Дәріс мақсаты:
- Топырақ–географиялық аудандастыру принциптері туралы түсінік
- Топырақ карталарын құру принциптері
- Биоклиматтық зоналардың топырақ карталары
- Жерпайдалану топырақ карталары
- Топырақ ресурстары
- Топырақ карталарын құру әдістемесі
Топырақ-географиялық аудандастырудың мақсаты — топырақ жамылғысының құрылымы мен құрамының ұқсастығына қарай территорияларды жергілікті аймақтық аудандарға бөлу арқылы тиімді пайдалану жүйелерін қарастыру. Топырақ-географиялық аудандастыру жағынан топырақ жамылғысының картасына негізделген. Оған қосымша геологиялық карта, жер бедерінің картасы, төрттік дәуір шөгінділері, өсімдіктер мен климаттық карталар да пайдаланылады. Топырақ-географиялық аудандастыру карталарында бір-біріне бағынышты болып кіретін бірнеше территориялық таксономиялық өлшемдер көрсетіледі, ірі аймақтар кішірек бөлімшелерге бөлінеді.
Барлық территориялар үшін: :
1. Топырақ-биоклиматтық белдеу.
2.Топырақ-биоклиматтық облыс.
Жазық территориялар үшін:
3.Топырақ зонасы немесе зонашасы
4.Топырақ провинциясы
5.Топырақ округі
6.Топырақ ауданы
Таулы территориялар үшін:
3.Таулы топырақ зонасы
4.Таулы топырақ провинциясы
5.Таулы топырақ округі
6.Таулы топырақ ауданы
Топырақ-биоклиматтық белдеу — топырақтардың көлбеулі зоналар мен биіктік белдеулердің радиациялық және жылу жағдайларының біртектестігі.
Топырақ-биоклиматтық облыс — топырақ зоналарының тек радиациялық және жылу жағдайлары ғана емес, сонымен қатар ылғалдану және құрғақтану жағдайларының біртектестігі.
Топырақ зонасы — зоналық топырақ типінің және соған қатарласа кездесетін зонааралық топырақтар ареалдары.
Топырақ провинциясы — топырақ зонасының кейбір топырақ және оның түзілу ерекшеліктеріне байланысты (ылғалдану. құрғактану немесе температуралык өзгерістері) — зонаның бір бөлігі.
Топырақ округі — топырак провинциясның жер бедері мен топырақтүзуші жынысқа байланысты топырақ жамылғысының біркелкі құрылымда кездесетін топырақ провинциясының бір бөлігі.
Топырақ ауданы – топырақ окрутінің жергілікті жағдайларға, тіпті кейде әкімшілік бөлінісіне қарай бөлінетін ең кіші бөлігі. Сонымен бұрынғы Одақ көлемінде келтірілген топырақ-географиялық аудандастыру өлшемдері бойынша 5 топырақ-биоклиматтық белдеу, 13 топырақ-биоклиматтық облыстар, 26 топырақ зоналары мен зонашалары, 108 топырақ провинциялары бөлінген.
Әлемдік топырақтарды географиялық аудандастырудың соңғы әрекетін М.А.Глазовская (1981) жасады. Бұл автордың көзқарасы бойынша жоғарыда келтірілген ең ірі аудандастыру өлшемі — топырақ-биоклиматтық белдеудің орнына топырақ секторлары, одан кейін топырақ облыстары қабылданған.
Біз бұл оқу құралында жалпы әлемдік масштабта қабылданған В.В.Докучаевтың идеяларына сүйенген табиғатта топырақтардың түзілу және таралуының негізгі заңдылықтарын баяндаумен ғана шектелдік (10-сурет).
Болжамды континенттің көлденең зоналығының жалпы сызба-нұсқасы.
М.А.Глазовская оқулығынан (1981).
Зоналар: Арп – арктикалық шөл (Арш), Г – тундра топырағы (Т), Д – шымды субарктикалық топырақ (Ш), Тм – тайгалық-тоңды топырақ (Тт), Пл – күлгін және күлгіндеген топырақ (Кт), Л – орманның сұр топырағы (Ост), Б – құба топырақ (Қбт), Чп – прерияның қаратопырақтәріздес топырағы (Қп), Ч – қартопырақ (Қ), К – қызғылт-қоңыр топырақ (Тт), Сб – шөлді даланың құба топырағы (Дқ), Кч – қоңыр топырақ (Қңт), Скч – сұр-қоңыр (Сқң), С – сұртопырақ (С), Чпк – қызғылт-қара прерия топырағы (Қпқ), ЖК – қызыл және сары топырақтар (СҚ), Пс – қоңыржай, субтропиктік және тропиктік белдеулер шөлдерінің топырақтары (Тш), Кб – шөлденген саванналардың қызылтқым-құба топырақтары (Тсқ), КБ+Ккч – құрғақ саваннаның қызыл-құба және ксерофитті бұталардың қоңыр-қызыл топырағы (ҚҚ+Қңқ), Кр – савннаның қызыл топырағы (Қз), Ф – сары және қызыл-сары ферралитті топырақ (Ф).
Өзін-өзі қадағалауға арналған сұрақтар:
- Топырақ типтерінің аудандастыру қағидалары қандай?
Топырақ карталарын құру қағидалары.
Тағы рефераттар
- Инвестициялық саясат негіздері
- Қоғамның әлеуметтік құрылымы
- Адам іс-әрекетінің түрі мен дамуы
- Афина мемлекетінің сот жүйесі
- Атмосфералық ауа мен климаттық ресурстарды қорғау