МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1 ТАРАУ ӘЛЕМДІК ҚОНАҚ ҮЙ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫ 4
1.1 Сервистік қызметтің қалыптасуы мен дамуы 4
1.2 Әлемдегі ірі қонақ үй жүйелері 9
1.3 Қонақ үй жүйелерінде көрсетілетін сервистік қызмет түрлері 17
2 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ҚОНАҚ ҮЙ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 31
2.1 Қазақстанда франчайзингтің дамуы 31
2.2 Қазақстандағы әлемдік қонақ үй жүйелерінің дамуы 36
2.3 Қазақстан туризмінің қазіргі жағдайы 40
3 ТАРАУ «АЛМАТЫ» ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ ЖӘНЕ «HYAТТ» ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТТЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ 45
3.1 «Алматы» қонақ үйінің және «Hyatt» қонақ үй жүйесінің жалпы сипаттамасы 45
3.2 «Алматы» қонақ үйінің және «Hyatt» жүйелерін салыстырмалы талдау және қызметтеріне қаржылық-экономикалық баға беру 54
3.3 Дүние жүзіндегі қонақ үй бизнесінің даму тенденциялары, мәселелері және оны шешу мен сервисті жақсарту шаралары мен ұсыныстары 69
ҚОРЫТЫНДЫ 74
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 76
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде қонақ үй индустриясы өзін аймақтағы шаруашылық жүйесінің қуаттылығы ретінде немесе туристік орталықтың және туризм экономикасының маңызды ұйымдастырушысы ретінде көрсетеді. Қонақ үй шаруашылығының дамуына ондағы көрсетілетін сервистік қызметтердің маңызы, қызметтің сапалы, жоғарғы деңгейде болуы өте үлкен үлес қосады. Қонақ үй сервисі – тұтынушы мен қызмет көрсетушінің тікелей қатынасы арқасында қызмет көрсетушінің өз жұмысын атқаруы.
Сервис мәдени іскерлік қатынастағы этикеттік ережелерге көп көңіл бөледі. Іскерлік қарым-қатынас күрделі және көп салалы адамдардың қарым-қатынас принциптерін, олардың бір-бірімен түсіністік байланысынан көрінеді. Іскерлік қарым-қатынас қонақ үй бизнесінің дамуы мен әсерінің өсуіне қажетті іскерлік байланыстарды қалыптастырады.
Қонақтарды орналастыру сервистің негізгі элементтерінің бірі. Қонақ үй индустриясы – қонақжайлылықтың негізі болып табылады.
Ол ертеден келе жатқан адамзат тарихындағы қонақты күту, қабылдау мен қызмет көрсету салтанаты сияқты қалыптасқан тұрмыс–салт мәселелерінен бастау алады.
Қонақтарды орналастыру жүйесі мен үй жабдықтары, негізінен, сервисті әр-түрлі уақытша келушілерді қабылдауға және қондыруға арналған әр-түрлі деңгейдегі (бастырмадан бастап, зәулім қонақ үйлер) әр-түрлі типтегі үйлер. Қазіргі таңда қонақ күту индустриясы — қуатты аймақтық шаруашылық жүйесі немесе туризм экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын туристік орталық ретінде қызмет жасайды.
Қонақ күту индустриясының жүйелігіне: ұжымдық түрде немесе жеке адамдарды қабылдайтын отельдер, қонақ үй типтес мотелдер, жастар тұратын жатақханалар, апартаменттер, туристік жатын орындар, сол сияқты туристерді орналастыруға қатысатын жеке секторлар жатады.
Әлемдік қонақ үйлер дами келе жүйе немесе тізбек құрайтын болды. Қонақ үйлер жүйесі бірнеше қонақ үй құрамынан тұрады. Жүйенің артықшылығы – бір елде тараған қонақ үй және сервис түрлерін басқа елдерде де қолдану. Осылайша қонақ үй шаруашылығы кешеуілдеген елдерде әлемдік қонақ үй жүйесіне жататын қонақ үй салу арқылы ол елдің қонақ үй шаруашылығын дамытуға болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Әлемдік қонақ үй жүйелерінде көрсетілетін қызметтерге және Қазақстан қонақ үйлеріндегі қызметтерге сипаттама беріп, оларды салыстырып, талдау, анализ жасау.
Дипломдық жұмыстың міндеті:
- Әлемдік қонақ үй жүйелеріндегі сервистік қызметтің дамуына және түрлеріне тоқталу;
- Қазақстан туризмінің қазіргі жағдайын талдау;
- «Hyatt» әлемдік қонақ үй жүйесінің дамуын «Алматы» қонақ үйінің дамуымен салыcтыру.
Дипломдық жұмысты жазарда, зерттеу әдістері қолданылды — анализ, салыстыру, баға беру.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Бұл жұмыста қонақ үй бизнесіндегі сервис туралы толық мағлұмат қарастырылып, Қазақстанда қолданылмайтын сервис түрлеріне кедергі болып тұрған мәселелер қарастырылып, талдау жасалып, қорытындылар мен ұсыныстар беріледі. Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы талданып, проблемаларын шешу жолдары туралы ұсыныстар енгізілді. Әлемдік қонақ үй жүйелерінің дамуына тоқталып, Қазақстандағы қонақ үйлер жұмысымен салыстырылады.
Негізгі Ескерту — Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін қонақ үй бизнесін ұйымдастыру мен экономикалық шаруашылығын талдаудағы шетелдік, отандық тәжірибелердің көрсеткіштеріне негізделген түрлі әдістемелік нұсқаулар, қонақ үй әкімшілігінің құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар және тағы басқа мәліметтік ақпараттар алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, 3 негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 20 кестеден және 8 суреттен тұрады. Дипломдық жұмыстың көлемі – 77 бет.
Дипломдық жұмыс / 78 бет
Тағы рефераттар
- Құқықтық психология
- Қабілеттер мен ерік
- Тұлға социологиясы
- Елдегі тарихи жағдайлар мен саяси-әлеуметтік ахуал
- Философия және ғылым