанның ғарыш алаңы
- Еншілес серіктестіктердің кредиторлық қарыздарының есебі
- Мүлік жалдау шартының нысаны
- Экспортты мемлекетік реттеудің шетелдік тәжірибесі