Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі туралы қазақша реферат

Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға сатылатын тауарлар немесе көрсетілетін қызметкер үшін алдын-ала алынған аванс сомалары бойынша есеп айырысу есебі «Тауарлы-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» және «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттардаесептеледі.

Осы аталған операцияларға сәйкес кәсіпорынның алынған аванс сомасына:

Д-т: «Ақшалар» шоты.

К-т: «Тауарлы-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.

Ал сатып алушыларға  босатылған тауарлар , көрсетілген қызметтер құнынан алдын  ала алынған аванстар сомасы шегерілгенде:

Д-т: «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» немесе  «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері;

К-т: «Сатп алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі» немесе «Еншілем серіктестіктердің дебиторлық борышы» деп аталатын шоттардың тиістілері түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Егер алынған аванс сомасының толық толық пайдаланылмағаннан қалған бөлігі тапсырыс берушілерге, сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаларға қайтарылғанда:

Д-т: «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар»  немесе  «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері;

К-т: «Ақшалар» деп аталатын  шоты түрінде  бухгалтерлік жазуы жазылады.

Кәсіпорынның алған аванстарының талдамалық есебі әрбір аванс берген ұйым бойынша бөлек жүргізіледі.

Операциялар мазмұны

Дебиттелеін шот

Кредиттелетін шот

Тип

1 2 3 4 5
1 Сатылатын тауарлы-материалдық қорлар немее көрсетілетін қызметтер үшін  алдын ала аванс ретінде алынған сомаларға 1050,1040,1010,1020 3510 III
2 Сатып алушы немесе тапсырыс беруші тұлғаның қарыз сомасы алдын аа алынған аванстар сомасынан шегеріледі 3510 1210 IV
3 Сатып алушы немесе тапсырыс беруші тұлғалардын аванс ретінде алынған соманың пайдаланылмаған бөлігі қайтарылғанда 3510 1010,1040,1050 IV

Тағы рефераттар