Америка және американдықтар туралы қазақша реферат
Американдықтар тумысында дерлік үкімет пен саясатты жаны жақтырмайды деп жиі айтады (тегінде бұл да шындыққа жақын). Әсіресе олар салық төлеушілердің ақшасын текке шашып жатқаң, үнемі олар жергілікті және жеке істеріне араласуга тырысатын «әлгі Вашингтондағы ақымақтарды» жандары сүймейді. Американдықтардың көбісі ең таңдаулы үкімет, аз билік жасайтын үкімет деген тұжырымға сөзсіз қосылады. Мысалы, 1984 жылы сұрақнамаға қатысқандардын төрттен бірі федералдық үкімет жалпы ұлттық мiндеттерді шешуге көбірек көңіл бөлсе екен деген тілек білдірді. Тұрғын аудандар, қауымдар мен штаттар өз проблемаларын өздері дербес шешетінін мақтаныш етеді, бұл көңіл күй әсіресе АҚШ-тың Батысында басымырақ.
Американдықтар үкімет шенеуніктеріне оң қабақ көрсете бермейді (олар тіпті король әулетінен шыққан адамдарға ықылас білдіруі мүмкін, егер король шенеуніктердің королі болмаса). Олар өздерін сарапшылармыз дегендерге сенбейді. Олар өздеріне бірдеңені істе деп бұйыратындарды сүймейді. 1775—1783 жылдардағы Тәуелсіздiк жолындағы соғыстан бастап 1861—1865 жылдардағы Азамат соғысына дейін солдаттар көбіне офицерлерді өздері таңдап алды. Американың кинофильмдерінде, көркем әдебиеттері мен телесериалдарында коррупциямен айналысқан саясатшылар мен біліксіз шенеуніктер жиі көрсетіледі. Егер біреу президент болғысы келсе, американдықтар бұл оның тақымына тар келеді деп әжуә етеді. Олардың репортерлері мен журналистері, соның ішінде теледидардың да қызметкерлері мемлекет қайраткерлеріне «лайықты құрмет көрсетпейтіндер» ретінде дүние жүзіне белгілі болған. Көптеген шетелдік бақылаушылар атап көрсеткеніндей жалпы американдықтар өздеріне билік еткенге төзе алмайды.
АҚШ-қа келген көптеген шетелдіктср күнделікті өмірде көзге үрып тұратын эгалитаризм ағымының күштілігіне осы кезге дейін кайран қалады.
Американдықтар әр түрлі қоғамдық жіктерден шыққандар, білім дәрежелері мен әлеуметтік жағдайлары әр алуан жандар, соған қарамастан олар өзара «тең дәрежеде» қатысып араласады. Бірақ құдай мен заң алдында «барлық адам тең жаратылған» деп мәлімдеп отырған елде теңдік бар ма? Әрине, жокқ. Кейбіреулерде туасылы біткен немесе байлығы мен талантының арқасында қолы жеткен артықшылық бар. Кейбіреулер таңдаулы мектептерге барады. Енді біреулердің терісінің түсі, сөйлеу дағдысы немесе, діні көршілеріне онша ұнамайды. Алайда, теңдік — бұл соншалықты сан алуан нәсілдер, тілдік топтар, мәдени және діни көз қарастар, үміттер, армандар, қалыптасқанжеккөрушілік пен өшпенділік арқауласа қауышқан елде мәңгілік мұрат.
Сонымен, американдықтар өздерінің басқару жүйесі жөнінде не ойлайды? «Біз халықпыз» дейтіндер бүгінгі таңда өздері үшін нені шеше алады? Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының иегері бір американдық былай деген еді: «Біз өз үкіметімізді дәрменсіз, ақымақ, билімқұмар, адал емес және әдепсіз деп кінәлай аламыз, бірақ сонымен бірге, біздің үкіметтің дүние жүзіндегі ең тандаулы үкімет екеніне де терең сенеміз, осы ойды әрбір американдықтың санасына сіңіргіміз келеді».
Әрине, бұл айтылғанмен АҚШ-тың қазіргі 240 млн тұрғынының аз ғана тобы толықтай немесе ішінара келісер еді. «Барлық жұрттың атынан сөз айтатындай ол қай американдық», —деп сұрауы мүмкін олар.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI:
- Дуглас С. Стивенсон. Америка: халық пен ел. – Алматы: “Ғылым”, 1995.
- Мәшiнбаев С.М. Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихы (1918-1945 жж.).
- АҚШ. Қысқаша тарих. – Алматы: “Ғылым”, 1996.
- Бомье Ж. Гитлерден Труменге дейiн. Алматы, 1952.
- Я.Әубәкіров Экономикалық теория негіздері,А.-1998 ж;
- М.Б.Төреғожина Экономиканы мемлекеттік реттеу, Алматы-2008
- Шеденов Жалпы экономика, Алматы-2004 ж.
- Гранберг А.т. Основы региональной экономики — М., 2001.
4. Региональная экономика. Под ред. Кузнецов Н.Г., Тяглов СТ. — Ростов-на-Дону: Феникс, 2003.
5. Региональная политика Республики Казахстан: экономический механизм реализации. — Алматы: Fылым, 1997.
6. Храпунов В.В. Региональные аспекты экономической реформы в Казахстане. — Алматы: Бiлiм, 1999.
7. Актуальные вопросы современного социально-экономического развития Казахстан. — Алматы, 2004.
8. Региональная экономика и управление. Под ред. Е.Г. Коваленко. — М., СПб .. , издательство «Питер», 2005.
10.Кузнецова О. Теоретические основы государственного регулирования экономического развития регионов // Вопросы экономики, 2009,Н2 4, с. 46-66.
11. Телеужанов Е. Ресурсный потенциал региона и приоритетные направления развития // Транзитная экономика — 2009, №2.
12. Шокоманов Ю.к. Динамика экономического развития Казахстана и отдельных территорий в региональном разрезе за 10 лет независимости // Экономика и статистика:. 2009. №22.
13. Нурланова Н.К. Региональная промышленная политика и индустриально инновационное развитие / материалы конференции «Теоретические и практические аспекты индустриально — инновационного развития РК » , Алматы, 2004, часть 1
14.Орманбаев А.М. Трансформация экономической системы обществ переходного периода А., 2002
Тағы рефераттар
- Іс қағаздарын жүргізу тарихы және міндеттері
- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ң есепті ұымдастыру мен есеп саясаты
- Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары
- Психология туралы қазақша реферат
- Гайднның симфониялық шығарамашылығы