Әлемнің топырақ жамылғысы  және оның таралуы. Семинар сабақ

Сабақтың мақсаты:  Әлем топырақтарының географиялық топтары және оның таралу заңдылықтарымен танысу және талдау.

Семинар сұрақтары:

  1. Полярлық белдеу топырақтары.
  2. Бореальды  және суббореальды белдеулер топырағы.
  3. Субтропикалық және тропикалық белдеулер топырағы.

Әдістемелік нұсқаулар: Барлық әлем топырағы алты географиялық топқа бөлінген. I топқа полярлы белдеу мен полярлық тундра топырағы және суб- полярлы тундраның глейлі топырағы, ал II –III топқа қоңыр салқын бореальды

облыстар топырақтары, IVтопқа субтропиктік белдеу топырағы,V топқа     тропиктік белдеулер, VI топқа  ішкі зоналық топырақ түрлері біріктірілген.

Студенттер семинар сұрақтарына  дайындалу үстінде осы алты топтың топырақтарының таралу заңдылықтарымен және әлем  топырағының классифи- кациясымен танысады. Топырақтың таралуы көлденең және тік белдеулік бағытта таралған. Тундраның өзі  терістіктен оңтүстікке қарай үш зонашаға бөлінеді: арктикалық тундра, кәдімгі тундра, орманды тундра.

Сол үшін  алты топтағы әрбір топырақ зонасының және топырақ зонашаларының  топырақ түрлерін талдау барысында  оның ерекшеліктеріне  баса назар аудару керек.

Әдебиеттер:

1. Почвоведение   Учебник/под. ред. И. С. Кауричева . М.: Агропромиздат,1989

2. Глазовская М.А. Почвы мира. В 2-х томах. -М., 1973.

3.Жамалбеков Е.Ү, Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.

4.Науменко А.А. Эколого-генетический анализ почвенной карты Казахстана//Вестник КазГУ Сер. Географическая.1996. №3

5. Герасимов И.П., Абсолютный и относительный возраст почв// Почвоведение. 1969. №5.

Рефераттар тақырыптары:

1. Топырақ жамылғысына  автокөліктердің тигізетін ықпалы.

2. Бореальды белдеулер топырағы құрлымының ерекшеліктері.

3. Құрғақ және шөлді дала топырағы.

4. Әлемнің топырақ қорлары.
Тағы рефераттар