Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы ролі туралы қазақша реферат

Тарих сахнасына алашорда-халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық күрестің басында ұлттық интеллигенция тұрды. Олардың ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі мен феодалдық мешеулік жағдайында аяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап, қазақ елін өркениетті елдер қатарына алып шыға алатын жалқы жол-ұлттық мемлекеттік құрылымның болуы еді.

Жетпіс жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп бергендей, қазақ қоғам қайраткерлері тәуелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, қателескен жоқ еді. Ұлттық қанау мен ұлттық теңсіздік болған жерде езілген елдердің табиғи талаптары мен мүддесін қорғайтын саяси институттарға сұраныс та қалыптаспақ. Ал, осы негізде пайда болған мемлекеттің саналы түрде жалпы ұлттық- мұраттарға қол жеткізуді көздейтін шараларды іске асыруы да табиғи нәрсе. Өздерінің саяси еркіндігін алған елдердің бәрінде де осылай болған. Осы тұрғыдан алғанда, әрине «Алаш» партиясының өмірге келуі тарихи қажеттіліктен туған болатын.

Бірақ қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің бұл әрекеті ескі Ресейдің тұтастығын көксейтін ақ қазақтар мен патша генералдарына да жаңа тоталитарлық жүйені орнатушы большевиктерге де ұнай қоймайды. Егер алғашқылары Ұлы Ресейсіз өз бетінше өмір сүре алмайтын бұратана халықтың ат төбеліндей сеператистік пиғылдағы өкілдеріндей қарап,
аяқтарынан шалса соңғылары саяси сауатсыз, аңқау елді арзан ұрандармен артына ертіп, ал оның көзі ашық көш бастаушылары «буржуазиялық ұлтшылдар»,  «ұлтшыл-уклонистер» деп жариялап, алдымен халықты оларға қарсы қойып, артынан бұларды асып-атып, рухани азапқа салып, жойып тынды(35).

Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлыдержавалық, империялық мақсатты көздеген бұл екі саяси жүйе де ұлттық мемлекеттік идеясынан қорықты. Сондықтан да, ұлттық шет аймақтарда бұл ойға қорғау салушылардың есімін атауға да тиым салынды. Міне, осыған байланысты біз соңғы уақытқа дейін қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің өмір жолымен, олардың артында қалдырған творчестволық мұраларымен таныса алмай келдік. Халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өрлейтін терең із қалдырған қайраткерлеріміздің тізімі жетерлік.

Кеңес дәуірі кезінде жарық көрген ғылыми зерттеулерде саяси  -идеялық       ахуалдың қалыптасуына әсер   еткен,  факторлардың ролі,  ықпалдары маркстік — лениндік көзқараспен бағаланды. Керісінше, қазақтың кең даласында анда-санда көрініс берген большевиктік идеологияның таралу заңдылығы,  яғни социалистік революцияның болуы дәйекті қажеттіліктен
туды деген тұжырым, қағидалар ғылыми зерттеулерде аксиома ретінде дәлелденді. Ал, қазақ қайраткерлері қоғамды күшпен құлатып, дәстүрлі саяси-құқықтық мөдени дамуды ұлт санасына жат институттармен алмастыруға үзілді-кесілді қарсы болды. Философ А.Қасабековтың түсігінше: «XX ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлері        А.Байтұрсынов,     Ә.Бөкейханов,     М.Дулатов,  М.Тынышбаев, М.Шоқаев және басқалары өмірдің обьективті жағдайларын өзгертуді күшпен емес, сананы сол процеске енгізу арқылы өзгерту керек деп уағыздады. Олардың негізгі идеялары-бостандық, тәуелсіздік, отаршылдық езгіден құтылу жолдары және қазақ халқын жалпы адамзаттық құндылыққа жақындастыру болды»(36).

Міне, сондықтан да XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында қалыптасқан саяси-идеялық ахуалға большевиктік идеологияның ықпалы пәрменді болды, «революциялық қозғалысқа қазақ жастары белсенді араласты» деген жасанды тұжырымдар ақиқатқа сай келмейді. Ұлан байтақ қазақ жерінде большевиктік идеологияға мойынсұнған М.Сералин, С.Көбеев, Н.Ералин, М.Бекметов, Ы.Дүйсенбаев, Т.Бокин сияқты саусақпен санарлық қазақ жастарының астыртын жүргізген революциялық қызметінен саяси —идеялық ахуалда күрт өзгеріс болды деп сендіру ақиқатқа мүлдем қарама-қайшы екені даусыз.

Сонымен қатар, XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының саяси-идеялық ахуалына түрік бірлігі түрікшілдік идеялардың қалыптасуы біршама ықпалын тигізді. Негізінде түрікшілдік идея «Айқап» журналының айналасында топтасқан қазақ зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастары мен атқарған қызметтерінен анық байқалды. Зерттеуші Санжар Асфендияровтың пікірінше: «…пантурксизм қозғалысымен байланысып жүрген қазақтың интелегенттері «Айқаптың» айналасында жиналды (мысалы; М.Сералин, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин), бұл топқа татар интелегенттерінің де ықпалы тиді. Айқапшылар Ресейдегі түрік елдерін біріктіру керек деген пікірде  болды»(37.)

Негізінен қазақ зиялыларының түрікшілдік идеяға бойсұнулары үлкен   үш   негізден  бастау   алды: Біріншіден, XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары өздерінің білімділігі мен ізденістері нәтижесінде байырғы түрік мәдениетіне, оның Байкал көлінен бастап, Қара теңізге дейінгі аралықтағы ұлы далада үлкен, күшті тайпалық бірлестік құрып, дүниежүзілік
тарихта із қалдырған ұлы Түрік қағанатының батырлық еріктік істеріне қанық болды да, солардың тікелей ұрпақтары ретінде өз халқын сол бай тарихи аталар дәстүрімен патриотизмге жігерлендіру арқылы отарлық саясат пен ұлттық езгіге қарсы тұру санасын оятқысы келді. Екіншіден,
түрікшілдік идея, қазақ зиялыларының пікірінше, Ресейдің қол астында отарлық саясаттан тепкі көрген барлық түрік тілдес халықтарды бір ту астына біріктірер бірден-бір ортақ рухани күш ретінде танылды. Себебі, түрік тілдес халықтар батыс пен шығысты қанды шеңгелінде ұстап тұрған екі
басты самұрық құстың тырнағынан жеке-жеке ұлт болып босанып шығулары мүмкін еместігін анық түсіне білді. Үшіншіден, түрікшілдік, түркі бірлігі идеясы, қазақ зиялыларының пікірінше, көшпелі түрік тілдес халықтардың
бай тілі мен мәдениетін, тамырын тереңнен тартқан дінін дуние жүзілік деңгейге көтеретін сол арқылы евроцентристік көзқарастарға тойтарыс беріп, ғылымдағы ұлыдержавалық шовинизмді      тежейтін   негізгі факторлардың      бірі деп саналды(38).

Міне, осындай ұлттық маңызы зор мәселелерді жете түсінген Алаш зиялылары түрікшілдік туы астына топтасып, Орыс империясының зорлық — зомбылықты «бөліп ал да, билей бер» саясатына қарсы тұруға жан   айғайымен   шақырды(39).

Түрікшілдік, түрік етіп көтерген Ысмайылбек Гаспринский (Гаспралы) болды. Ол көзі тірі кезінде, халық арасында «біздің сүйікті ұстазымыз», «халықтың қызметшісі», «түрік-татар ұлтарының ағартушысы», «прогреске жол ашқан» сияқты теңеу, атақтарға ие болған еді. XX ғасырдың басында жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары Ысмайылбек Гаспралыны бүкіл Ресей түркі халықтарыны мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын саяси көсемі ретінде танылды. Оның еңбектерін оқыған қазақ зиялылары түрікшілдікке бас ұрмай кетуі мүмкін емес еді. Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Сералин, Шәкәрім Құдайбердиев, Сұлтанмахмүд Торайғыров, Мағжан Жұмабаев сияқты қазақ зиялылары Ысмайылбек Гаспралының түрікшілдік идеяларын қазақ топырағында жандандырып, ел арасына түрік патриотизмі, түрік бірлігі рухының дәнін екті,  фәлсафасын   уағыздады.

Қазақ зиялыларының түрікшілдіктен нәр алған өздерінің көкейлерінен шыққан жалынды сөздері қазақ халқын саяси бостандық пен теңдікке жігерлендіргені хақ.

Демек XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси-идеялық ахуалдың қалыптасуына әр мағынадағы қағидалар мен теориялардың ықпал еткені ақиқат болып қала бермек. Сонымен,  қазақ зиялыларының саяси-құқықтық, реформаторлық көзқарастары негізінде ұлттық прогресс, саяси бостандық, отарлық езгінің құрсауынан босану және саяси ұлттық, демократиялық мемлекет құру идеялары жатты. Себебі, қазақ қоғамының даму процесі, ішкі шиеленістер осы идеялардың іс жүзіне  асуына дәйекті жағдайлар   туғызған еді.

Жалпы Алаштық интеллигенция арасында большевиктер бағдарламасы әуел бастан — ақ қолдау тапқан жоқ. Олардың түсінігі бойынша, большевиктер ұстанған бағыт Қазақстан емес, тіптен Ресейдің өзіне де азапты болашақ әкелетін бағыт болатын Алаш қайраткерлері ең алдымен большевиктер бағдарламасындағы қоғамдық меншікке көшу туралы пікірді үзілді-кесілді қабылдаған жоқ. Өйткені олардың ойы бойынша, қазақ қоғамы жайында мұндай шаруаға бару мүмкін еместін, тіптен ондай әрекет, біріншіден, оны қабылдауға мүлдем даярлығы жоқ қазақ бұқарасы арасында түсінбеушілік туғызса, екіншіден, әлеуметтік теңдік орнатудан бұрын, әлеуметтік апатқа апаруы толық мүмкін еді. Дәстүрлі шаруашылық түрінің бұзылуы, қазақ шаруаларының жалпы қоғамның қоғамдық меншікке негізделген шаруашылық жүргізуге қай жағынан болса да даярлығының жоқтығын осындай нәтиже бермей қоймайды деп түсінді.

Қазақ зиялылары большевиктердің тап күресі туралы теориясын да қолдамады. Олардың түсінігі бойынша, қазақ қоғамы Ресейдегідей таптық жіктелу деңгейінен алыс жатты. Ал сол тарихи кезеңде отарлық езгідегі қазақ жұртына қандай да болсын жіктелуден гөрі ортақ ұлттық мүдде негізінде бірігу пуадай қажет болды. Жіктелу керісінше оны әлсіретеді, негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді деп түсінді.

Өз ретінде Алаш басшылары болыпевиктердің таптық жіктеу саясатына ұлттық тұтастық, бірлік саясатын қарсы қойды. Мәселен, Ә.Бөкейханов: «Біз қарап отырсақ қосақ арасында бос кетеміз. Қазақ жұрты болып бас қамын қылмасақ болатын емес. Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді. Алаштың баласы ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда басыңа бір қиын іс келді. Ақсақал аға, азамат   іні,    отбасы    араздықты,    дауды    қой,    бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл»(40). («Қазақ». 1918. № 260).

«Россия мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды. Бірліктен айрылсақ, мына орысша қаңғып кетеміз. Көш бастаған ақсақал аға, зиялы іні, жергілікті жұрт қызметін таза ақтар. Жалпы жұртқа мұрындық бол»-деп бостандыққа апаратын жалғыз жол ұлттық ынтымақ қана деп түсіндіруге тырысты.

Орынборда болған, Бөкейхан ұлдары бастаған съездің қарары бойынша күллі Қазақстанда «Алаш» партиясы құрылды. Оның губерния-губернияда облыстық комитеттері ашылды, уез-уездерде комитеттері ашылды. «Тіршілік» газетінен басқа газеттерде «Алаштың» жобасы жарияланды.
«Алаш» партиясының        жобасын        эсер        меньшевик партияларының, кадет             партиясының         жобаларынан құрастырып алды, -деген тұжырым бар.

Ә.Бөкейхановұлы Сібірге, Омбыға,     Семейге       келіп баянадамалар жасады.

Мысалы: 1917 жылғы қарашаның 21-дегі «Қазақ» газетінің 25 нөміріндегі Бөкейханұлын Семейде қалай, кімдер күтіп алғанын жазған. Семейде Бөкейханұлын құрметтеп алдынан шығып сөйлеушілер: Шайқы Мұсатайүлы, Ахметжан Қозыбағарүлы,      Маннан                    Тұрғанбайұлы,      Сұлтанмахмұд Торайғырұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы.

Содан кейін Орынборда «Алаш» партиясынан жалпы Ресейлік Учредительный Собраниеге Қазақстан губернияларынан белгіленген адамдардың тізімдері «Қазақ» газетінің  1917 жылғы  250-ші нөмірінде жарияланды:

I.»Алаш» партиясы.

«Алаш»   партиясы   атынан      Учредительный      Собраниеге аталған депутаттар:

Торғай облысынан нөмірі бірінші спискіге:

1. А.Байтұрсынұлы,    2. Ахмет Бірімжанұлы,

3.Сағындық Досжанұлы,  4.Абдолла Темірұлы,
5. Телмажан Мүрынұлы,    6. Ержан Оразұлы,

7. Әлихан  Бөкейханұлы.

 

II.Ақмола һәм Семей облысынан.

1. Ә.Бөкейханұлы 2.А.Тұрлыбайұлы, 3. Ә.Ермекұлы,

4. Қ.Ғаппасұлы     5. А.Сейітұлы,  6. М.Поштайұлы,

7.Е.Итбайұлы,    8. Ж.Ақпайұлы,      9. С. Жанайдарұлы,

10. Р.Мәрсекұлы,   11. Ж.Тілеуліұлы,   12,  Б.Сәрсекұлы   т.б.

III.Орал облысынан

1.Қ.Досмұхамедұлы,   2.       Ж.Досмұхамедұлы,       3.Н.Ермағамбетұлы,    4. Ғ.Әлібекұлы,    5. С. Қаратілеуұлы,

6. О.Есенқұлұлы, 7. Ғ.Қашқынбайұлы

IV.Жетісу облысынан

Списке №2

1.   М.Тынышбайұлы, 2.    Шибалин (орыс),      3. О.Әлжанұлы,

4. Ашкасайский (орыс), 5. Ғабдуллин,  6.  Ниязбекұлы,

7. М.Төлебайұлы,  8. Бабкин(орыс), 9. Пропкин(орыс),

Списке №3

1.Ы.Жайнақұлы, 2.ІПандириков (орыс), 3. Садық Аманжолұлы,

4.Д.Сауранбайұлы,     5. Б.Мәметұлы.

V.Бөкей ордасынан

Списке №8

І.Уәлитхан танашұлы,  2. Бақыткерей Құлманұлы.

Списке №2

1. Қадым Сармоллаұлы,     2. Сәлімгерей Нұралиханұлы.

«Қазақ»   газетінің      250   нөмірінде   «Алаш»   партиясының бастығы     Бөкейханүлы  бірнеше     жолдастарымен    қол қойып жарнама   жазды.    Жарнамаға қол қойғандар: Ә.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынұлы,  М.  Дулатұлы, А. Бірімжанұлы, ЖЖәнібекұлы, Ф.Ғалымжанұлы, КАрынғазыұлы, Ғ.Жүндібайұлы, Ғ.Бірімжанұлы.

Енді «Қазақ» газетінде жарық көрген «Алаш» партиясы туралы тілшілер мен зиялылардың мақалаларынан үзінді:

Ақмола облысы

Омбыда   областной       «Алаш»   партиясының   комитеті ашылғандығы «Қазақта» жазылған комитетке сайланған адамдар:

Асылбек Сейітұлы, М.Жұмабайұлы, М.Саматұлы, Қ.Кәкенұлы, т.б. «Алаш» комитеті өр уезге учредительное собрание сайлауын халыққа түсіндіруге кісі шығарды. Бұлар Ақмола облысының 5 уезінде  «Алаш»   комитетін ашты.

«Қазақ» газеті. 1917. № 254. (аталған газеттің тілшісі).

«Алаш»  партиясы.

«Семейде областной «Алаш» партиясының комитеті ашылған   хабарын жазды..

«Алаш» партиясының Семейде уақытша областной комитеті ашылды. Комитетке кірген кісілер: Ә.Ермекұлы, Р.Мәрсекұлы,      И.Әлімбекұлы, А.Қозыбағарұлы,      Тұрағұл Құнанбайұлы, Ә.Бөкейханұлы т.б. комитеттің   председателі Қалел Ғаппасұлы, Жолдас  Ахметжан Қозыбағарұлы, секретары Сыдық Дүйсенбайұлы, қазынашысы Данияр Бөкейханұлы деп жазылған. «Қазақ» газеті .1917. № 253.

«Алаш»  партиясы.

«Алаш» партиясының Орынборда Тургайский областной комитеті ашылды. Комитетке Орынборда тұратын он қазақ және 4 уезден қазақ, барлығы он төрт адам сайланды. Орынбордағы     ағзалар: А.Бірімжанұлы,      А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханұлы,                   Е.Омарұлы, .Жәнібекұлы,     М.Дулатұлы,

Ғ.Жүндібайұлы, С.Досжанұлы, Т.Шонанұлы,(ЬІрғыздан), Е.Нұрмахамбетұлы (Ақтөбеден) Мырзағазы Есполұлы (Қостанайдан). Алаш партиясының областной комитет председателі Әлихан Бөкейханұлы, серігі Ахмет Байтұрсынұлы, секретары Міржақып Дулатұлы, қазынашысы Жанұзақ Жәнібекұлы.

«Алаш» партиясының ағзалық жарнасы бір сом деп жазылған.

«Қазақ» газеті. 1917. № 250.

«Алаш»  партиясы

«Алаш»  партиясына кіруге қазіргі шарт:

«Кіндік      комитетінің       айтқанын        екі       қылмайтын, бұйырғанын дәл орындайтын «Алаш» партиясының программасын жөн көрген адам кіреді»,- дейді.

«Қазақ» газеті .1917. № 253.

 

«Түрік —татар қамқоры»

«…14 ноябрьде Омбыдағы «Алаш» партиясының областной комитетінен мынадай телеграмма алдық:

«Алаштың» дұшпандары «Алаш» партиясын халыққа теріс түсіндіріп, өтірік хабар таратып жұр. «Қазақта» алаш партиясының жобасы  басылып шықса екен».

«Қазақ» газеті. 1917. 12-ноябрь. № 28.

 

«Алаш» партиясының   қоғамдық қызметі.

Партия тарихына қатысты келесі бір мәселе әрине оның қоғамдық қызметі. «Алаш» ұйымдық тұрғыдан қалыптасып үлгірмей-ақ жалпыресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау шарасына қызу араласып кеткен еді. Оның бұл саладағы қызметі мынадай екі бағытта жүрді. Біріншіден, «Қазақ және осы 1917 жылдан бастап шыға бастаған «Сарыарқа» (Семей),
«Бірлік туы» (Ташкент) және «Ұран» (Орал) газеттері партияның бағдарламалық міндеттерін, оның атынан депутаттыққа ұсынылған адамдарды халыққа    таныстырып     жатты. Екіншіден, өзін осы партияның мүшесі санаған оның облыстардағы активистері қазақ комитеттерінің қолдауымен ел арасында үгіт жұмысын жүргізді (26).

Мәселен,     «Қазақ»     газетіне      Құрылтай    жиналысына депутаттар сайлау шарасына дайындық барысы туралы Ақмола облыстық «Алаш» партиясы комитетінен мынадай хабар келіп түседі: «Алаш» комитеті әр уезге Учредительное Собрание сайлауын халыққа түсіндіруге кісі шығарды. Бұлар Ақмола облысының 5 уезінде «Алаш» комитетін ашты. Жұрттың бәрі «Алаш» атынан шыққан депутаттарға тас саламыз, онан басқаның бізге керегі жоқ деп бата қылысып тұр(27). («Қазақ». 1917. №255).

Семей облысындағы сайлауға дайындық барысы туралы «Сарыарқада» мынадай хабар басылды: «Құрылтай сайлауы таянған себепті ел аңдаусыз қалмасын деп, областной қазақ комитеті Павлодар, Семей һәм Өскемен уездеріне 7 кісі шығарды. Семей уезіне шыққандар: Мұстақым Малдыбаев,
Мұхтар Әуезов, Шайхы Мұсатаев, Құрман Есенғұлов, Әшім Нұрмұхамедов    Өскеменге       барып,       ондағы                        ақсақалдар азаматтарымен сөйлесіп, сайлау мәселесін түсіндірушілер шығару үшін Сыдық Дүйсембин кетті; Павлодарға да осы мақсатпен кеткендер Юсуфбек   Аймаутов   һәм   Қаныш Сәтбаев(28).

Осындай мазмүндағы хабарлар жаңа құрылған түрлі
ұйымдардан келіп жатты. Мысалы: Семей облысы Шыңғыс
ауылындағы 35 мүшесі бар «Талап» ұйымы сайлауға байланысты
қабылдаған қаулысында, әрбір мүшесіне «көлігі жоқ кедейлерге
көлік», «шаналы түйе» ұйымдастыруды міндеттеді(29).  («Сарыарқа». 1917. №254). «Қазақ» газеті депутатыққа кандидаттарды таныстыруда мейлінше әділ, обьективті болуға тарасты.   Мысалы,   газет   Бөкей       ордасынан депутатыққа кандидат Уалидхан Танашевты таныстырап, оның заңгер, қазан университетінің түлегі, қазанда қызмет жасап, татар жұртына ұнап, оның атынан Құрылтай жиналысына депутатыққа     ұсынылып   отырғандығын     білдіріп «Елінде   көп тұрмаған соң Бөкей жұрты Уалидханды жақсы білмесе ғажап емес. Уалидхан жігерлі, таза, іскер ұлтшыл, зиялы азамат(30)» деп көрсетеді. («Қазақ». 1917. №247).

Сайлауға дайындық барысында мынадай бір елеулі
оқиға     болды.   Торғай     облысы     бойынша      депутатыққа кандидаттар тізімінде бір уезден және бір рудан шыққан көрнекті үш қазақ зиялыларының есімі аталған еді. Соған байланысты ел арасында түрлі алып-қашпа пікірлер тарайды. Мұны естіген үш кандитаттың бірі М.Дулатов «Қазақта» ашық хат жариялап, онда «Учредительное собраниеге сайланатын депутаттар да Еуропа рәсімімен   сайлануға тиіс еді.

Заман рухына сай елді ұлттық бірлікке басқа да «Алаш» басшылары шақырды. Мәселен, М.Тынышбаев «Учредительное собрание» атты мақаласында «Мен ұлы жүз, сен кіші жүз, анау орта жүз демей, мен аталының баласы, бұл кіші ауылдың баласы демей, бәсекеге түспей, жұрт жолына құрбан болатын келісті адамдарымызды сайлауымыз тиіс» деп көрсетті.

Құрылтай жиналысындағы депутаттық орын үшін талас қазақ облыстарында негізінен социал-революционер (эсер),  социал-демократтар (большевиктер) және «Алаш» партиясы арасында жүрді. Бұл партиялардың халыққа ықпалы қалаларда, көсіпорынды жерлерде  және                          ауыл-селолық мекендерде әрқалай болды. Бұл арада мұндай күрделі мәселегше кең тоқталу мүмкін болмағандықтан аталған партиялардың қазақ жұрты арасындағы қызметіне қатысты өз тұжырымдамамызды   келтірумен шектеледі.

Осы кезеңде жергілікті жағдай анағұрлым күрделі болатын. Біріншіден, 1917 жылдың екінші жартысында бүкіл қазақ облыстары көлемінде қолайсыз ауа-райына байланысты ауыл-шаруашылығында дағдарыс көріністері белгі бере бастайды. Сырдырия, Жетісу сияқты облыстарда тіптен аштық етек алды. Бұған сол уақытқа дейінгі соғыс шығындары, саяси тұрақсыздық қосылып, қалың бұқараны әбден қаңсыратқан еді. Қайсібір аудандарда жұрттың саясатқа көңіл аударарлықтай халі жоқ еді. Сол көңіл күйді айғақтайтын «Бірлік туы» газетінен алынған мынадай бір фактіге назар аударалық: «Жақында астық іздеп елден келген бір кісі басқарушымызға кіріп мына сөзді айтты: «Шырақтарым оқығандар, осы күні ел-жұрттың халі нашар. Елдің барлық үміті комитеттерде, һәм оларда қызмет етіп жүрген өздеріндей оқығандарда(ЗІ). («Бірлік туы»1917 №16).

«Алаш» партиясына мынадай сипаттама берілді:

1)ол контрреволюциялық партия болды;

2)буржуазиялық-ұлтшылдық бағыт ұстанды;

3)бай феодалдар мен мұсылман дінбасыларының мүдделерін білдірді;

4)    исламшылдық пен түрікшілдік идеологиясын уағыздады.
Қазақтың «Алаш»  саяси партиясының аталған сипаттамасы Кеңес
өкіметінің   алғашқы       жылдарының       өзінде-ақ   коммунистік
партияның             қырағы         идеологиялық         бақылауымен қалыптастырылған болатын. «Алаш» партиясының жобасы, оның
идеологиясы,  ұйымдастырылуы мен   қызметіне   қатысты барлық
құжаттарда «Алаш»   саяси   партиясы   қазақ   халқын феодалдық
тәртіптерге      тартқан      кертартпа    ұйым      ретінде   «Ғылыми»
негізделген түрде дәлелденіп,  түсіндірілді.

Коммунистік                        партия        «Алаш»       партиясын контрреволюциялық партия деп санады. «Алаш» партиясына берілген мұндай сипаттама шындыққа мүлде сөйкес келмейді. «Алаш» партиясы I Бүкілодақтық съезде 1917 жылғы шілдеде, яғни қазан революциясына бірнеше ай қалғанда рәсімделді. Сондықтан партияның сол кезеңдегі құжаттарында өлі жеңіске жетпеген большевиктерге қарсылық туралы сөз мүлде болған жоқ. Егер 1917 жылғы ақпан революциясына дейінгі кезеңді алар болсақ, Қазақстандағы саяси қозғалыстың қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев және басқалар патшалық самодержавиеге мейлінше қас, оның еш уақытта бітіспейтін дұшпандары болды.

«Алаш» партиясы мен оның қайраткерлері қазан революциясынан кейін кеңес өкіметіне әлеуметтік-ізгілік принциптерді танымайтын халықтарды, ұлттарды таптық белгілері бойынша ғана бөлетін таптық саяси ұйым ретінде қарсы шықты. «Алаш» партиясының өз идеологиясы болды, оның мәні мүліктік айырмашылықтарына қарамастан, бүкіл халықтың мүдделері бірдей екендігін мойындауға саятын.

«Алаш» «буржуазиялық — ұлтшылдық партия» болды деген большевиктік тезис, біздің пікірімізше, екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі- «Алаш» партиясының «буржуазиялық» сипаты. 1917      жылдың       ақпан      революциясына дейін   «Алаш» қайраткерлері Ресейдің революциялық саяси партияларының тамырын басып,    аңысын аңсады(32).

«Алаш» партиясының     «ұлтшылдығы     да»         ойдан шығарылған және халықтың оны қолдамауы үшін таяз ойлы жандарға ғана арналған еді.   Ұлтшылдық-   идеология, психология, әлеуметтік саясат, дүниеге көзқарас және бір ұлтты екіншісінің бағындыру саясаты, ұлттық ерекшеліктер мен астамшылықты уағыздау, ұлт араздығын тұтандыру, сенімсіздік және жанжал туғызу(33).

«Алаш» партиясы бай- феодалдардың мүдделерін білдірді деген пайымдау да—жала жабушылық. Марксизм жалпы әлеуметтік идеяларды мойындамады, ол тек таптық идеологияны ғана таныды. «Алаш» партиясы өзі пайда болған кезден бастап-ақ халықты байлар мен кедейлерге бөлмей, бүкіл қазақ халқының мүдделерін жақтады.

«Алаш» партиясына тағылған келесі коммунистік айыптау-
оның панисламшылдығы мен пантуркистігі. Ұлт-азаттық қозғалысқы   қосылғандар арасында исламшылдар мен түрікшілдер болғанын теріске шығаруға бола қоймас. Бірақ «Алаш» саяси партиясы діни негізде құрылған жоқ. «Алаш» қайраткерлері исламшылдық идеясын ешқашан- мойындаған емес.

«Алаш» қозғалысының тарихына қазірдің өзінде бірсыпыра еңбектер арналғанымен, осы кезге дейін «Алаш» партиясы Бағдарламасының жобасы жөнінде арнайы зерттеу жүргізілген жоқ. Ал онда қазақ халқының ұлт-азаттығы, саяси, экономикалық жағынан қайта түлеу идеясы қалыптасуының қиындыққа, қасіретке толы бүкіл жолы тайға таңба басқандай айқын   көрсетілген еді.

«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы осы уақытқа дейін өзіне дүниежүзілік ғылыми жұртшылық назарын аударып келеді десек, артық айтқандық бола қоймас. Бұл ретте Алашорда материалдарының Америка Құрама Штаттарында басылып шыққаны дәлел бола алады. Бұл құжатты алғаш орыс тіліне аударғандар большевиктер еді.

«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы орыс тіліне кеңестік кезенде аударылып, жария етілді(34). Өкінішке орай, аударманың осы нұсқасы Алаш тарихын зерттеуде орын алған көптеген қиянатшыл пікірлерге негіз болып келеді.
Тағы рефераттар