Қалада экологиялық жағдайдың негізгі көрсеткіші болып қаланың ауа бассейні болып табылады.  Алматы қаласының ауасының кірленуі табиғи-климаттық шарттардың нәтижесінде үлкен пробемаға айналуда. Қаламыз ойыста орналасқаны барлығынызға белгілі шығар. Осы факторға байланысты бұл жерде жиі ауаның бір жерде тұрып қалуы, тұмандар байқалады. Сол себепті ауаға шығарылатын зауыттар мен фабрикалардың улы химиялық түтіндер және автокөліктердің түтіндері қала үстінде жиналып тұра береді, ауаның құрамы болса өз кезегіне ол химикаттарға тола береді.

Қаланың ауа бассейнін зерттеу үшін атмосферадағы улы заттар құрамын тексерген нәтижелерді анализдеу жүргізілді. Бірінші нөмірлі байқау орны, қаланың орталығы деуге де болады, Сейфуллин және Сәтбаев көшелерінің қиылысына жақын жерде орналасты. Бұл жерде байқаулар тәулігіне төрт рет жүргізілді (сағат 1, 7, 13, 19 жергілікті уақыт бойынша). Байқауға алынған кірленуші заттар мыналар: шаң, күкірт диоксиді, көмір оксиді, азот диоксиді, фенол және формальдегид.

Ауаның кірлену деңгейін түрлі стационарлы байқау жерлерінен алынған ауаны тексеру нәтижесімен салыстырады. Сапалықтың негізгі критерилері болып шектелген рұқсат концентрация болып табылады.

1-ші нұсқа. Ауадағы шектелген рұқсат етілген концентрациялар мәндері.

Коспалар аты

ШРК мәні, мг/м³

 

Қауіптілік классы

Бірлік максималді

Орташа тәуліктік

Шаң

0,5

0,15

3

Күкірт диоксиді

0,5

0,05

3

Көмір оксиді

5,0

2,7

4

Азот диоксиді

0,085

0,04

2

Фенол

0,1

0,004

2

Формальдегид

0,035

0,002

2

2-ші нұсқа. Кірлетуші заттардың орташа концентрациясы. 1-ші байқау орны, Алматы.

Ай, мезгіл

Шаң

Күкірт

диоксиді

Көмір

оксиді

Азот

диоксиді

Фенол

Формальдегид

Желтоқсан

0,25

0,0154

2,6

0,072

0,0022

0,0087

Қаңтар

0,18

0,0224

2,2

0,092

0,0041

0,0113

Ақпан

0,18

0,0187

2,8

0,081

0,0030

0,0130

Қыс мезгілі

0,20

0,0188

2,5

0,082

0,0031

0,0110

Маусым

0,11

0,0062

1,6

0,059

0,0010

0,0161

Шілде

0,13

0,0044

1,7

0,036

0,0014

0,0167

Тамыз

0,11

0,0063

1,8

0,060

0,0018

0,0163

Жаз мезгілі

0,12

0,0056

1,7

0,052

0,0014

0,0164

Жоғарыда келтірілген нұсқада мезгілдер бойынша орташа мәліметтер алынды.  Бұлардың көрсеткіші бойынша біз орташа алғанда формальдегидтен басқа барлық заттардың қыста жазға қарағанда деңгейі жоғары екендігін көреміз. Бұларды шығарылатын заттардың көздерін қарастыратын болсақ түсіндіруге болады. Мысалы, күкірт диоксидінің шығаратын негізгі көздері жылу энергетикасы кәсіпорындар. Жазда бұл көрсеткіштер төмен, сондықтан  концентрациясы да үш есе төмен. Көмір оксидтері туралы да осыны айтуға болады. Жаздағы және қыстағы ауаның тәуліктік кірленуінің нәтижесі салыстырылды, олар төмендегідей болды:

Шаң: Қыстағы тәуліктік ауаның көрсеткіші жазға қарағанда көбірақ деп айтуға болады. Желтоқсанда тәуліктік норманың минималді көрсеткіші таңғы сағат 7.00 де  (0,14 мг/м куб) және максимум көрсеткіші кешкі сағат 7.00 де байқалды (0,22 мг/м куб). Тек таңда ғана ауадағы шаңның құрамы орташа тәуліктік нормадан төмен болады екен (0,15 мг/м куб). Ал тамыз айында өлшенген бөлшектер концентрациясы қыстағыға қарағанда төмен.

Күкірт диоксиді: Қыста күкірт диоксидінің концентрацисы көп жағдайда ШРК дан төмен болып келеді. Бірақ ол жаздағыдан көп үлкен болып келеді.

Көмір оксиді: Бұл зат қауіпсіздік класстарының 4-ші орнын алып тұр. Қысқы уақытта ШРК дан тек таңертең ғана төмен болады. Бұл заттардың қауіпті концентрациясы кешкі және түнгі уақыттарда байқалуда. Кей жағдайларда олар ШРК дан бірнеше есе асып кетеді. Жазғы күндері бұл заттардың тасталу көздері жұмыс істемейді (жылыту пештері мен энергетика көздері), сондықтан ол ШРК дан көп жағдайда төмен болып келеді (орташа алғанда 1,5-2,0 мг/м кубтан көп емес).

Азот диоксиді: Бұл заттың концентрациясы жыл бойы ШРК дан асып отырады. Себебі олардың негізгі көзі автокөліктер двигательдері болып табылады. Тәуліктік жүрісте ең жоғары деңгей күндізгі күндері және қыстың түнгі күндері байқалуда. Қаңтар айында тәуліктік амплетудасы 0,40 мг/м куб деңгейге жеткендігі байқалды. Ал маусым айында бұл көрсеткіш біршама аз болғандығы байқалды. Ал ақпан айында азот диоксиді түскі сағат 13,00 де ШРК мәнінен 20 есе асып кеткендігі анықталды.

Фенол және формальдегид: Бұл заттардың концентрациясы қыста жаздағыға қарағанда төмен болады. Бірақ оған қарамай-ақ қыста да, жазда да бұл көрсеткіш орташа алғанда ШРК дан жоғары болып келеді. Жаз мезгілінде формальдегид концентрациясы ШРК дан бірнеше рет асып кетеді. Себебі температураның жоғарылауы органикалық заттардың бөлінуіне алып келеді. Ал бұл атмосфераға шығудың бірден-бір ең тез жолдардың бірі болып табылады.

Алматы қаласының орналасу жағдайы ауаға тасталатын зиянды заттардың топталуына алып келеді. Себебі қала былайша айтқанда таулармен қоршалып қалған және бұл ауаның бір жерде тұрып қалуына негіз болады.
Тағы рефераттар