Әлеуметтік қызметкердің этикет праблемасына ғылыми көзқарастарды талдау туралы қазақша реферат
«Әлеуметтік жұмыс» түсінігі бірнеше мағыналы түсінігі бар, ол анықталған қоғамдық құбылысты білдіруге қолданылады, қоғамдық ғылым бір өз теориясы, методологиясы, категолриялық жүйесі, кәсіби әрекеті сонымен қатар оқу пәні болады.
Әлеуметтік жұмыс:
1) сақтандырудан, қолдаудан әлеуметтік қызметте қиындықтары бар бөлек тұлғаларға адамдар тобы және қоғамға жекелей және қоғамдық көмек көрсететін әлеуметтік іс-әрекеттің түрі. Әлеуметтік жұмыста әлеуметтік және гуманитарлық мәселелерді шешуге принциптерін және ғылыми бағыттар қатарын қолданады.
2) көп деңгейлі сипатты оқу пәні, ол жоғарғы және орташа арнайы оқу орындарында оқытылады, сонымен қатар әлеуметтік ортаның қызметкерлеріне өз білімін жоғарылату жүйесінде де оқытылады. Оның мақсаты мен міндеттері әлеуметтік жұмыс технология жүйесіндегі теориялық білімімен және керек мәліметтер мен білетінін оқыту, болашақ әлеуметтік қызметкердің өз-өзін тәрбиелеумен өзінің кәсіби сапасын қалыптастыры алады.
Әлеуметтік жұмысты адамдарды мемлекеттік және мемлекет аралық іс-әрекеттің спецификалық түрі ретінде, тұрғындардың өмірін мәдени, әлеуметтік және материалдық деңгейде қамтамасыз ету мақсатымен анықтауға болады.
Әлеуметтік қызметкер әлеуметтік жұмыс теория негіздерін пайдаланады. Оның қайырымдылық, ұяты, адамгершілік, адамзаттық және әлеуметтік әділеттілік сезім-талдылығы сияқты арнайы кәсіби және адамгершілік сапасы болу керек.
Әлеметтік жұмыстың негізгі категориялары – көмек беру түсінігі.Әлеуметтік жұмыс ауру адамдарға, әлеуметтік қамтамасыз етілмеген адамдарға қолдау мен көмек қажет ететін адамдарға экономикалық, психологилық көмек көрсететін нақты практикалық әрекеттің жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Жалпы әлеуметтік жұмыстың әрекет ретіндегі мақсаты адамның қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, құқықтық қатынастарын реттеу, оған туындаған проблемаларын жеңугекөмектесу және қолдау көрсету болып табылады. Ал әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі мақсаты нақты әлеметтік процесстердің заңдылықтарын, жұмыс істеу қағидаларын және дамуын, қоғамдағы жеке адамның азаматтық құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін психолого-педагогикалық және басқарушылық факторларының динамикасын зерттеу.
Әлеуметтік жұмыс саласындағы белгілі ресейлік маман С.И.Григорьевтің айтуынша, әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі пәніне адамның жеке және әлеуметтік субъективтивтілігінің өмірлік күшін қалыптастыру мен жүзеге асыруға әсер ету заңдылықтары, сондай-ақ өмірлік күш пен оларды жүзеге асыруға, реабилитациялауға арналған құралдарды біріктіру механизмін жетілдіру жатады.
Одан да басқа айқындамалар ұсынылып отыр. Мысалы, профессор П.Д.Павленектің ойынша, әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде адамның іс-әрекетінің салаларын көрсетеді дейді, ондағы оның қызметі әлеуметтік сала және белгілі-бір шындық – мемлекеттік, қоғамдық және жеке ұйымдардың өзіне тән әлеуметтік іс-әрекеттері, жеке адамның, отбасылардың, басқа да қоғамдағы топтар менг жіктердің әлеуметтік проблемаларын шешуге бағыттылған мамандар мен белсенділер туралы объективті білімді жасау және теория жүзінде жүйелеуден тұрады.
Қазақстандық мамандардың пікірінше, әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі объектісіне әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың өмірлік мүдделерін жүзеге асыруға әсер етуді реттеп тұратын және қоғамда әлеуметтік үйлесімділіктің дамуына бағытталған байланыстар, өзара әрекеттестіктер, механизмдер, тәсілдер мен құралдар жатса, пәніне әлеуметтік процестердің дамуының заңдылықтары мен қағидалары, олардың қоғамда жеке бастың азаматтық құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін әртүрлі факторлар динамикасы жатады.
Көзқарастардың мұндай алуан түрлілігітүсінікті де. Ол әлеуметтік жұмыстың дербес ғылым ретінде және оқу пәні ретінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінде әлі де болса қалыптасу, осы саладағы шетелдік тәжірибені игеру кезеңінде екендігіне байланысты. Тек ірі еуропалық және солтүстік америкалық жалпылама теоретика-методологиялық зерттеулерді ТМД елдерінің ғылыми шеңберіне енгізудің өзі әлеуметтік жұмыстың он мыңнан астам тұжырымдамаларды құрады.1
Жалпы әлеуметтік жұмыстың теориясының бөлімі ретіндегі пәніне адамдардың күштері мен әлеуметтік маңызы бар қажеттіліктерін қалыптастыру мен жүзеге асыруға, туындаған проблемалық жағдайларды жеңуге әсер ететін заңдылықтар мен технологиялар болып табылады.
Әлеуметтік қызмет — әлеуемттік қатынас саласында адамдарға кәсіби көмек көрсету үшін құрылған құрылым.
Әлеуметтік қызмет – бұл әлеуметтік өлшем жүйесі, сонымен бірге мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдасқан құрылымдардың халыққа әлеуметтік қызмет көрсету және олардың өмірлеріндегі қиын жағдайларына көмек көрсету, азаматтардың ауыр жағдайды жеңіп өздерін жігерлендіруіне ұмтылдыру.
Әлеуметтік қызмет көрсету қазіргі кезде мемлекеттік жүйенің халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің ажырамас бөлігі, әлеуметтік саланың нағыз бір жетекші дамыған қозғалысының компоненті. Қазіргі әлеуметтік қызмет көрсетудің құрылған жүйесі – бұл қоғамның әлеуметтік маңызды саласы, миллиондаған адамдардың көшпелі кезеңдегі қиындықтарын әр түрлі әлеуметтік-адамгершілік қызмет тәсілдерімен, бейімделуге бағытталған, әлеуметтік оңалту немесе жекелеген адамдарды, отбасыларды кіріс жиынтықтары белгілі қиын, ауыр жағдайға тап болған адамдарға көмектесу.
Әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік қызмет жұмыстары әлеуметтк-экономикалық қолдау, әлеуметтік – тұрмыстық көрсету, медициналық — әлеуметтік, психо-педагогтік, құқықтық қызметтер көрсету өмірде қиын жағдайға тап болған жекелеген адамдармен отбасылардың әлеуметтік бейімделулері мен оқалуларын жүзеге асыру.
Әлеуметтік қызмет көрсету әлеуметтік-экономикалық қолдау, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, психологиялық-педагогтық, құқылық қызмет көрсету, қиын, ауыр жағдайларға тап болған жекелеген адамдар мен отбасыларды оңалтумен олардың әлеуметтік бейімделуін жүзеге асыру деп түсіндіріледі.
Р. Баркердің әлеуметтік жұмыс сөздігінде әлеуметтік қызмет көрсету өздеріне-өздері қажет қызмет көрсете алмайтын, біреудің көмегін қажет ететін адамдардың қажеттілігінің орындалуына, олардың дұрыс жетілуіне нақты әлеуметтік қызмет көрсету делінген.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет жұмыстарын реттеп отыру үшін негізгі болып, заңнама – нормативті актілер табылады:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 1993 жылғы 17-қарашадағы № 57 “Жалғыз басты қариялар мен еңбекке жарнамсыз азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің ережесін бекіту туралы” бұйрығы.
“Жалпы типтегі мүгедектер мен қариялардың интернат – үйлерінің Ережесі туралы” еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі 1997 жылы 13-тамызда бекіткен бұйрығы.
“Психо-неврологиялық интернаттық Ережесі туралы” еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бекіткен 1997 жылы 23-тамыздағы бұйрығы. Әлеуметтік қызмет көрсету мынандай принциптерге негізделеді: атаулы, өз еркілік, адамгершілік, приоритеттілік қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға кәрі адамдар мен мүгедектерге қызмет көрсету құпияны жарияламау, аурудың алдын-алу бағыты: адам мен азаматтың құқығын сақтау; әлеуметтік қызмет көрсету тәртібінің барлық түрлерін ұстану.
Әлеуметтік қызметтің негізі әлеуметтік жүйе ретінде түр құрылымын түсіну, әлеуметтік қызмет көрсетудің түр мен тәсілдерін анықтау, халыққа жекелеген мекеме құрылымдарында әлеуметтік қызмет көрсету; аумақтық және ведомстволық элемент жүйлерімен әлеуметтік қызмет; әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру; әлеуметтік қызмет көрсетуде ресурстық қамтамасыз ету.
Айтылған жүйелік және әлеуметтік қызмет көрсету элементтерін тұрақтылық, нақтылық, сапалы айқындылық, халықты тиімді әлеуметтік қолдауға бағытталған. Сондықтан да әлеуметтік қызмет көрсетудің мәні мекмелердің халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуі, нақты аталған әлеуметтік қызмет әр түрлі субъектілердің әлеуметтік жұмыстары. Әлеуметтік қызмет құру мәселесі аумақтық сонымен бірге ведомствалық позициядан қаралу керек. Әр түрлі Министерлікпен ,ведомоствалардың әлеуметтік қызметі аумақтық әлеуметтік сеттің ажырамас бөлігі болады. Бұндай аймақтық бүгін жиі болып саналмайды. Халыққа әлекметтік қызмет көрсетудің мекемесі екі әкімшілік бағынышта болады және көп қаржыландыру көрсету көздері болады. Алайда тәжірибе жүйелік әлеуметтік қызмет төңірегінде бөлек ведомствалар барын айта алады: денсаулық сақтау, білім беру, МВД, халықты жұмыспен қамту және т.б.
Қазіргі заманда мүдделі болып ресми құжаттар мен әр түрлі министерствалар ведомоствалардың әлеуметтік қызметке бар қатысы бар мәселелер бойынша болады. Оларды сарапатау әлеуметтік қызметті дамыту мен ұйымдастыруда екі ерекшелік барын көрсетеді.
Әлеуметтік қызметті халықтың жекелеген санаттарына – жастарға, балаларға, әйелдерге, отбасыларға және т.б. сет құру қажеттілігіне талпынысқа негізделу.
Әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық жүйесін құру қажеттілігіне негізделген олар мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық және жекелеген мекемелер мен кәсіпорындардың әлеуметтік қызмет көрсетуде олардың ведомоствалық бағыныштылықтарына қарамай үйлесуге және өз қызметтерін жөндеп отыруға талпыну.
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі қызметінің екі тобы бар:
— қызмет – жұмыстарының негізгісі (профилактикалық, әлеуметтік-оңалту, бейімделу, қорғап-күзету, әлеуметтік қамқорлық);
— мәдени – адамгершілік қызметтері (жеке тұлға ретінде адамгершілік).
Бұндай тәжірибелік жүзеге асыру әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық элементтерімен түр деңгейлерімен тығыз байланысты. Әлеуметтік қызмет көрсетудің қызметтері макро және микро деңгейлерімен әлеуметтік қызмет көрсетудің негізінде көрінеді. Әлеуметтік қызметтің негіздері олардың мақсаттық бағыттарына, қызмет саласы мен әрине әлеуметтік қызметтің клиенттерінің контингент спецификасы байланысты бөлінеді.
Шаруашылық экономикалық байланыстар қарқынды ыдырай бастады. Мүліктік дифференцация процесі жеделдетіліп ұлтаралық келіспеушілік орын ала бастады. Сөйтіп қоғамда терең әлеуметтік наразылықтардың қалыпты алғы шарттары пайда болды. Әлеуметтік шиеленістердің өсуіне әкелді. Осындай жағдайда әлеуметтік ортада реформа жасап, халықты әлеуметтік жағынан қорғаудың тиімді жолдарын жасау қажеттілігі туындайды.
Өркениетті қоғамның ерекше көрінісі ретінде әлеуметтік жұмыс мәселелері бой көтерді. Адамның тарихи және өзіндік есейуі диалектикалық процесте көрінетіні белгілі. Ол дегеніміз, біріншіден,адамның адамзаттық деңгейіндегі әрекеті болса, екіншіден, өзіндік біркелкілігін сақтай алу деген сөз.
Жалпы адамзаттық құндылықтар ең өзекті мәселелердің біріне айналып, жеке дербес өзгешеліктерімен көрінуі ерекшелене бастады. Олар өзара тығыз байланысты. Өйткені әркім мөзіндік ерекшелігін көрсетіп, даралана алмаса адамзат туралы жалпы адамзаттық құндылық туралы айту да мүмкін емес.
Сонау Платон мен Аристотель ертедегі Христиандық социал – утопистер Кант пен Гегель, Маркс идеяларынан бастап, әлеуметтік әділеттілік мәселесі жалпы адамзаттық құндылық қатарына енеді. Бірақ оның түсінілуі, жүзеге асуы жөніндегі ой-пікір бірдей емес, тіпті белгілі дәрежеде қолайлы жағдайлар жасалған адам құқы жөніндегі заңдар жүйесі қалыптасқан қоғамның өзінде де қоғам мүшелерінің көпшілігі өмір сүру деңгейлеріне қанағаттанбайтындығын білдіріп отырады.
Көптеген әр түрлі бейнелер арасындағы қазіргі қоғамның жағдайын және тенденциясын дамуын анықтауда екі ерекшелік бар. Олардың мағынасын бағалау қиын.
Оның біреуі мемлекеттік қызмет әлеуметтік құжаттарға және әлеуметтік бағыттылықққа ие болады. Яғни, даму приоритеттерін анықтау кезінде қоғамның жоғары құндылығы ретінде адамның қажеттіліктерін есепке алады. Осыған сәйкес мемлекеттік әлеуметтік саясат құрылады. Қандай бір өркениеттік қоғамның ажыратылмайтын саласы болып әлеуметтік қорғау жүйесінің эфективті және тармақ құру болып табылады. Басты мақсат қиын жағдайларға тап болған индивидтерге, топтарға күнделікті және жан-жақты көмек көрсетеді.
Екінші бір ерекшелігі бұл кәсіби қызметкерлер әр түрлі бейнедегі саланың этикалық бағалау өлшемдерін қоғамға әкелу күшие түсті. Тек кәсіби ассосация бірліктік. Осы сұрақтар бойынша тек пікірлерін айтпайды, сонымен қатар әр түрдегі кәсіби этикалық кодекстер немесе стандарттар қабылдайды.
Сұрақтар арасында кәсіби қызметпен байланысты адамдардың өзара қарым-қатынасының жетілдіру тоқтаусыз шешім қабылдауды қажет ететін – бұл конструктивті жағдайда тұлғалар арасындағы қарым-қатынас құруға ұмтылу, әр түрлі жағдайда кәсіби әрекетті реттей білу. Осыған байланысты нормалық этикаға сәйкес әлеуметтік қызметтің кәсіби әрекеті туралы өте терең сұрақ туандайды.
Әлеуметтік қызметтің этикалық бағалау қызметінің міндеті, яғни әлеуметтік жұмыс қайырымдылық болған кезде жеке тұлғаның және олардың бірлестіктері жағынан мейірімділік актісі болған кезде маңызды болған жоқ.
Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыс қоғымының және мемелекеттің ажырамас бөлігі, бұл әлеуметтік қызметкерлер саясатқа, экономикалық қоғамның әлеуметтік құрылымына және қоғамдың қарым-қатынастарға қосылады, халықты әлеуметтік қорғау саласында этикалық нормативтік қызметтерін формализациялау үшін қажеттіліктер пайда болады. Соған сәйкес мемелекет және қоғам үшін барлығы әлеуметтік институттарға, әлеуметтік қорғау институттары және әлеуметтік жұмыстарға басты міндеттерді орындайды – социумды сақтау және стабилизациялау міндеті, болашақта жан-жақты дамыту үшін қоғамдық қарым-қатынастарды қолдау және гармонизациялау және шарттарды қамтамасыз етуге, яғни жағдайға байланысты мемелекетті қауыпсыз және стабилділікті қамтамасыз ету факторлырының бірі.
Кәсіби қызметкерлердің қандай да бір гумандық және адамгершілік саласында адамгершілік нормаларының ерекшелігін құру және анықтау туралы айта кету керек пе?
Осы сұрақтар екі түрлі шешеуге болады. Классикалық подход, мұнда кәсіби қызметтегі этика сұрағын қарасытарды, бұл қызметтін мазмұнына қатысты және этикалық бағалауға әкеліп соқтырады. Яғни өзі оның қоғам үшін бағалы. Бұл жағдайда біз кәсіби қызметкерлердің этикалық ерекшелік саласында басқармаймыз, керісінше жалпы адамзаттың нормаларын және стандарттартары мен ең бастысы — сол құндылықтарымен яғни, база ретінде қазіргі қоғамды басқаруды және қабылдайды.
Екінші – инновациялық – бұл подход қызметкерлердің нәтижесін бағалауды ұсынбайды, сонымен қатар қызметкерлердің өзін, оның мәнін және мазмұнын – оның мақсаты және міндеттерін, мотивтерін, құралдары және әрекеттері қойылған мақсатқа жеті үшін мекеменің және мамандардың қабылдауы бұл қарапайым шараларда қоғам және мемлекет немесе әр түрдегі ресми және ресми емес ұйымдар жағынан бақылаудың пәні болмайды.
Әлеуметтік жұмыстарда кәсіби әрекеттің этикалық регламентациясын қажет ету бақыланады. Осы құбылыстардың басты себептерін мыналарды есептеуге болады:
- Біздің еліміздің жалпы рухани және адамгершіліктік құлауы жағымды құндылық бағдарларын құлдырауы қоғамдық мүше ретінде әлеуметтік қызметкерлердің нақты адамгершілік бейнесіне әсер етпейді. Қазіргі Ресейлік қоғамның даму шарттары, мұнда адамдар үшін бірінші кезекте жеке жетістіктеріне жетуге ұмтылу, осы үшін барлық мүмкіндіктерін қолдану, ал басқалар үшін қандай шаралармен болмасын физикалық жағынан өмір сұру. Қоғамның моральдық өзін-өзі құлдырауы жаңа гуманистік құндылықтарға қарағанда тез жүреді. Тарихи практика көрсеткендей, мұндай кезеңде этикалық нормалардың жоғарлануы тұлғаның әлеуметтануы және тәрбиелеу процесінде бейімделуі заңды және объективті түрде екінші жоспарға көшу.
- Біздің елімізде әлеуметтік жұмыстың жоғары статусы және пристижі жоқ. Бұл біз елімізде жас мамандық болғандықтан түсіндірілмейді. Мұның себебі олардағы заңдылық базаның жетпеуі, әлеуметік қызметкерлердің және әлеуметтік қызметтің жеке тұрлерінің саны жетпейді. Мұнда кадрлар ісіне де байланысты, олар өздерінің міндеттерін әрқашанда сауатты және толық көлемде орындалмайды: әлеуметтік қызметкерлер көбінесе практикалық және теориялық дайындық жұмысына жеберілмейді, жұмыс процессі және одан кейін квалификацияны жоғарлату курсында отырып кәсіби қызмет дағдысын алады, олар ЖОО-дарға немесе орташа арнайы оқыту мекемелерінде оқытылады.
Бірақ кәсіби дайындығына ғана байланысты емес, яғни мамандардың квалификациялық деңгейде. Ондай жұмыссыздық жағдайында бюджеттік ұйымдардың еңбек, жұмыскерлеріне төмен деңгейде ақы төлеу, (оған әлеуметтік қызметке де қатысты) зейнетақы және еңбекақының кешігіп төлеуі немесе төлемеу жағдайда, әлеуметтік жұмысқа кездейсоқ адамдар келеді. Мұнда берілген қызмет түріне моральды дайын емес, тек олар үшін алдына тұрғын мақсатын қиын жағдайын өткізу, өмір сүру қандай да бір жұмыстарын бағалауға ұмтылу. Осындай әлеуметтік қызметкерлер еңбекке деген сәйкес мотивациясының болмауы, тек біздің кәсіби міндеттерін орындайды.
- Әлеуметтік жұмыстың кәсіби арнайы түрінде Еуропа мен Америка елдерінде құрылады. Біздің еліміз үшін ең бастысы мемлекеттік тәжірбиесін оқыту. Бірақ әрбір мемлекет әлеуметтік қорғаудың жағдайында өз жолымен жүрді, сонымен қоса жергілікті жағдайлар, халықтардың қажеттілігі және оларды қанағаттандырудағы мүмкіндіктің болуын есепке алу. Сонымен қатар әлеуметтік қорғау шетелдік модельдерін біздің елде өзінің қолдаушылар бар.
- Әлеуметтік институт автономды болмайды: ол мәнділігі, мазмұны және бағыттылығы бойынша әр түрлі мемлекеттік және мемелекеттік емес құрлылымымен байланысты. Мемлекеттік және жергілікті органдар билігі әлеуметтік жұмысқа мықты өзара әсер етеді, әлеуметтік қызметтің қандай қызмет істеуін ғана анықтамай, сонымен қатар қандай да әлеуметтік топтар олардың өзара әрекетіне объект болады. Осы өзара әрекеттер қандай түрде болуы керек, қандай жағдайда, қандай мерзім және қандай объектіге көмек көрсету керектігін көрсетеді.
Міндетті түрде ішкі институттарға тәуелді болғандар бірінші кезекте мемлекеттік құрылымдардан жергілікті органдар билігі және экономика жағдайы, бұлар көлемді және қаржыландыру жағдайларын, тәртібін анықтайды. Әдеуметтік жұмыстар онымен жүйелілік құндылық толығымен бөле алмайды. Мысалы, нарықтық экономика заңға сүйенеді, бұл негативті құбылыстардың салдары бар, бұған жұмыссыздық сияқты, халықтың жарты бөлігінің кедейленуі және тағы да басқа.
- Адамзат қызметінің қандай да бір саласын тек этикалық регламентацияға сәйкесінше эффективті функциялауға болады. Сондақтан әртүрлі саладағы кәсіби қызметкерлердің белгілі бір этаптар оладың кәсіби этикалық кодекісін дамуының пайда болуы, бұл жалпы адамзаттық құндылықтардың және этикалық нормалар базасында өздерінің нақты жағдайлары реттеледі, қоғаммен қабылдануы кездейсоқ емес. Әлеуметтік қызметтің арнайы түрі болып табылатын, әлеуметтік өзінің тарихи генезисі, мәні, салдары бойынша адамзаттың өзара әрекетіндегі ерекше түрі. Әлеуметтік жұмыстың жеке тұлғаға, топқа немесе социумға бағытталуына қарамастан жалпы қоғамның қызығушылықтары өткізіледі. Осы қарым-қатынаста, әлеуметтік жұмыстың жалпы моральдық нормаларының көзқарасымен бағалануы мүмкін. Бірақ өзінің мүмкіндігімен қорғалуымен қарым-қатынас бойынша қоғамдық мораль мен гумандылықтың пайда болуы және болашақта адамға міндетті түрде бағытталуы әлеуметтік жұмыстың өзінің өздігін жеңе білуі керек.
- 6. Ескеру керек, яғни әлеуметтік қорғау саласында қызметтер арасында және оның соңғы нәтижеде этикалық байланыс тығыз, бұл тек әлеуметтік қызметтің мақсатынан ғана таңдамай, сонымен қатар оған жету құрамдары бар. Қоғам гуманды болуы үшін адамзат өміріндегі барлық салаларында гуманизм және этика принциптерін жекешелендіру. Дегенмен моральды жағымды мақсаттың болуы және адекваттық құралдардың талдауы әрқашанда сәттілікке кепілдік берілмейді. Солай болғандықтан кейде алдын ала болжау қиын әлеуметтік қызметтің қызмет нәтижесі клиентпен қандай бейнеде қолданатындығын осы барлық жауапкершілікті оған алдын ала болжау қиын арттыруға болмайды. Мұнда әлеуметтік қызметтің этикалық ориентирлік қызметі маңызды: ол өзінің әріптестері және қоғам алдында жақсы болуы керек, ал оның қызмет нәтижесі адамға қарсы қолданбауы керек. Кәсіби қызметкер ретінде әлеуметтік жұмыс дискредитерленбеген.
- Әлеуметтік қызметінің барлық түрленіне сәйкес адамдарға бағытталған, яғни индивидттер, топтар немесе қоғамдық проблемалар алдында тұрған шешудегі тәсілдердің бірі болып табылады. Дегенмен басқа қызмет түрлерінен айырмашылығы бұл жай адамдармен жұмыс істмейді, ол өмірдегі қиындақтармен байланысты проблемалары бар ерекше адамдар. Осы салада жұмыс сәтті болуы үшін маманнан ресми көзқарасты, өз клиенттерін түсіне біру және оған уайымына ортақтасуы қажет етеді. Сондықтан маманнның еңбегі әлеуметік жұмыс саласында органикалық бірлікті оның квалификациясы және ерекше рухани сапасын жоғары моральдық жауапкершілік сезімін болжайды, адамның құқығын қорғау бойынша өзінің кәсіби міндеттерін орындайды.
- Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызмет түрлерінің индивидуализация еңбегінің жоғары дәрежесіне қатысты. Осыған қарамастан әлеуметтік қызметтер еңбек коллективтің мақсатыны жетуі бойынша әріптестермен бірге қатысады. Клиент алдында әлеуметтік қорғау мекеменің және мемлекет қызығушлықтарын ұсынады, ол өзінің күнделікті автономды. Бұл деген әлеуметтік қызметкер өзіне-өзі толығымен ұсынылмайды, бақыланбайды және бағынбайды, бірақ қызмет жанама түрде бақылануы мүмкін. Солай болғандықтан ол клиентпен көзбе-көз іске асырады. Бұл жағдайда әлеуметтік қызметкерлерден клиентпен және оның әлеуметтік ортасымен қарым-қатынас ережелері және этикалық нормаларды байқауды және ерекше дағдыларды қажет етеді.
- Әлеуметтік қызметкерлер қызметі шыармашылық сипаттамаға әкеледі. Және әрқашанда формалды технологиялық схема шеңберінде шығармашылыққа және инициативаға — орын бар, бұл әрбір клиентпен қайталанбайтың және оригинальды жұмыс істейді. Жұмыстың эфефиктивтілігі көбінесе маманның мамандықтың мәнін және оның шығармашылықтың қабілеттері және өз кезінде әлеуметтік детерминирует клиенттің рухани және материалдық жағдайын қабылдайды және түсінушіліктен байланысты. Сондықтан солай болғандықтан біз шығармашылық процеспен жұмыс істейміз, барлық НЮАНС-ды қалыптастыру мүмкін емес. Және солай болғандықтан «кездейсоқ» адамның мамандығын пайда болу мүмкіндігін ескеру мүмкін емес. Солай болғандықтан қызметтін ішкі этикалық регламентациясы болуы керек. Осы себептен этикалық нормаларды және ережелерді қабылдау және өңдеу туралы актуализация сұрақтары үшін лайықты болып табылады. Бұл әрбір әлеуметтік қызметтер және халықты әлеуметтік қорғау органдарының өзара әсеріне және қызметін реттейді, олардың басқа институттармен өзара қарым-қатынасы болады.
Біздің елде экономиканы реформалауды нарықтық рельстерге ауысу қоғамда моральдық қарым-қатынасының маңыздылығын құрды. Адамның жетекшілендіруге ұмтылу өзінің этикалық нормаларда әрекеттену шынайы. Бірақ әртүрлі ішкі жағдайларға ол толығымен немесе жартылай басым болуы мүмкін. Сондықтан әлеуметтік қызметтің жоғары этикалық позициясының жоғары көрінуі, әлеуметтік қызметтің клиентке адамгершілік қарым-қатынасының дайын болуы олардың біздің қоғамда аморальды сауықтыру ісі енгізілді.
Әлеуметтік қоғамның барлық салаларында этикалық проблемалар пайда болды: клиенттерге немесе топтық клиенттерге әлеуметтік қызмет көрсету бойынша практикалық қызмет саласында, мекеме және ұйымдарға әлеуметтік қорғау жүйесіне қарым-қатынасы бойынша «ішкі» өкілдермен және әріптестермен өзара қарым-қатынасы демеушілер, әлеуметтік саясатты қалыптастыру және өңдеу саласында оқытушылық қызметінде оларға зерттеулер жүргізілді.
Прогрестің басты көрсеткіштерінің бірі ол қоғамның моральдық жағдайы. Қазақстанның халқы әлеуметтік жұмыстың институтын объективті түрде қажет етеді, олардың қажет болған жағдайда оның қызығушылықтарын қорғауға дайын, дегенмен қазіргі өркениетті қоғамды дамыту және іске асыру мүмкін емес. Осы позициядан қарастыра отырып, әлеуметтік жұмыс әлеуметтік феномен ретінде тек әлеуметті ғана ұсінбайды, сонымен қатар қоғамдық дамудың маңызды этикалық факторларда болады.
Қазіргі кезеде жоғары және орташа арнайы оқитың мекемелеріндегі курстық және факультеттерде халықты әлеуметтік қорғау саласында жұмыс үшін әр түрлі профилде және деңгейдегі мамандарды жоғары квалификациялаулар дайындайды. Қандай да бір адамның қызметі жоғары адамгершілік ретінде болуы мүмкін. Сонымен қатар моральды болуы мүмкін. Онда мақсатқа жету үшін қандай әдістер мен құралдар қолданады, қандай мотивтер қызметі анықтайды және әлеуметтік практикада оған жетуге қандай образда қолданатындығын байланысты. Әлеуметтік жұмыс өмірінің барлық аспектілерін тигізеді, оның өмірін әлеуметтік белсенділігін, өзін-өзі сыйлаушылықты және лайықтық сапасын көтеруге ұмтылады. Бірақ әлеуметтік жұмыс күші мынандай жағдайда ғана пайда әкеледі: егер олар тек тұрғындардың қызығушылықтарына қызмет етеді және теория және практикалық барлық деңгейлерінде адамгершілік терең қарастырылады.
Негізгі кәсіби этиканы концептуалдық арасында және практикалық қызметтегі шынайы іске арысрудағы үзілісті женудің басты рөлін барлық деңгейдегі әлеуметтік қызметкердің кәсіби дайындықтың жүйесі ойнайды – әлеуметтік қызметкерден міндетті түрде әлеуметтік, медициналық, психологиялық-педагогикалық және тұрғындарғы тұрмыстық қызмет көрсетеді, маманға дейін, кәсіби қызметін технологиялық және теориялық немесе негізгі әлеуметтік саясатты өндеумен, кадрларды оқыту және дайындаумен қолдары бос емес. Осыған байланысты әлеуметтік жұмыс этикасы кәсіби қызметтің басты құраушылардың бірі және оқыту немесе ғылыми пән ретінде әлеуметтік қорғау саласындағы мамандарды даярлау кезіңде негізгісі болып табылады. Қазіргі жағдайда адамдардың өзінде психологиялық өзгерістер болуда: олар әлеуметтік-мәдени, экономикалық, ұлттық-этикалық, материалдық-тұрмыстық сипаттардың индивидуальдық – тұлғалық түрге ие болады. Бұл әлеуметтік жұмыс институтының кәсіби дамуын, кәсіби дайындықты және кәсіби кадрларды қайта даярлауды, әлеуметтік саладағы мамандарды қажет етеді.
Әлеуметтік қызметтің профессионализация кезіңде әлеуметтік жұмысты дамыту және пайда болу мәселелерін ғана қызығушылық тудырмайды, сонымен қатар жеке мамандардың ерекшелігіне, сапасына және құрылымына, оның өзін дамытуға және қызметіне дайындығына қызығушылық білдіреді. Осыған байланысты берілген аспектілер бойынша кейінгі жылдардағы зерттеушілерді атап көрсетуге болады: С.А.Беличёвой, В.Г.Бочаровой, Б.З.Вульфова, С.И.Григорьева, Л.Г.Гусляковой, И.А.Зимней, В.И.Жукова, В.В.Колкова, Н.П.Клушиной, П.Д.Павленка, Л.В.Топчего және тағы басқалар.
Әлеуметтік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, қорлар әр түрлі бағдарламалардың ашылуы тек мынадай жағдайда ғана нәтижелі қатысады, егер бұл жұмыспен тек адамның қайырымдылық идеялары гумандылықпен ғана айналыспайлы, сонымен қатар тұлға бұны кәсіби түрде істейді және істей алады. Берілген мақсат және нақты міндеттер он жыл ішінде кітептың авторының жетекшілігімен іске асырылады: бұл көптеген аймақтардағы ғылыми ізденіс және тәжірбиелік нәтиженің ізін жалғастырушы.
Кейінгі жылдары қызметтің ғылыми және тәжірбиелік сұрақтар көтерілуде, яғни кәсіп, тұлға ретінде қандай әлеуметтік қызметкерлер қажет? Әлеуметтік қызметкерлерді дайындаудың ауқымды тәжірбиесі әлемнің әр түрлі аймақтарында оқытылады. Сонымен қатар бұл нақты сұрақтар оқу жоспарлары, бағдарламалар, жаңа стандарттарының тиімділігімен байланысты туындайды. Осы кезең ішінде біздің жағдайда әлеуметтік-экономикалық, мәдени-этникалық, демографиялық және басқа да қоғамдық даму ерекшеліктьерін есепке ала отырып қоғамдық және ғылыми шеңберде берілген мәселені қояды.
Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік қызметін кең ұғымды қарастыруды – ол әлеуметтік саясаттың локализатор және құрама ретінде – сөзсіз. Сонымен қоса қазір тұқлға ретінде кәсіби маман ретінде қандай маман іске асырылады және келешекте дамытатың немесе басты мақсатты қоғамда жетілдіреті.
Бұл берілген мәселе өзекті. Сонымен бірге ол келешекте ғылыми зерттеулер және тәжірбиелер саласында дамытуды қажет етеді.
Біздің зерттеулерді объектісі ол әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби оқыту, әлеуметтік білім беру жүйесі болады; ал пәні – бұл көп деңгейлі даярлау жүйесіндегі кәсіби маман ретінде әлеуметтік қызметкердің жеке тұлғасын дамыту және қалыптасу процесі.
Міндеттерді және мақсатты қоюдағы методологиялық принцптердің бірі ол антропологиялық подход. Қазіргі жайдайда бірінғай кешенді пәнде адам туралы интеграциялық ғылымның тәжірбиелілігін қажет етеді – ол антропология.
ХІХ ғасырда Л.Фейербах философияға антропологиялық принцпті жүргізді. Жаңа философияны басты категориясы ретінде оған адам категориясы негізделген болатын. Ол былай деп жазған: «Жаңа философия адамға айналуды, сонымен қатар адамның базисі ретінде табиғатты да, соған сәйкес антропологияға айналдырады. Оның ішінде физиолгия әмбебап ғылым». Антропология Л.Фейербахтың түсінуінше, адамдық білімділік кешенің іске қосатын адам туралы әмбебап ғылым.
Ресейде антропологиялық принцпті ізденуші философияда Н.Г.Чернышевский болған. Антрополргиялық принцптің жағдайын М.Шелер іске асырған. М.Шелер бойынша адам бұл әлем және өзін-өзі басым болуы. Адам – бұл принципиальды аяқталмаған тіршілік, әлем үшін әрекет мүмкіндігі үшін ашық, яғни таңдау жасауға мәжбір және қабілетті.
Тағы рефераттар
- Етістік түбірі және оның семантикалық, грамматикалық өзгеруі
- Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелердің қаржысы курстық жұмыс
- Екінші симфония
- Тәуке ханның тәуелсіз саясаты
- Нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын әзiрлеу және ресiмдеу