ХХ ғасырдың соңғы ширегінде әлемде білім революциясы құлаш жайды. Алғашқыда оған жанама құбылыс, ғылыми-техникалық революцияның «әлеуметтік салдарларының» бірі ретінде қарап келді. Білім тек экономикалық және ғылыми-техникалық прогресте ғана емес,сонымен бірге әлеуметтік мәртебелерді бөлуде де шешуші факторға айналды.
Білім беру революциясындағы бірінші көрініс білімді түбегейлі демократияландыру болды. Осы прогрессивті үрдіс жаңа индустриялық, және белгілі бір дәрежеде, дамушы елдерді қамтыды.
Анағұрлым дамыған мемлекеттерде жоғары білімнің барған сайын кеңейе түскен мүмкіндігін жалпыға бірдей мүмкіндікке дейін өсіру туралы мәселе қойылды. Осылардың барлығы қоғамдық сана мен мемлекет саясатына, нағыз революциялық принципті енгізуді дайындап берді: білім-мамандар даярлаудың ғана емес, сонымен бірге ол қоғамның жалпы парасаттылық, технологиялық және мәдени деңгейін арттырудың, қоғамның инновацияларға және прогреске қабілетін демеудің, тұрмыстың осы заманғы стилін (қалпын) қалыптастырудың құралы. Осыдан экономикалық қажеттіліктерге қатаң қызықтаусыз білімді дамыту мүмкіндігі туралы тұжырым жасалады.
Үздіксіз білімнің мәні-ғылыми-техникалық революция жағдайларында білімнің тез арада ескіруіне байланысты кәсіптік жинақылықты көтеруде емес (нақ осындай көзқарас кеңестік және кеңестен кейінгі әдебиетте басым).
Сонымен бірге білім революциясы, бұрын құлаш жайған ғылыми-техникалық революция сияқты түрлі елдер мен аймақтарды тым әркелкі қозғады. Ол дамыған және дамушы елдердің арасындағы алшақтықты одан сайын ұлғайта түсті. Егер дамыған елдерде жоғары білімнің жалпыға бірдейлігі мен жаппай үздіксіз білім нақтылыққа айналса, ал дамушы елдердің көпшілігінде жалпыға бірдей сауаттылық жөніндегі мәселе күн тәртібінен әлі түскен жоқ.
Халықаралық қоғамдастық білімнің адам дамуындағы лайықты рөлін қамтамасыз ету жолымен осы проблемаларды шешу стратегиясын жасады. Ол-«Баршаға бірдей білім» стратегиясы. Оның негізгі принциптері БҰҰ 1990 жылы Джомтьенде ұйымдастырған конференцияда тұжырымдалды. Конференция баршаға бірдей білім туралы Дүниежүзілік декларация қабылдады, декларация, адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясы мен бала құқықтары туралы Конвенцияға сүйене отырып, мынаны жариялады, кез келген бала, жасөспірім және ересек адам осы ұғымның ең жоғары және толық мағынасында өзінің базалық білім қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім алуға құқылы, яғни ол танып-білуді, әрекет жасауды, өзгелермен бірге өмір сүруді және тіршілік етуді үйренуге мүмкіндік беретін білім алуға құқылы. Бұл тақырыпта әр адамның мүмкіндіктерін ашу мен оқитындардың тұлға ретінде дамуына бағытталған білім туралы қозғалып отыр, оның мақсаты адамдардың жеке тұрмыстарын жақсартуға және өз қоғамдарын жаңартуға қолдарын жеткізу.
Білім жөнінде Декарда 2003 жылғы сәуір айында өткен Дүниежүзілік форумда баршаға бірдей білім стратегиясын іске асырудағы онжылдықтың қорытындылары жасалды. Декар форумы адам дамуының аса маңызды компоненті ретінде білімге берілетін екпінді одан сайын күшейте түсті. Форумның «Іс-әрекеттің Декардың шеңберлері.
Баршаға бірдей білім: біздің міндеттемелерімізді орындау» негізгі құжатында, білімнің адам құқықтарының негізгілерінің бірі екендігі атап көрсетіледі. Ол орнықты дамудың, бейбітшілік пен ел ішіндегі тұрақтылықтың және елдер арасындағы қатынастардың кілті болып табылады және осы тұрғыда ол қоғам өміріне және ХХІ ғасырдың экономикасына белсенді қатысу үшін қажетті құрал болып қызмет жасайды, олар жеделдетілген жаһандануда қозғалады.
Декар форумы баршаға бірдей білім стратегиясын одан әрі ілгері жылжытудың 6 мақсатын белгіледі:
- Жас балаларға күтім көрсету мен оларды тәрбиелеу, әсіресе ең осал және үлестен құр қалған балалар жөніндегі кешенді шараларды ұлғайту және жетілдіру;
- 2015 жылға қарай барлық балалар, әсіресі қыз балалар, берекесіз отбасылар мен этникалық азшылықтан шыққан балалар тегін және міндетті жоғары сапалы бастауыш білімді емін-еркін алулары үшін жағдай жасау;
- жас және ересек адамдардың білім алу қажеттіліктерінің оқудың тиісті бағдарламаларына және тұрмыстық машықтарға қол жеткізудің бірдей мүмкіндігі негізінде қанағаттандырылуын қамтамасыз ету;
- 2015 жылға қарай ересектердің, әсіресе әйелдердің сауаттылық деңгейін 50%-ға көтеру және барынша бірдей базалық және үздіксіз білім алу мүмкіндігін беру;
- 2005 жылы бастауыш және орта білімде гендерлік айырмашылықтарды жою қолға алынған болса, 2015 жылға қарай білім саласында жыныстар теңдігіне қол жеткізу болып отыр, бұл орайда қыз балаларға жоғары сапалы базалық білімге толық және тең мүмкіндік беру мен олардың жақсы сабақ үлгерімдері үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлу;
- білімнің барлық аспекттілерінде оның сапасын көтеру және барлығы үшін жақсы үлгерімді қамтамасыз ету, бұл орайда оқудың танылған және баға беруге көнетін нәтижелеріне әркімнің қол жеткізуі, әсіресе сауаттылыққа, есептеу мен маңызды тұрмыс машықтарына қатыстылары ескерілуі тиіс [8, 351б].
Джомтьен және Декар форумдарының базалық білім саласында әзірленген принциптері 1998 жылы 5-9 қазанда ЮНЕСКО Парижде ұйымдастырған жоғары білім жөніндегі Дүниежүзілік конференцияның идеяларымен және нұсқауларымен органикалық толықтырылады. Конференция барлық елдердің үкіметтеріне жоғары білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуді және жоғары білім алудағы бірдей мүмкіндіктерді білім саясатының жетекші бағытын жасауды ұсынды. Ол жоғары білімнің «жұмыс әлеміне» (World of Work) бейімделмеуі, ал өзара іс-қимыл жасауы тиіс екендігін тікелей белгіледі.
Сонымен, дүниежүзілік қоғамдастық білім қызметтерін тек жұмыс күшін құраумен немесе кадрлар даярлаумен шектеуге қарсы шықты. Осыған байланысты Париж конференциясы жоғары мектептің жалпы мәдени және өнегелілік қызметтерінің әлсіреуіне үлкен алаңдаушылық білдірді.
Халықаралық қоғамдастық ең алдымен БҰҰ мен оның құрылымдары әзірлеген, адам дамуының аса маңызды бөлігі ретіндегі білім дамуының стратегиясы білім беруді барлық деңгейлерде жетілдіруді жүзеге асыруға, ұлттық және жалпы адамзаттық мүдделер бойынша оқу жүйелеріне реформалар жүргізуге барлық елдерге көмектеседі.
Елдегі білім жүйесінің бірнеше құрылымдық бөліктері бар, олар-деңгейлік, ұйымдық (ішкі ұйымдық пен сыртқы ықпалдары қосқанда), мазмұндық болып бөлінеді. Кейде әр елдегі білім жүйесін ұлттық үлгі деп атау қалыптасқан. Білім-күрделі және созылыңқы үдеріс, ол қазіргі заманғы көзқарастар тұрғысынан, соның ішінде адам дамуының тұжырымдамасы тұрғысынан адам өмірінің үлкен бөлігін қамтуы тиіс. Осыған байланысты, оның көп деңгейлік құрылымы бар.
ХХ ғасырдың орта шеніне дейін әлемде білім деңгейлері туралы қайсыбір ортақ «халықаралық» ұғым орын алды, ал түрлі мемлекеттер өздерінің дербес оқыту сатыларын белгіледі. Алайда әлемдік экономикалық, ғылыми және мәдени интеграциялардың кеңею және тереңдеуіне, планетаралық ақпараттық кеңістік құруға қарай, ал ең бастысы-еларалық білім беру мен кадр алмасудың жалпыға бірдей және жүйелі практикаға байланысты білім деңгейлерінің халықаралық жіктелімін әзірлеудің қажеттілігі туындады.
ЮНЕСКО қамқорлығымен 1995 жылы Женевада өткен білім жөніндегі Халықаралық конференция білімнің бірінші Халықаралық стандарттық жіктелімін (БХСЖ) бекітті. Алайда, осы жіктелім ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында құлаш жайған білім революциясының қызу үдерістеріне ілесе алмады, ең алдымен білімді саралауға, яғни халықтық түрлі топтары мен жіктерінің білім алулары үшін ең жақсы жағдайлар жасаған сан алуан нысандардың пайда болуына ілесуге шамасы келмеді. Сондықтан 1999 жылғы қарашада ЮНЕСКО Бас конференциясы жаңа БХСЖ қабылдады.
Халықаралық жіктелімнің бастапқы бірлігі болып оқыту бағдарламалары бой көтереді. Олар басты екі бағыт бойынша сипатталады-білім баспалдағы (сатысы) және білім саласы. БХСЖ-ға енгізілген едәуір күрделі және түрлі көрсеткіштердің егжей-тегжейлі сипаттамасын мазмұндайды. «Негізгі сипаттамалар» ұғымына неғұрлым анық және ықшам қабылдау үшін БХСЖ сатыларының деректері сипаттамасының түрлі тармақтарынан алынған көрсеткіштер мен критерийлерді енгіздік, бірақ олар білім беру сатысының мәні мен өзіндік ерекшеліктерін құрайды.
БХСЖ сондай-ақ мынадай білім салаларын қамтиды:
- мұғалімдер даярлау және педагогикалық ғылым;
- гуманитарлық ғылымдар мен өнер;
- әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық;
- жаратылыс ғылымдары;
- инженерлік салалар;
- ауыл шаруашылығы;
- денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру;
- сервис.
Негізгі немесе базалық білім жүйелері келесі негіздер бойынша жіктеліне алады:
- мемлекеттің рөлі;
- білімді басқару мен қаржыландыруда ұлттық және жергілікті әкімшіліктер ролінің арақатынасы;
- ақылы және тегін білім алудің пропорциясы;
- элитарлық пен бұқаралықтың арақатынасы;
- жоғары білімнің құрылымы мен мазмұнындағы түбегейлілік пен практикалық бағдарлық пропорциясы.
Осы белгілер бойынша білімнің екі жүйесін бөлуге болады-американдық (оған жапондық жүйе ұласады) және еуропалық (экономика мен идеологияны толық мемлекеттендіруді ескергенде оның бір түрі кеңестік білім жүйесі болды) жүйелер.
Американдық жүйе білімді қаржыландырудағы мемлекеттің елеулі ролімен өзгешеленеді, бірақ жеке бизнес те сондай-ақ жоғары белсенділік танытады. Мектептер муниципалды органдардың қарамағында болады, ал жеке және мемлекеттік жоғары оқу орындарының арасында шамамен алынған сандық паритет орын алады. Білімді жалпы қаржыландыруда жергілікті қаражат көздері ұлттық қаржыландырудан басым болып келеді. Орта білім негізінен тегін, ал жоғары білім көбіне ақылы, бірақ студенттерге білім қызметтеріне көмек көрсететін тармақталған жүйе бар.
Элитарлық (дегдарлық) және жай университеттер арасындағы білім беру саласында үлкен алшақтық бар. Білім мазмұнын белгілеуде дербестік дәрежесі өте жоғары, мемлекеттік мекемелер оған мүлде араласпайды.
Еуропалық жүйеде-мемлекеттік және тегін білім алу басым. Терең тарихи тамырлары бар университеттер автономиясы жұмыс істейді. Алайда, жалпы алғанда, білім мазмұнындағы орталықтандыру деңгейі американдық жүйемен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Оқу орындарын басқаруда академиялық топтардың ролі жоғары, ал АҚШ-та осы міндеттер көбіне қамқоршылар кеңесіне жүктеледі. Американдық жүйеге қарағанда түбегейлі терең білім деңгейі анағұрлым жоғары.
Қазіргі уақытта жапондық жұмыс күшінің деңгейі біліктіліктің ең жоғары деңгейі ретінде бағаланады. Жапонияда барлық категориядағы жұмысшыларды үздіксіз оқыту маман саясатының стратегиясы және мақсаты ретінде басқа елдермен салыстырғанда ерте мойындалып, жолға қойылды. Үздіксіз оқыту жапон фирмаларында еңбек процесінің құрамдас бөлігі. Әрбір жұмысшы (персонал) оған аптасына 8 сағат уақыт жұмсайды: 4 сағаты жұмыс уақыты және 4 сағаты жұмысшының өз уақыты есебінен. Осы мақсатта тікелей кәсіпорындарда курстар, семинар, оқу орталықтары, тіпті институттар құрылған. Зерттеушілердің есептеулері бойынша, бір жұмыс бастыға шаққандағы оқыту шаралары жапондықтарда американдықтарға қарағанда 3-4 есеге артық. [15,170-185б]
Жапония компаниясындағы кәсіптік білім жүйесінің негізі- «икемді жұмысшы» компаниясы. Оның мақсаты-адамды кем дегенде екі есе немесе үш мамандық бойынша іріктеу және дайындау, одан соң өмір бойы біліктілігін көтеру. Басқаша айтқанда, жапон фирмалары арнайы адам капиталының қорлануына жағдай жасайды.
Үздіксіз оқыту барысында жұмысшының біліктілігін және жалпы мәдени деңгейін көтеру экономикалық әсерді ұлғайтады. Американдық фирмалар тәжірбиесі бойынша, білім беруге салынған әрбір 35 мың доллар 1 млн.доллар көлемінде пайда әкеледі. Оның үстіне, жұмысшыны қайта дайындау оны басқа жұмысшыға ауыстырудан едәуір арзанға түседі. «Дженерал электрик» компаниясының тәжірбиесі бойынша, бір инженерді қайта дайындау жаңа инженерді табу және жұмысқа қабылдаудан үш есеге арзан. Білікті жұмысшыны оқытуға АҚШ-та жылына 12,5 мың доллар жұмсалса, қайта дайындық шығыны жылына бір адамға 10 мың долларды құрайды. [15,170-185б]
Швейцарияда фирмаларының да біліктілікті көтеру бағдарламалары қызығушылықты тудырады. Жоғары оқу орындарын бітірушілері осы бағдарламаны университеттік дайындықтың өндірістегі аяқталуы және қызметтегі өсудің базасы ретінде бағалайды. Ал фирмалар тарапынан біліктілікті көтеру бағдарламалары компанияларды дайындығы жоғары мамандармен қамтамасыз ететін қаржы салымдары ретінде бағаланады.
Францияда кәсіпорындар жұмысшының кәсіптік дайындығына жалақы қорының белгілі бір пайызын бөлуге міндетті. Жыл сайын Францияда фирма есебінен жалдамалы жұмысшылардың 30 пайызы кәсіптік оқыту курстарымен қамтылады, тек 4 пайызы ғана өз есебінен біліктіліктерін көтереді [10, 118б].
Білім беру қызметі рыногындағы келесі жиынтық тұтынушы мемлекет білім беру қызметі өндірісінде микро және макро деңгейлерде қатысады. Мемлекеттің экономикаға микро және макро деңгейлерде полифункционалды араласуы қазіргі экономикалық дамудағы объективті қажеттілік болып табылады. Мемлекеттің білім беру сферасына макро деңгейде араласуы білім беру сферасындағы және еңбек рыногындағы мемлекеттік саясат арқылы жүзеге асады. Яғни, мемлекет білім беру сферасының орта және ұзақ мерзімде дамуының материалды-экономикалық және құқықтық алғы шарттары мен жағдайларын жасаушы процестер жиынтығын жүзеге асырады. Мемлекет, біріншіден, білім беру қызметі рыногы тұлғаларының экономикалық қатынастарын реттеуші құқықтық нормаларды анықтайды және олардың орындалуын бақылайды; екіншіден, ЖІӨ-ді қайта бөлу қызметін атқарады; үшіншіден, білімнің минималды деңгейін анықтайды және қаржыландырады; төртіншіден, білім беру сферасы тұрғысында стратегиялық шешімдер қабылдайды және білім беру стандарттарын анықтайды; бесіншіден, білім беру рыногына салық саясаты, трансферттер және несие ұсыну арқылы әсер етеді; алтыншыдан, оқу орындарын басқаруға нақты шешімдер қабылдайды: лицензия, аттестация, білім деңгейі туралы құжаттарды сертификаттау мәселесін шешеді. Қорыта айтқанда, мемлекет заң шығарушылық және реттеушілік (ынталандырушылық) қызметтерді жүзеге асырады.
Ромердің, Р.Лукастың және басқа да «Экономикалық өсудің жаңа теориялары» өкілдерінің үлгілері көбіне адам капиталы концепциясына негізделеді. Адам капиталының қорлануы бұл теорияларда білім беру саласындағы іс-әрекеттің нәтижесі ретінде қарастырылады. Олардың пікірінше, бұл сала технологиялық өркендеуді қамтамасыз етеді, өйткені, білімге жұмсалған шығындар адам капиталын арттыру арқылы экономиканың жаңа идеяларды өндіру қабілеттерін және ғылым сіңіргіш өндірістегі салыстырмалы артықшылықтарды атқарады. Сондай-ақ, осы және эволюциялық теорияларда білім берудің экономикалық маңыздылығы инновация диффузиясы тұрғысында негізделеді.
Сонымен, адам капиталының анықтаушы элементі-білім беру экономикалық өсудің, әлеуметтік тұрақтылықтың және өркениеттіліктің факторы; оның қалыптасуы елеулі экономикалық ресурстарды қажет етеді. Оның үстіне, білім беруді өндіруде «рынок шарасыздығының» орын алуы да мемлекеттің білім беру қызметі рыногындағы мінез-құлқын анықтайды. Сондай-ақ, мемлекеттің білім беру қызметіне сұранысты осы қызметтің адам құқықтарының бірі екендігімен анықталады.
Кез-келген рационалды тұлға сияқты мемлекет те шекті шығындармен шекті ұтымды салыстырады. Мемлекеттің шығындары мемлекеттік бюджеттен тікелей аударымдар (сыртқы шығындар) және индивидтердің білім алу барысында еңбек процесімен қамтылмау себебінен ЖҰӨ бөлігінің жоғалуы түріндегі ішкі жасырын шығындардан тұрады. Яғни, жоғары білімді мамандардың жұмыссыз қалуы мемлекетке тиімсіз. Себебі, мемлекет өз шығындарын салық механизмі арқылы қайтарып алады.
Мемлекеттің білім беру қызметіне сұранысы оның шығындарының артуымен сипатталады. Өйткені білім деңгейлері жоғарылаған сайын білім беру қызметінің, оқулықтар мен оқу құралдарының көлемі артады және білім беру қызметі өндірісіне жоғары білікті еңбек тартылады.
Отандық білім беру рыногында халықарлық ұйымдардың қатысуы келесідей бағытта жүзеге асырылуда:
- халықаралық ұйымдардың бағдарламалары (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕО, НАТО, МАГАТЭ және басқалар);
- дамыған елдердің мемлекеттік бағарламалары (АҚШ-та USIA, ACCELS, IREX, Германияда-DAAD, Францияда-CNOUS);
- жеке қорлардың бағдарламалары (SOROS, FORD, MacArtur және т.б.)
Білім беру қызметін ұдайы өндіруде халықарлық ұйымдардың инвестициялық белсенділігі өте жоғары. Мысалы: 1991 және 2000 жылдар аралығында ТАСИС-ТЕМПУС бағдарламасы шеңберінде отандық білім беру сферасына 12 млн.евро қаржы бөлінген. 1994-2000 жылдар аралығында 57 жоба қаржыландырылған [4]. Дегенмен, халықаралық ұйымдардың көмегі ұлттық білім беру бағдарламасына қатысты жанама сипатта болуға тиісті.
АҚШ-та 55%-ға жуық жоғары оқу орындары мемлекеттік болып табылады, бірақ ең озықтары – жеке меншік жоғары оқу орындары. Құрама Штаттар қазір заңды түрде мақтан тұтатын алғашқы американдық университеттер жеке меншіктегі университеттер болды, ал анағұрым арзан ақымен оқытатын мемлекеттік жоғары оқу орындарын штаттағы өкіметтер жоғары білім алу мүмкіндігін арттыру үшін ашқан. Американдық білім жүйесінде олар күні бүгінге дейін осындай қызметтерді атқарып келеді – олар «қолдау көрсететін жоғары оқу орындары» іспеттес.
Жапонияда 70%-дан астам университеттер – жеке меншікте. Бірақ ең озықтары, ең беделділері, ең үлгілілері – мемлекеттік университеттер. Бір айтарлықтай жайт, мемлекеттік университеттерде оқуға төленетін төлем жеке меншіктерге қарағанда жоғары.
Тағы рефераттар
- Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау
- Турбо Паскаль тіліндегі таңдау операторы курстық жұмыс
- Әлеуметтік жұмыстағы этикалық принциптердің халықаралық Декларация
- Қоймалық есеп курстық жұмыс
- Германияға қарсы екінші майданның ашылуы