Америка Құрама штатының шаруашылығы туралы қазақша реферат

АҚШ шаруашылығы жедел дамуда, оның үлесіне жалпы дүние жүзінде өндірілетін өнімнің 1/5 бөлігі, өнеркәсіп өнімінің 15%-ы тиеді. АҚШ экономикасының даму дәрежесіне нақты баға беруде соңғы жылдары пайдаланылып жүрген бірқатар көрсеткіштер ескеріледі.

АҚШ экономикасының даму деңгейінің негізгі көрсеткішінің бірі — еңбек өнімділігі, өйткені бұл елдегі жұмыс істейтін әрбір адамның еңбегінің нәтижесін көрсетеді. XX ғасырдың 90-жылдарының соңына қарай АҚШ-тағы еңбек өнімділігі жылына 51 мың америка долларын құрады, яғни жұмыс істейтін әрбір адам осындай өнім өндірді. Еңбек өнімділігінің жоғары болуына ғылымға негізделген өндіріс үлесінің артуы себепші. Бұған ірі университеттер жанында жұмыс істейтін ғылыми-өндірістік орталықтар негіз болады. Мысалы, электрондық өнімдерді шығаруға Стэнфорд университетінің негізінде өркендеген Калифорниядағы «Силикон аңғары», Бостон маңындағы Массачусетс технология институты негізінде қалыптасқан орталық маманданған. Қазіргі кезде АҚШ-та жұмыс істейтін әр 100 адамға 63 компьютерден келеді. АҚШ ғылымды көп қажет ететін өнім өндіруде жетекші орын алады, оның үлесіне бүкіл дүние жүзінде өндірілетін мұндай өнімнің 20%-ы тиесілі [10].

Қазіргі АҚШ экономикасына өндіріс пен қаржының күшті шоғырлануы тән. Сондықтан көптеген басқа елдерде кәсіпорындарын ашқан аса ірі компаниялар АҚШ шеңберінен шығып, ұлтаралық компанияларға айналған.

Өнеркәсібі. Өнеркәсіп — АҚШ шаруашылығының жетекші саласы: елдегі өнеркәсіп өнімдерінің жалпы құны ауыл шаруашылығы өнімдерінің құнынан 10 еседей артық. АҚШ өнеркәсіп өнімдерін шығару жөнінде дүние жүзінде бірінші орын алады. АҚШ өнеркәсібінің даму деңгейі өте жоғары. Елде металлургия, отын-энергетика, машина жасау өнеркәсібі, автомобиль жасау, электрондық және электр техникасын жасау өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп күшті дамыған [10].

Ел өнеркәсібінде өндірістік және аумақтық шоғырлану қалыптасқан. АҚШ өнеркәсібі жаппай сериялы ғана емес, айрықша күрделі, бірегей өнімдер шығарумен де айналысады. Бұл елде жасалған өнеркәсіп тауарларының әлемнің кез келген мемлекетінде «бәсекелестік қабілеті» жоғары.

АҚШ өнеркәсібінің өзекті салалары — металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі. Қара металлургия кәсіпорындарының орналасуы ұзақ уақыт бойы шикізат көздеріне тәуелді болып келді. Аппалач алабының кокстелетін көмірі мен Ұлы көлдер маңындағы темір кен орындары негізінде Чикаго, Кливленд, Питтсбург сияқты осы саланың орталықтары қалыптасты. Соңғы жылдары шикізаттың көршілес елдерден әкелінуі қара металлургия кәсіпорындарының шығыстағы портты қалаларға (Балтимор, Филадельфия) «ығысуына» апарып соқты. Түсті металлургия кәсіпорындары, негізінен, кен орындарына жақын орналасады, дегенмен көп энергия жұмсалатын өндірістердің Колумбия және Теннеси өзендерінің энергетикалық кешендері негізінде дамуы да байқалады.

Елдің дүниежүзілік нарықтағы өзіндік сипаты мен орнын айқындайтын дәстүрлі өнеркәсіп саласының бірі — автомобилъ жасау. АҚШ-тағы 125 қалада автомобиль шығарылады. Әсіресе Детройт қаласы ерекше көзге түседі, оны «автомобильдер астанасы» деп те атайды. Мұның өзіндік тарихы бар. 1896 жылы Детройт маңындары Дирборн қаласында Генри Форд өзі жасаған автомобильді көпшілік назарына ұсынды. Ол алғаш рет автомобильді конвейерлік әдіспен шығаруды игеріп «Фордмоторс» автомобиль компаниясын ұйымдастырды. Қазіргі кезде бұл кәсіпорын дүние жүзіндегі ірі ұлтаралық концернге айналды: компанияның құрамына енетін кәсіпорындарды әлемнің әр түкпірінен кездестіруге болады. АҚШ-тың автомобиль жасау саласында әйгілі «Дженерал моторс», «Крайслер» корпорацияларының да өзіндік орны бар [11].

Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, АҚШ-та жаңа ғылымды көп кажет ететін өнеркәсіп салалары дами бастады. Қазіргі кезде АҚШ авиациялық техника жасаудан дүние жүзінде бірінші, ал телекоммуникациялық жабдықтар мен микросұлбалар жасаудан екінші, ал санды бағдарламалар негізінде басқарылатын станоктар жасаудан үшінші орынды алады. Әсіресе ғарыштық техника жасау мен электроника жедел карқынмен өркендеді. 1971 жыды АҚШ-тағы «Іntеі» фирмасы дүние жүзінде түңғыш рет микропроцессорларды қолдануды жүзеге асырды. Бұл жеке компьютерлік техниканың алғашқы үлгілері болатын. Қазіргі кезде дүние жүзінің барлық дерлік елдеріндегі компьютерлік жүйелерде «Іntеі» сериясындағы микропроцессорлар пайдаланылады.

Батыстағы Лос-Анджелес қаласы ғарыштық техника жасау және электроника саласының орталығына айналды. Ғарыштық техника жасауда «Юнайтед технолоджис» компаниясы көзге түседі. Елдің оңтүстігіндегі Даллас және Хьюстон қалаларында ірі әуе-ғарыш өндірісі шоғырланған. Елдің солтүстік-батысындағы Сиэтл қаласында 1916 жылы «Боинг» фирмасының алғашқы авиациялық зауыты ашылған болатын. Қазіргі кезде мұнда алып «Боинг» ұшағы ғана емес, вагондар мен кемелер, тоңазытқыштар да жасалады. Электрондық техника жасау мегалополистердің барлығында бар. Бұл саладағы жетекші кәсіпорындар — «ІВМ», «Дженерал электрик», «Хьюлетт Паккард» компаниялары.

Мексика шығанағындағы мұнай-газ алабы аумағында, осы шикізат түрлерін өңдеуге негізделген аса ірі химия өнеркәсібінің орталығы қалыптасты. Мұнда 200-ден астам мұнай және газ-химия кәсіпорны жұмыс істейді. Хьюстон қаласын «мұнай химиясының астанасы» деп те атайды. Мұның өзі қаланың экологиялық жағдайын нашарлатады. АҚШ-тың мұнай өнеркәсібі саласында «Экссон», «Тексако», «Шеврон», «Амоко» компанияларының үлесі жоғары. Қазіргі кезде бұл ірі компаниялар Қазақстанның мұнай байлықтарын барлау, өндіру ісіне белсене қатысып отыр.

Тоқыма өнеркәсібі шоғырланған басты аудан АҚШ-тың байырғы штаттары орналасқан Жаңа Англия болатын. Ұзақ жылдар бойы мұндағы Бостон қаласында елдегі ең сапалы маталар өндіріліп келді. XX ғасырдың басында өнеркәсіптің бұл саласы шикізат (мақта, жүн, синтетикалық талшықтар) көзі жақын, салыстырмалы түрде арзан жұмыс күші бар оңтүстік штаттарға «қоныс аударды». Қазіргі кезде Атланта және оның маңындағы Гринвилл, Нашвилл қалалары тоқыма өнеркәсібінің орталықтары болып табылады [3,12].

АҚШ аумағында өнеркәсіпті қалалар шоғырланған ірілі-ұсақты өнеркәсіпті аудандар бар. Олардың жиынтығы өз кезегінде өнеркәсіптік белдеулерді құрайды. АҚШ аумағындағы аса ірі өнеркәсіп белдеулері былай жіктеледі:

1.Солтүстік өнеркәсіпті белдеу.

2.Оңтүстік-Шығыс өнеркәсіпті белдеу.

3.Галф (Мексика шығанағы жағалауы).

4.Калифорния.

Солтүстік өнеркәсіпті белдеу елдің алғаш игерілген бөлігінде — Атлант мұхиты жағалауынан Миссисипи өзеніне дейінгі аралықта орналасқан. Бұл белдеудің құрамына елдің байырғы ірі өнеркәсіп орталықтары мен аудандары енеді. Соңғы жылдары АҚШ-тағы басқа өнеркәсіп белдеулерінің жедел дамып, өнеркәсіп өндірісінде үлестерінің артуына қарамастан, Солтүстік өнеркәсіп белдеуі өзінің ел аумағындағы және дүниежүзілік маңызын жойған жоқ. Оңтүстік-Шығыс өнеркәсіпті белдеуі еңбек ресурстары мен электр энергиясын көп қажет ететін өнеркәсіп өнімдерін өндіруге маманданған. Бұл белдеу — соңғы онжылдықтарда қалыптасқан жас аудан. Мексика шығанағы маңындағы Галф өнеркәсіпті белдеуі жергілікті мұнай және газ кен орындары негізінде қалыптасқан химия өнеркәсібінің аса ірі орталығы болып табылады. Калифорния өнеркәсіпті белдеуі ғылымды қажет ететін салалардың айрықша дамуымен көзге түседі.

Ауыл шаруашылығы. АҚШ экономикасында агроөнеркәсіп кешенінің манызы зор. Осы салада 23 млн адам жұмыс істейді, бұл жалпы ел экономикасындағы жұмыс орнының 18%-ын құрайды. Ел астық, сүт, құс өнімдерін өндіруден дүние жүзінде бірінші орынды иеленеді. Дүние жүзі бойынша шетке шығарылатын астықтық 33%-ын, ет өнімдерінің 40%-ға жуығын АҚШ-тың ауыл щаруашылығы береді [13]. Жалпы әлемдік нарықтағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің 15%-ы АҚШ-тың үлесіне тиеді. Жер қорының 1/4 бөлігіне мемлекет иелік етеді.

Ауыл шаруашылығында жеке фермалардың үлесі жоғары, олар елде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің 40%-ын береді. Табиғат жағдайының ерекшелігі мен дақылдардың өнімділігіне байланысты АҚШ-тың орталық бөлігіндегі жазық жерлер ауыл шаруашылығының белгілі бір саласына маманданған белдеулерге бөлінеді. Ұлы жазықтардың Монтана және Солтүстік Дакота, Оклахома, Канзас, Колорадо штаттары орналасқан бөлігінде XIX ғасырдан бастап бидай өсіріле бастады. Қазіргі кезде АҚШ-тың басты астықты ауданына айналған бұл ауданды «бидай белдеуі» деп атайды. Бұл белдеуде бидайдан баска арпа, сұлы, құмай (сорго), қызылша әсіріледі. Жалпы алғанда, елдегі өсімдік шаруашылығының негізгі бағыты дәнді дақылдар өсіру болып есептеледі [2,13].

Ұлы жазыктардан шығысқа қарай орналасқан Орталық жазықтың неғұрлым жұмсақ климаты (мұнда қыс жылы, жауын-шашын мөлшері жеткілікті) жүгері әсіруге ете қолайлы. АҚШ-тың «жүгері белдеуі» деп аталатын бұл аудан, негізінен, Айова штаты мен оған көршілес жерлерді қамтиды. Мұнда жүгеріден басқа темекі, картоп, қытайбұршак. (соя), жеміс-жидек әсіріледі. Бұл дақылдар арасында қытайбұршақтың маңызы ерекше. Құрамында ақуыздық (белок) заттар көп болатын қытайбұршактан ірімшік, етті алмастыратын тағамдар, май алынады. Қытайбұршақ мал азығы ретінде де пайдаланылады.

Мексика шығанағы жағалауындағы ежелден мақта әсіруге маманданған оңтүстік штаттар «мақта белдеуін» кұрайды. Мұнда мақтаны өңдеу кәсіпорындары да шоғырланған. Бұл белдеуде күріш, жержаңгақ, қант қамысы, жеміс-жидек, көкөніс, ал Флорида штатында цитрус жемістері әсіріледі. Батыстағы Жағалық жота мен Сьерра-Невада тауларының аралығында орналасқанҮлкен Калифорния аңғары елдің «жеміс-жидек салған себеті деуге болады. Калифорния штатының аумағына енетін бұл аудан дүние жүзінде жиналатын лимонның жартысына жуығын, апельсиннің үштен бірін, ал АҚШ-та жиналатын жүзімнің 90%-ын, шабдалы мен алмұрт және т.б. жартысын береді.

Елдегі мал шаруашылығының негізгі бағыттары — сүтті және етті ірі кара өсіру, шошқа және бройлер (етті тауық балапандары) шаруашылығы. АҚШ аумағында мал шаруашылығына маманданған аудандар да айқын ажыратылады: Ұлы көлдер маңы мен солтүстік-шығыстағы байырғы штаттарда «сүт белдеуі», ал Ұлы жазықтардың оңтүстігі мен батыстағы таулы штаттарда «мал шаруашылығы белдеуі» орналасқан. Бұл аудандарда мал жайылымдары кеңінен таралған [1,14]. Ірі қара мал ұлан-ғайыр жерді алып жататын ранчоларда (ферма түрі) бағылады. Ірі қара мал және шошқа саны жөнінен АҚШ дүние жүзіндегі алғашқы үштікке енеді. Елдегі бройлер шаруашылығын ең жаңа технология енгізілген алдыңғы қатарлы өнеркәсіп саласы ретінде де бағалауға болады. Шаруашылықтың бұл түрі елдің құс етіне деген сұранысын толығымен қамтамасыз етіп, шетелдерге де өз өнімдерін женелтеді.

Аляска балық аулау, аң терісі кәсіпшілігімен және орман шаруашылығымен белгілі. Ал Гавай аралдарының тұрғындары қант қамысы мен ананас өсіреді.

Жалпы алғанда, АҚШ-тың ауыл шаруашылығы аудандың мамандану сипатымен, механикаландыру деңгейінің жоғарылығымен және жеке фермалық шаруашылықтар үлесінің біршама болуымен ерекшеленеді.

Қаржы-қаражат жүйесі. АҚШ-тың әлемдегі аса қуатты ел ретінде танылуы оның дүние жүзі экономикасы мен каржы жүйесінде алатын орнымен де анықталады. АҚШ-тың ұлттық ақшасы — америка доллары дүние жүзіндегі тұрақты валюталардың бірі. Вашингтон қаласында 1945 жылы кұрылған Халықаралық валюта қорының басқармасы орналасқан. АҚШ доллары бұл қордағы ақша көлемінің 42%-ын құрайды.

Көлік. Барлық аса күшті дамыған ірі елдердегі сияқты, АҚШ-та көліктің барлық түрі бар. Көлік қатынасын жетілдіру мақсатында техниканың ең соңғы жетістіктері пайдаланылады.

Құрлық жолдарыныц негізгі күретамырлары елдің батысы мен шығысын (Тынық және Атлант мұхиттары аралығы), солтүстігі мен оңтүстігін (Канадамен шекарадан Мексика шығанағына дейін) жалғастырып жатыр. Алғашқы трансконтиненттік темір жолдар Нью-Йорк — Сан-Франциеко (1869 ж., ұзындығы — 4246 км), Вашингтон — Лос-Анджелес (1881 ж., ұзындығы — 4787 км), Нью-Йорк — Сиэтл (1893 ж., ұзындығы — 13560 км) аралықтарында іске қосылды [15]. Қазіргі кездегі елдегі ең ірі көлік тораптарының бірі — Чикаго қаласы. Мұнда елдің жан-жағынан келетін 30 темір жол түйіседі, тәулігіне бұл қала арқылы 2 мың пойыз өтеді. Соңғы жылдары темір жол көлігін автокөлік ығыстыра бастады. Бұл әсіресе қалалар арасындағы жолаушылар тасымалынан айқын байқалады, мұндағы автокөлік үлесі қазіргі кезде 90%-ға жетіп отыр. АҚШ-тың ірі қалаларын жол құрылысының ең жаңа технологияларын пайдаланып салған даңғыл тас жолдар жалғастырып жатыр. АҚШ пен Канаданың құрлықтағы жол торабы біртұтас жүйе құрайды.

АҚШ-та су жолыныц да маңызы зор. Елдегі негізгі өзен және теңіз көлігі тығыз байланысты, сондықтан біртұтас су жолы көлігін құрайды. Ең маңызды порттық-өнеркәсіптік кешендер Атлант мұхиты мен Мексика шығанағы, Тынық мұхит жағалауларындағы қолайлы айлақтарда шоғырланған. Жалпы алғанда, елде 100-ге жуық порт бар. Елдің ішкі аудандарын Мекеика шығанағымен жалғастырып жатқан аса ірі Миссисипи өзені сағасында тарылып, тереңдейді. Соның нәтижесінде өзеннің атырауында тұрған Жаңа Орлеан портына алып мұхиттық кемелер де ене алады. АҚШ-та су жолдарын неғүрлым қолайлы ету мақсатында ұдайы жетілдіріп отырады. Мысалы, XX ғасырдың 50-жылдарында Әулие Лаврентий өзені арнасының тереңдетілуі нәтижесінде мұхиттық кемелер Ұлы көлдерге дейін жететін болды. Ал Эри каналы Ұлы көлдерді Атлант мұхитымен жалғастырып тұрады. Сондықтан Ұлы көлдерді кейде Тынық және Атлант мұхитынан кейінгі «үшінші теңіз жағалауы». АҚШ-тың сыртқы теңіз жолы қатынасы көбінесе кішігірім елдердің (Панама, Либерия және т.б.) неғұрлым «арзан туы» астында жүзеге асырылады.
Тағы рефераттар