Ақтөбе облысының инвестициялық қызметі туралы қазақша реферат
2006 жылы облыстың негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 199,5 млрд теңгені құрады, немесе 2005 жылғы деңгейге 104,3% (қолданыстағы бағалар) . тартылған инвестиция көлемі бойынша Ақтөбе облысы бесінші орында, жалпы республикалық көлемдегі өңірдің үлесі 7,1% құрайды.
Негізгі капиталға қаражаттарды салатын негізгі көздері — шаруашылық субъектілердің жеке қаражаттары 163,1 млрд теңге және шетел инвестициялары 20,7 млрд теңге . Бюджеттік қаражаттар барлығы 15,7 млрд теңгені құрады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен Ақтөбе қаласындағы халықаралық әуежайы аэровокзалын қайта жаңғыртудың 1 кезеңі жүргізілді.
6 млрд теңге көлемінде бюджеттік қаражаттар есебінен 75 жергілікті басымды инвестициялық жобаларды іске асыру жүргізілді, бұл 2005 жылғы сәйкес көрсеткіштен 43,5% көп. Оның ішінде 19 жергілікті жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 3,4 млрд теңге трансферттер бөлінді және 56 жобаны іске асыруға жергілікті бюджет қаражатының 2,4 млрд теңге игерілді. Қаржы қорлары 2005 жылғы деңгеймен салыстырғанда , сәйкесінше 77% және 13% ұлғайды. (3-ші қосымшаны қараңыз)
Білім беру саласында құрылыстың және қайта жаңғыртудың 14 жобасы іске асырылды.832 млн теңге игерілді.
Денсаулық сақтау жүйесінде 13 инвестициялық жобаны іске асыру жүргізілді.
Сумен жабдықтаудың 3 объектісі іске қосылды, 3 жобасын іске асыру жалғастыруда.
Кезеңмен газдандыру үшін Ақтөбе облысының елді мекендерін газдандырудың 2006-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасы әзірленді және облыстық маслихаттың шешімімен бекітілді.
Байғанин ауданының Миялы және Дияр ауылдарының электр жабдығын қалпына келтіру жүргізілуде.
Ақтөбе қаласының маңындағы Бұтақ өзені арқылы өтетін көпір құрылысыаяқталды және Ойыл ауданындағы Дайра өзені арқылы өтетін көпірді пайдалануға берді.
Ақтөбе қаласындағы қатты-тұрмыстық қалдықтарды көму үшін полигон құрылысы жүргізілді. «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсететін ғимаратты қайта жаңғырту аяқталды.
Тағы рефераттар
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары
- Есеп тіркелімдері, жазбалары және оның нысандары
- Тілдердің грамматикалық және лексикалық құрылысындағы аударма теориясы
- Нұсқау
- S-12 электронды АТС жобалау курстық жұмыс