Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру жолдары туралы қазақша реферат

         Бала балғын тал, ересек адам – бағбан. Бұл — әр халықты ғасырдан ғасырға әкеле жатқан қағидасы. Сондықтан, баланың ана тіліне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеп, бала жаныны небір жақсылық нәрімен суару – оны өсіруші, тәрбиелеуші әрбір үлкеннің мұраты. Ана тілі бастауыш мектептегі негізгі де, маңызды пән, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасаумен дүниетанудың құралы, баланың интелектісі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Оқушылардың мектептегі ана тілін оқып-үйрену әрекеті жасампаздық сипатқа ие.

Бастауыш сыныпта оқылатын ана тілі сабағы аса маңызды дидактикалық міндеттерді де шешуге тиіс.

Ана тілі байлығы мен осы тілде жасалған әдеби шығармалар арқылы оқушының рухани деңгейі артады. Ана тілін оқып-үйрену барысында балалардың өздерінің сөйлеу дағдылары да  ұштала түседі, олар өз ойларын ауызекі түрде бейнелеп, өзгелердің сөзін толық түсінуді үйренеді, интегративті ұштастыра меңгеріледі.

Ана тілі пәнінің негізгі мақсаты – оқу дағдысының негізін қалау, тыңдауға, сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауызша диологтық және монологтық сөйлеуін дамытады.

Ана тілі пәні бойынша балаларға берер тәрбиеміз ерекше. Бұл пәнді оқыту барысында дидактикалық міндеттерге тоқталсақ мынадый:

— жалпы оқу дағдысымен машығын қалыптастыру;

— оқушылардың айналадағы дүние (адам, табиғат, қоғам) туралы түсініктерін байыту;

— оқушылардың идеялық, мінез-құлықтық тәрбие беру;

— оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.

Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналасындағы дүниемен жекебас – тұлғалық қатынасын этикалық, адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени – рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына  дарыту арқылы жүзеге асуға болады. Осымен байланысты бағдарламада халқымызға тән әдептілік, имандылық, қонақжайлық, мейірімділік т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер, тіпті табиғат пен адамды бірлікте қарастыратын ұлағатты пікірлер қалыптасқан

1 – 4 сыныптардағы ана тілі бағдарламаларында оқушы тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру жұмыстары негізінен халқымыздың мәдени, рухани  дүниесінің терең деңгейін көрсетіп бейнелейтін ертегілер, аңыз-әңгімелер сияқты қасиеттерге тәрбиелеу, ең алдымен, халқымыздың осы санадағы озық әдет-ғұрыптарына, дәстүріне, бай мұрасына негізделіп жүргізілетіні нақтылы көрсетілген. Білім мазмұнын мектепке тиімді оқытып, оның басты мақсатын жүзеге асыру оқытуды оқу — әдістемелік  құралдық  шамамен алғандағы тізімін алдын-ала білу.  Тізім ең алдымен, қандай оқу -әдістемелік құралдардың қажет екенін біліп, білім мазмұнының білімділік, тәрбиелік, дамытушылық т.б. мақсат, міндеттерін, толық, жан-жақты жүзеге асырып, әдістемелік жүйе түрінде құруды бағдарламаға мүмкіндік береді.

Ана тілі пәні бойынша мектеп оқушыларын ертегілерді оның ішінде қазақ халық ертегілерін оқыта отырып, ар-намысқа, адамгершілікке тәрбиелейміз.

Ертегіге бай елдердің бірі – қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар ХІХ ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та, көркем үлгілерін В.Радиов, Г. Потанин, И. Березин; Ш. Уалиханов сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклоры Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев,  А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Сейфуллин еңбектерінде де мол орын алғаны бар. Қазақ тілінде мектеп оқу құралдарының барлығын да көп жылдардан бері халық ертегілерінің әр алуан үлгілері жарияланып, зерттеліп, оқылып келеді.

Халық адамгершілік пен әділеттілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден –ақ өте жоғары бағалап, әңгіме, ән-жырға, ертегі-аңызға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында да ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі. Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегілердің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнесіне тіркестерге бай болып келеді.

Қазақ халық ертегілерін пайдалану арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие қалыптастыруда ана тілі пәні сабағының өзіндік ерекшелік мәні зор. Ана тілі сабағында ертегіні пайдаланар алдында жас ерекшелігіне қарай сынып оқушыларын бір тақырып бойынша үш звонаға бөліп, І – звеноға сол ертегі бойынша диалог – монологтың түрде тексті дұрыс оқу, ІІ- звеноға сол ертегігің ішіндегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді табу және атап түсіндіру, ІІІ- звеноға сахналық қойылым ұйымдастыру. Сонда өзі берілген 1 немесе 2 сабақты уақыт өлшеміне қарай пайдалану.

Сол ертегідегі адамгершілік тұстарына ерекше тоқталу. Адамгершілік тәрбиесіне қандай қосымша процестер (кішіпейілділік, ақылдылық, кешірімділік) т.б. жатады, ол қай тұстарда баяндалады, тұспалдап айтқызу, мазмұнын қызықты етіп айтып  береді.

Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы сөздерді талдай отырып түсіндіргенде пайдалы;   деректі ұғымдарды  түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар келтіру, фактілер келтіру, әңгіме айту; сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолдану, бірақ мұнда диафильмдерді бастан аяқ көрсетудің қажеті жоқ үзінді ғана алу керек;  сөздерге анықтама беру арқылы жиі түсіндіріледі;  мысалы, “Ғажайып бақ” ертегісінен келтірілген оқушыға түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру тәсілдерін талдап көрейік:

—         ұлтарақтай жер – азғантай,

—         болмашы жер – тәсіл (б)

—         ай десе аузы, күн десе көзі – асқан сұлу, өте көрікті – тәсіл,

—         жұбаныш – көңілге сүйенім, алданыш, мадет – тәсіл (б)

—         үміті – тілегі, міндеті – тәсіл (ә)

—         қолданып — әзірленіп, дайындалып – тәсіл (з)

—         жұт – қыс қатты болған жылдары аштықтан, суықтан малдың қырылуы, мал өнімі, індеті – тәсілі.(ә)

—         жүгіну – бұл жерде арадағы дау – жанжалды

айтыс   —  тартысты дұрыс шешу үшін әділдік тілеп, төрешіге жүгіну, өтіну

Бас ию, табыну, үкім шығару тәсіл (а)

—         жаны ұдай ашыды – қатты алды, қайғырды – тәсіл (ә)

—         таңым – ізет, құрмет  — қошамет – тәсіл (ә)

—         шегендеу, қалау, жинау – тәсіл (ә)

—         кіріптарлық, жоқшылық, қиыншылық, тәуелділік – тәсіл (б)

—         ширігіне келмиді – теңесе алмады – тәсіл (ә)

Жалпы бастауыш мектептегі сөздік жұмысы төрт түрлі бағытта жүргізіледі:

Балалардың сөздігін байыту, яғни оқушыларға олар бұрынан білмейтін, жаңа сөздер үйрету, олардың мағынасын түсіндіру;

Сөздіктерін анықтау, яғни бұрынна білетін сөздерінің мағынасының түсініктерінің тереңдете түсу;

Сөздіктерін қолдануға мүмкіндіктер жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше ыңғайына қарай, көбірек сөз қосып отыру;

Әрбір тілге жатпайтын сөздерді түзету, сөздердің айтылуын дұрыстау. Әрине, бұл көрсетілген бағыттар бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі.

Оқулыққа шыншыл ертегілердің  “Ғажайып бақ”,  “Өнеге”. ”Хайуанат” жайындағы ертегіден  “Түс көрген патша” енеді. “Ғажайып бақ” ертегісінің оқиға желісі қызықты. Ертегінің кейіпкерлері Асан мен Қасен —  қарапайым еңбек адамдары. Ертегінің негізгі идеялы – қарапайым адамның ісі мен ақылы ардақтау. Көңілі ақ, жүрегі таза Қасен бір кездері басына қиыншылық түскен кезде Асанның бөліп берген жерінен ішіне толтырып алтын салған бір қара қазанды тауып алып қуанышы қойнына сыймай, қазанның құлағынан сүйрей, досының үйіне қарай жүгіреді, ал Қасен алтынды алудан бас тартып “бұл сол жерін маңдай терін төгіп, еңбек еткен адамдікі”  деп Асанның өзіне қайтаруы – адалдықтың пәктіктің үлгісі.

“Дайын алтынды балалар неге алмады” деген сұраққа жауап Асан мен Қасеннің балалары да өздеріне тартқан адал, шыншыл екендігін көрсетті. “енді алтынды кім алуы керек.” Деген сұрақ ертегідегі оқиға желісінің өрбуіне әкелді. Ақыры алтынды “осы алтынды жұмсап, құлазып жатқан далада гүл жинаған саялы бақ өсірер едім” деп шешім айтқан қарияның үшінші шәкірті алады да арманына, тілегіне жетеді.

Әрине, ертегіде жас жігіт арманына жету жолында басқа да шытырманды оқиғаны басынан кешіреді, оның рахымдылығы мұратына жетуге  себепші болады.

Бұл ертегілердегі оқиғаның шарықтау шегі. Оқушыны ертегінің ретімен, жүйелі айтуын оны бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қою көмектеседі:

І бөлім:  Қасеннің жұтқа ұшырауы.

ІІ бөлім: Асанның достық көмегі.

ІІІ бөлім: Алтын салынған қара қазан.

ІV бөлім: Кедейлердің қарияға жүгінуі.

V бөлім: Қарияның шешімі.

VІ бөлем: Жас жігіттің рақымдылығы.

VІІ бөлім: Халықтық рахатқа  кенелуі.

Ертегінің кейіпкерлері Асан мен Қасенге адал, еңбекқор достыққа берік деп, қарияға әділ билік айта алатын, шыншыл деп, қарияның үшінші шәкірті қайырымды, рақымды, елін сүйген ер деп мінездеме беру басрысында оқушылардың өз сөздерін ертегі оқиғасынан мысал келтіріп дәлелдеуі тапсырылған жөн.

Ертегіде суреттелетін, ғажайып бақтың  көрінісін оқушылар жас шыбықтар көктеп өсіп, жұпар иіс, қып-қызыл нарттай алмалар, пісіп тұрған жүзім, бал татыған өрік, жарқыраған көл, көкорай шалғын, арықтардың суы сылдыр қағады т.б. сөз тіркесін қолдану арқылы бейнелеп айтуы керек. Осыдан бақтың көрінісін көз алдарына елестетіп, қиялдарына туғызады, оны қылқаламның көмегімен қағаз бетіне түсіруге тырысады.

Ал ертегі бойынша біз қандай сөздермен жұмыс жасауға болатынын жоғарыда атап өттік.”Сен өзің осы алтынды қайда жұмсар едің” деген сұрақ сабақта пікірталас туғызды. Негізгі идеясы ”Не істесең де ойлап істе”, ойламай іс қылсаң, қор боласың деп  келген.

Қай ертегінің болмасын түп нұсқасы халықтың сан мыңдаған жылдар бұрын туындағын, арманынан, қиялынан шыққандығы анық.  Дегенмен де әр ертегіде бір шындық. Оны мысалға ұлы жазушы М. Әуезовтың мына сөздерінен байқауға болады. Тарихта, ел жадында аты қалған, белгілі бір қылық әрекетімен елге даңқты кісі болса, соның өмірінде шын әрекетімен болған мінез — құлқынан туғызып, қиялдың тың ісі, оқиғалар тізіледі.   Осындай әңгімелерді аңыз немесе ертегі дейді. (М. Әуезов Ертегілер І том.  жазушы) 1988, 40 бет). Ертегіде айтылып отырған оқиға сол адам басында айтылған күйінде болмауы да мүмкін. Тек сол адамдарды халықтық ескіліктің көркем әңгімесі ескі күндерден ұмытпай сақтайды да, өмір еңбектерін сүюден, қызық көруден, көпшіліктен көрі ерекше жандар деп санаудан барып, тарихта шын болған адамдардың басына тірлік әрекетіне, елдің өз әңгіме, қиялы қосқан із, мінез, сөздерді жамайды. (М. Әуезов 40 бет). Оқулықта Фараби, Асан қайғы, Алдар көсе басына құрылған аңыздар берілген.

”Алдар көсе мен Шық бермес Шығайбай” аңызында алдардың Шығайбайды алдап, мазақ еткені көрсетіледі, мұндағы бай ешкімді қондырмайтын, қондырса дәл бермейтін екен. Үйіне кісі келсе, оның жауабы:

— Шық, әй! – екен. Осыдан жұрт оны ”Шығайбай” атап кеткен. Міне, осындай өзі тойса да көзі тоймайтын, қатты сараң адамды алдар бірнеше рет алдап,  әбден мазақ етеді.  ”Шықбермес Шығайбай мырза бай етпесем Алдар деген атым құрысын” деп өзіне ант беріп келген Алдар жабықтан сығаласа, Шығайбай қазы тіліп, бәйбішесі нан илеп, тоқалы бас үйітіп, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен. Алдар үйге кіріп келгенде бұлар қолдарындағын жасыра қояды. Сонда Алдар өзінің жолда келе жатқан үлкен сары жылан көргенін

Жуандығы тап өзіңнің астыңдағы қазыдай,

Артың – кем қып асырмай,

Шын айтқанда жасырмай,

Таспен ұрдым жіберіп,

Күң астындағы басындай,

Былш етті иленіп,

Бәйбіше астындағы нанындай,

Өтірік болса сақалым  жұлынсын,

Қыз астындағы тырнадай –

Бәрін де осының көріп келдім,

Асыңды алып ұрламай,- дейді.

Алдардың бұл қылығы оқушыларда  күлкі туғызып, шығарманы жылы қабылдауына септігін тигізеді. Мұғалім ертекті Алдардың сараң байда тағы да бірінші рет алдағаны сөз болатыны, оны үйде оқып келулеріне тапсыруға болады.

Шығарманы оқудың екінші сағатында  оқушылар Алдардың қылықтарын қызыға әңгімелейді. Алдар мен Шығайбайдың іс-әрекеттеріне өз көзқарастарын білдіреді. Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі санасының бірі – осы ертегі  болмақ. Қазақ халық ертегілерін тарихтың үш үлкен дәуірге бөліп талдаймыз.

Мұның бірінші дәуірі – есте жоқ  ескі замандардан басталып, өткен ғасырдың 60- шы жылдарына дейін созылған. Қазақстандағы феодализм дәуірімен байланысты ертегілер болады. Екінші топ ертегілері – 60 жылдардағы Россияда  және сол россияның бөлімі – Қазақстанда болған реформалардың соңғы тарихи дәуірдің шаруашылық – қоғамдық, тарихтың ерекшеліктерімен байланысты болған ертегілер тобы.

Үшінші топ социализм дәуірінің ертегілері есебіне топталып тексерілетін болады. Қазіргі ең алдымен зерттелетін талданатын бірінші дәуір феодализм  дәуірінің ертегілерін жалпы советтік фольклористика ғылымы қолданған методология бойынша, шартты түрде, үш салаға бөліп зерттеу жүргіземіз.

Дәуір ертегілерін қай жағынан зерттесеңіз де балалар үшін ең алдымен адамгершілік қызметінің зор екенін көреміз. Әр сыныпта әр сабақта ертегі тақырыбы сөз болған өткенге талдау жасап, ондағы жақсы жақтарын бойларына сіңіруге көмектесуіміз тиіс.

Ертегі – бастауыш мектеп жасындағы оқушының қиялына қозғау саналады.

Шәкірттердің саналы тәртібі, мінезі туралы түсінігі қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне адамгершілік тәрбиесіне байланысты.

Жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесінде ұлттық тәртіп пен мінез ерекшеліктерінің алатын орны зор. Ұлттық қадір-қасиет дәстүрлер мен  әдет-ғұрыптар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғанып, біздің заманымызға жетіп отыр.

Ұлттық мінез-құлықты халықтың бай тәжірибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан әдетінің, жалпы және ерекше қасиеттерінің бірлігі деп ұғамыз.

Қазақ халқының адамгершілік іс-әрекеті негізінен ол көшпенділік өмір салтына, үнемі өз жерін шапқыншылардан қорғау барысында, көршілес халықтармен қарым-қатынастарда қалыптасады.

Біздің халық момындықты, бой ұсынушылықты, бейбітшілікті құрметтейді. Оқу және тәрбие барысында бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлық туралы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны байиды. Оқыта отырып өскелең ұрпақты тарихи шежіре,  яғни ертегі-аңыз, жаңылтпаш, жұмбақтарды жете түсінуге үйретеміз.

Ертегінің тілінде жеңіл сөз, желдіршелі фразалар жоқ. Оқиға басынан –ақсылбыр, баяндалады. Оның мақсаты – асықпа, оқиға жеңіл емес, ауыр әңгіме ұзаққа созылады дегенді білдіру болса керек.

Ертегінің лексикасы мен синтаксисі  халықтық ойлау тілінің байлығына негізделген. Тілі біздің дәуірімізге бұзылмай, шұбарланбай жеткен.

Бұл бұрынғы көне заманғы ертегілерге жатса, қазіргі заманғы ертегілердің ерекшелігі мен алатын орны қандай болмақ. Қазіргі қазақ ертегілерінің барлық түрлеріне де сол тұрмыс болмысқа кірген  жаңалықтардың неше алуан ықпалы, әсері араласады.

Бұл әсерді жаңағы аталған дәуірде айтылатын, ескі заманнан келе жатқан қиял – ғажайып ертегілерінің өздеріне қосылған үстеме жаңалық, жаңғырудан да байқауға болады.  Қазақ ауылында бұл кезеңдерде салттың өзгеруімен қатар, қоғамдық өзгерістерде көрініс береді. Үстем таптың өзінің арасында да қалың көпшілікке ықпалын жүргізу үшін тайталас – бәсеке басымдайды. Бұрын қазақ ортасына дегенін жүргізіп келген мұсылман дін басыларының ықпалы да, кей жағынан, Россия мәдениетінің тарай түсуі нәтижесінен азая түседі. Қазақ даласында реформадан соңғы дәуірде біріне-бірі қайшы, қарсы ағымдар, салт-саналар пайда болады. Реакциямен консенвативтік үгіт таратушы қазақ шонжарлары татар, бұхар хазіреті, ишандары осы реформадан соңғы дәуірді қазақ ертегі — әңгімелеріне де өздерінің діншіл- реакцияның ықпалын таратуға тырысады.

Осы аталған дәуірлерде  қазақтың ұлы демократ – ағартушылары

Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев майданға шығады.

Қазақ еңбекші жұртшылығының еңбегі “мүддесі мен арманын” аңғартатын ауыз әдебиеті үлгілеріне Шоқанның түсініктері, онан соң, әсіресе, Ыбырай мен Абай шығармаларының арманы, санасы, тарихтың мәдениетін озғын талаптары да әскер етпей қалған жоқ.

Ы. Алтынсарин (1841-1889) тарихтары зиялылар арасында өзінің терең ойы мен ағартушылық педагогикалық асқан еңбегімен айрықша ерекшеленеді. Ыбырайдың “Қазақ хрестоматиясы” деген алғашқы еңбектерінде қазақ халқының рухани мәдениетінің даму тарихында аса зор болып бағаланады және болашақ ұрпақтың ақыл-ойының, адамгершілік қасиетінің тәрбиеленуінің негізі болып есептеледі.

Дала ұрпақтарын оқу өнерге, мәдениетіне, адамгершілікке тәрбиелеуде Ы. Алтынсарин аса бағалы қор – қазақ фольклорына ерекше назар аударды. Ол халық творчествасының өз кітабы үшін ертегілерді тәрбиелік мақсатқа сай келетінін ғана таңдап алып шебер қолданды.

Алтынсариннің еңбектеріне талдау жасағанда олардың  әр қайсысында белгілі тәрбиелік маңызы бар идеялар, әсіресе адамгершілік қасиет – саналар жан-жақты қамтығаны айрықша көзге түсті. Сонымен қатар, Ы. Алтынсарин адамгершілікке тәрбиелеу идеясын қазақ отбасының ең жақсы дәстүрлеріне жоғары баға бергендігінен көреміз.

Абай Құнанбаев (1845-1904 ж) мұрасы – қазақ елінің энциклопедиясы деп танып әлемдік тарих төрінен орын алды. Ғұлама ойдың иесі Абай адам тәрбиесінің ең өзекті мәселелерін өзінің шығармаларына арқау еткен.

Ғасыр бойы әдеп, таным, академиясына айналған Абай тәлімі кісілікті, адамгершіліктің киелі кітабындай бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.  Бүгінде ортамызға қайта оралған А. Байтұрсынов (1873-1937), М. Жұмабаев (1893-1938), Ж. Аймауытов (1889-1931), М. Дулатов (1885-1935), Ш. Құдайбердиев (1858-1931)-тің мәдени рухани мұралары жасұрпаққа тәрбие, білім беруді кеңінен пайдалануға жол ашылды.

Олар қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, өздерінің шығармаларында және арнайы жазған оқулықтарында гуманистік, адамгершілік, ағартушылық идеяларды уағыздап, халықтың реалистік дәстүрін жалғастырған.

А. Байтұрсынов қазақтың тілін, ауыз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін қазақ мектептерінде оқытып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын көрсетті.

Ертегінің алатын орнының ерекшелігі де соған саяды. Келемеждеу, күлкіге ұшырату, мазақтау арқылы бай-шонжарларды дәріптесе, керісінше, асқан зиялы мәртебесін арман- мақсатпен ұштастыра отырып жағымды образ жасайды. Онда әрине, мейірімді де ақылы көп, адамгершілігі бар адам. Оның әрбір басқан қадамы үлкен сақтықты қажет етеді.  Дегенмен де соңында бақытқа жетіп баян болады.

Сондай-ақ жағымды образдардың бірі – Қожанасыр. Қожанасыр әңгімесін айтушы елдер ол жайындағы естіген сөздерін ғана айтумен қанағат қылмай, әр кезде Алдар көсе, Жиренше сияқты өз тұстарынан қосымша, үстеме әңгімелерді де жамап, молайтып айта берген. Сонымен Қожанасыр жайындағы әңгімелердің ұшы-қиыры жоқ. Күлкіні заң етіп алып Насыр әңгімесіне талайды мазақ етеді. Ертегі арқылы үлкен жүректі, адамгершілігі мол, зор еңбекті жемісті образ көзге елестейді. Оқушыларға ертегінің тартымды болуы да содан. Ертегі арқылы жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық айыра алатын болады.
Тағы рефераттар