Александр Спиридонович Квитков1922 жылы Павлодар облысы Үрілтүп (қазір Железинка) ауданында Железинка селосында жұмысшы отбасында туған. Орта мектепті аяқтаған соң Кайманачихинск совхозында, кейін Үрілтүп аудандық партия комитетінде жұмыс істеді.
1941 жылы наурыз айында армия қатарына шақырылады. 77-ші гвардияшылар дивизиясының, 218-ші гвардия атқыштар полкінің, 5-ші ротаның бөлімше командирі, гвардия аға сержанты Александр Квитков жүздеген шақырым майдан жолынан өтті.
Соғыстан кейін де Кеңес Армиясының құрамында қалды. Әскери училищені бітірген соң, кейін В.И. Ленин атындағы әскери-политехникалық академиясында өз білімін келешек жас жауынгерлерге беруін жалғастырған еді.
А.Квитковтың алғашқы наградасы «Ерлік үшін» медалін Украинаның Киреевка селосы түбінде жау күшіне барлау жасап, онда ерлік және батылдық көрсеткені үшін алды. Бұл жерде басым күші бар гитлерліктер дзоттар орнатып, траншеялар жыртып, қару-жарақ қоймаларын орналастырған еді. Жаудың қару-жарақ нысаналары да Киреевкаға қарай бағытталған еді. Квитков басқарған жауынгерлер түнгі мезгілде жасырын түрде жаудың қорғаныс шебіне барып, барлық оқ жаудыратын орындарын картаға түсіріп өз бөлімшелеріне қайтып оралады. Біздің барлаушыларымыздың белгілеген нақты нысаналары артиллеристерімізге гитлерліктердің қару орналасқан жерлерін жаусатып, қорғаныстарын бұзуға мүмкіндік берді.
Шегінген жаудың ізіне түскен 77-ші гвардия атқыштар дивизиясы Черниговкаға қарай жақындай түсті. Қала маңында кескілескен ұрыс етек алды. Квитков бөлімшесі қатардағылардан бұрын қала ішіне кіреді. Бірақ қираған үйдің бірінін ішінен олардың үстінен бұршақтай оқтың астына алады. Жау пулеметінен атқылаған оқ тоқтаусыз еді. Бірнеше солдаттарынан айырылып қалып, екі солдатымен Квитков сол үйдің ішіне қарай бас ұрады. Жасырын түрде үй шатырына шыққан олар, пулеметтің үнін өшіріп, екі фашисін мерт қылады. Қалғандары тым-тырақай қашқан болатын. Көше жаудан тазартылып, А.С. Квитков екінші мәрте – Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталынды.
Чернигов қаласын тазартқан дивизия ендігі кезекте Днепрге шығады. 1943 жылдың 26-нан 27-не қараған түнде бөлімше командирі Квитков десант қайығымен үздіксіз атқылаған жау оғының астына қарамастан өзеннің арғы бетіне ұмтылады. Оң жақ жағалауға тақағанда снаряд соққысынан қайық аударылып түсті. Кеңірдегіне дейің суық суда қалған Квитков пен оның сарбаздары жағаға шығып, жау траншеясына алғашқылардың бірі болып жақындайды.
Адам санының аздығын ескерген сарбаздарымыз қисынды бағытта оқ жаудыра бастайды. Кеңес әскерилерінің саны артық деп абыржыған олар, ақырындап шегіне бастайды. Іздеріне түскен жауынгерлеріміздің ішінен Квитков окопқа біріші болып кіріп, фашистермен жекпе-жек айқасқа түседі. Бірақ көп ұзамай жау жағы алданғандарын түсініп, қайтадан жоғалтқан бағыттарын қайтаруға ұмтылады. Осы сәтте Квитков бөлімшесі үш мәрте жаудың қайта шабуылын кері қайтарып, біздің полкімізге жағадан өтуге мүмкіндік жасады.
Днепрді жаудан тазартуда көрсеткен ерлігі үшін СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумы 1944 жылы 15 қаңтардағы жарлығымен Александр Спиридонович Квитковқа Совет Одағының Батыры атағын береді.
Тағы рефераттар
- Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау
- Топырақтың органикалық заты және оның топырақ құнарлылығын арттырудағы маңыздылығы (1сағат).
- Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде –заңды тұлға
- Құқық түсінігі, мемлекет пен құқық арақатынас
- Менеджменттің мәні