Әлеуметтанушылар әлеуметтік өмірдің түрлі құбылыстары туралы эмпириялық материалдар жинастыру әдістерін анықтады және оны статистикалық түрде өңдеу техникасын әзірледі. Зерттеу техникасы мен ресімі бұл әдістерді танымал етті және оны тек әлеуметтанудан тыс қолданысқа енгізеді. Алғашқы ақпаратты сұрау арқылы жинаудың нақты әдісі алғаш рет педагогикада әзірленді де, оқушылар мен мүғалімдерді зерттеуде және мұғалімдердің әлеуметтік құбылыстарды бақылауда қолданылды.
Қазіргі кезде әлеуметтік және әлеуметтік психологиялық әдебиетте педагогикалық зерттеулерде есепке алынатын сұрау жүргізудің негізгі қағидалары мен оны дайындау, өткізудің ережелері анықталған. Педагогикалық зерттеулерде жазба және ауызша сұрау қолданылады сұрақтары тәртіп бойынша, педагогикалық үрдістің нақты мазмұнын айқындаумен байланысты:
-мазмұны білімді меңгеру деңгейін, қалыптасуын бағыттылығын, нұсқаулығын, дамығандығын, тұтынушылығын, тұлғаның жағдайын және оның әлеуметті қоршауын анықтауға мүмкіндік береді;
— ашық сұрақтар сипаты респонденттерге өз көзқарастарын оны бейнелеу арқылы білдіруге жағдай тудырады;
Сұрау логикалық, мақсатта бағытталған түрде болуы тиіс, екі мәнділікпен ерекшеленбеу керек, әдепті үлгіде беріледі.
Тағы рефераттар
- Аудиттің постулаттары, стандарттары және нормалары
- Фирма пайдасының бөлінуі және пайдалануы
- Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу
- Орта ғасырлардағы Италия мәдениеті
- Что для нас значит историческая память?