Ақтөбе облысының әкімдігінің құрылымдық ерекшеліктері туралы қазақша реферат
«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ миссиясы – қала әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қала әкімдігінің және әкімінің актілерін әзірлеу және орындалуын ұйымдастыруға қатысты атқару органдарының қызметін үйлестіру, жоғары тұрған органдар актілерінің орындалуын ұйымдастыру, тиісті атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету.
«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ болжамы – қойылған міндеттерді орындауға қабілеті кәсіпқой және сапалы персонал қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар туғызу.
Қала әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Қала әкімі аппаратының штат санының лимиті 61 бірлік құрайды, соның ішінде 1 — саяси және 60 — әкімшілік мемлекеттік қызметші.
Қала әкімі аппараты бойынша мемлекеттік қызметтің орташа өтілі 8,9 жыл құрайды, орташа жасы – 34,7. Мемлекеттік қызметшілер ішінде әйелдер – 55,7%, 90,7% — жергілікті ұлт өкілдері. Жоғары білімі барлар саны – 95,1%.
Селолық округтер штаттық санының лимиті — 31 бірлік, соның ішінде 5 -саяси мемлекеттік қызметші. Мемлекеттік қызметтегі орташа өтілі – 10,6 жыл, орташа жасы – 46,3. Ұлттық құрамы бойынша : қазақтар – 27 адам (90,3%), басқа ұлттар – 3 адам (8,8%). 5 селолық округ әкімдері ішінде – 1 әйел.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес және жергілікті атқарушы органдар алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге байланысты қала әкімі аппаратының құрылымы үнемі жетілдіріледі. Қала әкімі аппаратының құрылымында: ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс, құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік-құқықтық, мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасының сақталуын бақылау жөніндегі, әскери-жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, әлеуметтік сала және мәдени даму мониторингі, қала инфрақұрылымын дамыту мониторингі, өндірістік сала мониторингі, қаржы-шаруашылық бөлімдері бар.
Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін орындауға уәкілетті мемлекеттік мекеме.
Қала әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Қала әкімі аппаратының штат санының лимиті 61 бірлік құрайды, соның ішінде 1 — саяси және 60 — әкімшілік мемлекеттік қызметші.
Қала әкімі аппараты бойынша мемлекеттік қызметтің орташа өтілі 8,9 жыл құрайды, орташа жасы – 34,7. Мемлекеттік қызметшілер ішінде әйелдер – 55,7%, 90,7% — жергілікті ұлт өкілдері. Жоғары білімі барлар саны – 95,1%.
Селолық округтер штаттық санының лимиті — 31 бірлік, соның ішінде 5 -саяси мемлекеттік қызметші. Мемлекеттік қызметтегі орташа өтілі – 10,6 жыл, орташа жасы – 46,3. Ұлттық құрамы бойынша : қазақтар – 27 адам (90,3%), басқа ұлттар – 3 адам (8,8%). 5 селолық округ әкімдері ішінде – 1 әйел.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес және жергілікті атқарушы органдар алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге байланысты қала әкімі аппаратының құрылымы үнемі жетілдіріледі. Қала әкімі аппаратының құрылымында мынадай бөлімдер бар: ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс, құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік-құқықтық, мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасының сақталуын бақылау жөніндегі, әскери-жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, әлеуметтік сала және мәдени даму мониторингі, қала инфрақұрылымын дамыту мониторингі, өндірістік сала мониторингі, қаржы-шаруашылық.
Қала әкімі аппаратында кадрлармен жұмысты жетілдіруге, атап айтсақ кәсіби даярлықты арттыру, лауазымдағы жұмыс ұзақтығының мерзімін ұлғайту және мемлекеттік қызметкерлердің ауысуын азайту, сондай-ақ қызметтік міндетте жаңа ақпараттық технологиялардың тиімді пайдаланылуын жақсартуға тиісті назар аударылады. Кадрлық саясатты іске асыруда қиындық тудыратын факторлардың бірі өндірістік және қаржы саласы қызметкерлерімен салыстырғанда мамандар еңбек ақысының жоғары еместігі болып табылады.
Кадрлармен жұмысты одан әрі жетілдірудің басты принципі – кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің жауапкершілігін жоғарылату, қайта бағдарлау, мемлекеттік қызметшілердің тәртіпті және Ар-намыс кодексін сақтауы, жетілуге және қызметтік өсуге ұмтылу, мемлекеттік мекеменің лайықты нәтижелерге жетуде әрбір қызметкердің қосатын үлесін ұлғайту.
Мемлекеттік қызмет беделін көтеру және қалалық мемлекеттік мекемелерге перспективті, біліктілігі жоғары кадрларды тарту мақсатында жергілікті БАҚ-та жергілікті атқарушы органдардың жағымды жұмысының деректері жөніндегі материалдар үнемі жарияланады.
Тағы рефераттар
- Криминалистиканың жүйесі мен әдістері
- Әйел туралы қазақша мақал-мәтелдер
- Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны
- Анықтама
- Қытай қоғамынының Еуропа державалары мен Цин империясына қарсы азаттық күресі