Аннуитетriк сақтандыру шарты бойынша төлем өтеу мөлшерi және тәртiбi туралы қазақша реферат
Аннуитеттiк сақтандыру шарты бойынша төлем мөлшерi. Сақтандыру төлемi – жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған, сақтандыру жағдайының келiп түcyiнe немесе мерзiмнiң келiп түсуiндегi сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандырушы мен сақтанушыға төленетін ақша сомасы.
Аннуитеттік сақтандыру өзінің мән-жайы бойынша зейнетақылық сақтандыруға жақындайды. Себебі ол өзінің өзінің еңбегімен бұрынғыдай табыс таба алмайтын зейнеткерлік жастағы сақтандырылған тұлғанын кірістерін ұлғайту үшін пайдалана алады. Бұл реттеренталық төлемдер қосымша зейнетақы рөлін атқарады. Аннуитеттік сақтандыруға қатысатын әрі осы орайда сақтандыру шартын жасасқан барлық азаматтар белсенді еңбек ету кезеңінде тапқан табыстарының белгілі бөлігін сақтандыру компаниясының қарамағына береді. Мұндай сақтандыру жинақтаушы сипатта көрініс табады. Олар (төленген қаражаттар) сақтанушының жекелей шоты бойынша есепке алынады. Жинақталған осындай сомаға дисконтталған табыс, былайша атқанда салынған сомаға есептелетін кепілдендірілген процент қосылады.
Аннуитеттік шарттағы сақтандыру сомасы аталмыш шартта белгіленген кезенділікпен (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылған адамға) толеуге тиіс аннуитеттін сомасы болып табылады. Аннуитеттік сақтандыру шартында сақтанушының сақтандыру жарналардын орын алуы тиіс. Осыған орай аталған шарттын қолданыста болу мерзімі бойынша сақтандыр жарналарын төлеу кезеңін (он жыл және одан әрі), күту кезеңін сондай-ақ аннитеттердің төлеу кезеңін атап көрсетуге болады.
Сақтандырушылар мен сақтанушылардың құрамы. Жазатайым оқиғалардан жеке сақтандырудың шартrары бойынша белгiлi бiр тұлғa тек өзін-өзі ғана сақтандыра алады. Сондықтан да сақтанушы да, сақтандырылған тұлғa да бiр тұлға болып табылады. Сақтанушылар болып елімізде тұрақты түрде тұратын бiздiң азаматтарымыз бен шетелдiк азаматтар, сондай-ақ, азаматтығы жоқ оқиғалар, яғни өмірді аралас сақтандырудағыдай жеке тұлғалар тобы табылады. Бiрдей дерлiк ұстаным жас аралықтарын белгiлеу негiзiнде жатыр: 16 жастан 74-ке дейiн, алайда бұл жерде сақтандыру мерзiмi аяқталған yaқыттa сақтанушының жасы 75-тен аспауы керек деген шарт орындалуға тиiстi. Сақтанушының жасы тура солай толық жылдармен есептеледi. Сақтанушының денсаулық жағдайы келiсiмшарт жасасуға кедергi бола алмайды. Сақтандырылуға тек қана 1 топқа жататын жұмыссыз мүгедектер қабылданбайды (нақты сақтандыру шартында басқа шектеулер белгiленуi мүмкін) [20].
Сақтандыру бойынша жауапкершiлiктiң көлемi. Сақтық сомасы сақтандыру мерзiмi iшiнде болған жазатайым оқиға сақтандырылан тұлғаның денсаулығының жоғалуына немесе оның өлiмiне әкелген жағдайда төленуге тиiс. Денсаулықтың жоғалуымен байланысты сақтандыру бойынша жауапкершiлiктiң көлемi өмiрдi аралас сақтандырудағы тиісті жауапкершiлiкпен аралac болады. Бұл дегенiмiз, бiрдей жазатайым оқиғалар, яғни жазатайым оқиғалар қатарына жатқызылған травмалық зақымдар, кездейсоқ. қатты улану және аурулар (мысалы, кене энцефалитi) зардаптарының бiрдей тiзiмi, санкциялар тiзiмi, яғни сақтандыру қамтымайтын жағдайлар, сондай-ақ барысында денсаулықтың жоғалу дәрежесi белгiлi болатындай үш жылдық мерзiм қолданылады.
Жазатайым оқиғаның өлiмге әкелуiмен байланысты сақтандыру бойынша жауапкершiлiктiң көлемi тағы да сол зақым, кездейсоқ қaтты улану және бұған жатқызылған оқиғалар зардаптарының тiзiмiн, ал одан басқа дем алу жолдарына бөгде дененiң кездейсоқ түсуiнiң, cуғa батып кетудiң, анафилактикалық естен танудың, ағзаның тоңазытылуының (суық ұстayды қоспағанда) өлiмге әкелу жағдайларын қамтиды. Алайда, сақтандырумен қамтылмайтын өлiм жағдайларының тізімі денсаулық жоғалтылған жағдайлар үшiн белгiленген тiзiмге ұқcac. Өлiмге байланысты сақтандыру сомасы өлiм жазатайым оқиғадан кейiнгi бiр жыл iшiнде орын алған болса ғaнa төленеді.
Аралас сақтандырудағыдай, жазатайым оқиғаның зардаптары үшін төлем сақтандыру сомасының белгiлi бiр пайызымен төленедi. Бiрақ, жазатайым оқиғалардан жеке сақтандыру бойынша барлық төлемдер, оның iшiнде денсаулықтың жоғалтығаны үшiн және өлiм жағдайы үшiн төлемдер жасасқан сақтандыру шартында белгiленген бiр сақтандыру сомасының мөлшерімен шектеледі.
Сақтандыру сомасы және оны алушылар. Келiсiмдер тараптардың өзара келiсiмi бойынша сақтандыру сомасына жасалуы мүмкін. Жазатайым оқиғалардан жеке сақтандырудың шарттары сақтанушы саналы түрде өз мамандығының қауiптiк дәрежесi бойынша төленуге тиiстi сақтық жарнасының сомасынан төмен сақтьщ жарнасын төлеген жағдайда сақтандыру сомасын пропорционалды түрде азайту мүмкiндiгiн көздеулерi мүмкін. Ал бұл арада, қолданыстағы заңнамаға сәйкес алушы белгiлеген сақтандыру сомасының мөлшерi келiсiмнiң елеулi шарты болып табылады және сондықтан да ол сақтандыру мерзiмi iшiнде тек қaнa тараптардың келiсiмiмен өзгертiле алады. Сақтандырушы аталған жағдайда тек қана сақтандыру жарналарын қайта есептеуге құқылы болады.
Денсаулықты жоғалтуға байланысты сақтандыру сомасы сақтандырылған тұлғаға төленедi. Сақтандырылған тұлға қайтыс болған жағдайда ол сақтандырушы белгiлеген өлгеннен кейiнгi алушыға берiледi. Сақтандырылған тұлғаның мұрагерлерi сақтандыру сомасын алушылар ретінде өлгеннен кейiнгi алушы тағайындалмаған жағдайда немесе ол сақтандырылған тұлғадан бұрын немесе онымен бiрге қайтыс болған жағдайдағана бола алады. Өмiрдi аралас сақтандырудағыдай сақтандырылған тұлғаның өліміне өлгеннен кейiнгi алушының арам ниетi себеп болса, сақтандыру сомасы дәл солайша, өлгеннен кейiнгi алушыны қоспай, сақтандырушының мұрагерлеріне төленеді.
Сақтандырушы өмiрдi аралас сақтандырудағыдай тәртiппен өзiнiң тipi кезiнде өзiнiң өлгенiнен кейiнгi алушыны тағайындап, өзгерте алады [21].
Сақтандыру мерзiмi. Келiсiм жасасу. Бағамдық ставкалар. Сақтандыру шарттары келiсiмдердi 5 жылға дейiнгi мерзiмге жасасу мүмкiндiгiн белгiлейдi. Сақтандыру жүргiзу практикасында бiр жылдық мерзiм ең кең таралған.
Келiсiм сақтанушының өтiнiшi бойынша, сол сақтанушының өзiнiң бiр реттiк сақтандыру жарнасын қолма-қол ақшамен төлеуiмен бiр уақытта сақтандыру куәлiгiн жазып беру және ұсыну жолымен ресiмделедi. Жарна қолма-қол ақшасыз төленген жағдайда сақтандыру куәлiгi ақша сақтандыру ұйымының банктегi шотына аударылғаннан кейiн ұсынылады. Келiсiмнiң өз күшiне ену тәртiбi дәл өмiрдi аралас сақтандыру кезiндегiдей болады. Бiр топ тұлға бiр уақытта әрбiр сақтандырылған тұлғаға келiсiмнiң жасалғандығы фактiсiн растайтын жадынама берiле отырып бiртұтас сақтандыру куәлiгi бойынша сақтандырыла алады. Келiсiмдi жаңа мерзiмге қайта жаңарту үшiн оны ресiмдеу процедурасы қайталанады. Және де жана келiсiмнiң мерзiмi алдьшқы келiсiмнiң аяқталған cәтiнен басталуы мүмкін.
Егер келiсiмнiң күші бар мерзiмi iшiнде сақтандырyшы мамандығын немесе жұмысының сипатын өзгертсе, сақтандыру жарналары бойынша қайта есептеу жүргiзiлмейдi [22].
Денсаулық және еңбекке жарамдылықты жоғалтудан сақтандырудың басқа түрлерi олардың кейбiреулерiнiң практикалық маңызы бар.
Өндiрiстегi жазатайым оқиғалардан жұмысшылар мен қызметкерлердi кәсiпорындар мен ұйымдардың есебiнен сақтандыру жұмыc берушiнiң азаматтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға қосымша ретiнде немесе жеке түрде жүргізіледі. Бұл сақтандыру бойынша сақтанушылар болып денсаулықтары үшін қауiптi еңбек жағдайларында жұмыc iстейтiн жұмысшылары бар барлық меншiк нысандарындағы кәсiпорындар мен ұйымдap табылады. Кәсiпорындар мен ұйымдap әдетте өз есептерiнен сақтандыратын жұмысшылар тізіміне кіретіндер: кәсіпорындар мен ұйымдардағы өрт сөндiрушiлердiң epiктi жеке құрамы, кәсiби өртке қарсы күзет сарбаздары, азаматтық авиация және арнайының ұшқыштар құрамы, тау-кен құтқарymы және газдан құтқарушы бөлiмдердiң сарбаздары, қопарушылар, банк инкассаторлары, жаңа техниканы сынаушылар, қайта туылған қоғамдық тәртiптi сақтау бойынша халық дружиналарының мүшелерi, жүргiзушiлер, жарыс кезеңiнде спортшылар және басқалар.
Аталған жұмысшылар категорияларын сақтандырумен өз қызметтерi бойынша мiндеттерiн, нақты жұмыстapды орындаумен, спорттық жарыстарға қатысумен байланысты тәуекелдер жабылады. Сақтандырумен қамтылатын нақты жағдайлардың тiзiмi кәсiпорын (ұйым) және сақтандырушы apacында жасалатын сақтандыру туралы келiсiмде келтiрiледi [23].
Келiсiм әдeттe 1 жылға дейiнгi мерзімге сақтанушының сақтанжырылуға тиісті қызметтер тізімі немесе сақтандырылған тұлғаның аты-жөндеруiң тiзiмi көрсетiлген жазбаша өтiнiшi бойынша жасалады. Бip сақтандырылатын тұлғаға орташа алғанда келетiн немесе әp сақтандырылған тұлғаның жеке басына жекелеп сақтандыру сомаларын сақтанушы белгiлейдi, ал сақтандыру тарифiнiң мөлшерi келiсiм бойынша белгiленедi.
Сақтандыру төлемдерiн төлеу тәртiбi, келiсiмнiң күшiне eнyi және жарамды мерзiмi, сақтандыру бойынша өтемақы төлеу тәртiбi жазатайым оқиғалардан жеке сақтандырудағыдай.
Тағы рефераттар
- Халыкты бейбит жане согыс уакытында инженерлик коргау
- Нұрсултан Назарбаевтың тәуелсіз казакстанның экономикасының құрылу стратегиясындағы рөлі
- Байғозы батыр (1705-1803)
- Кіші жүз қазақтарының мал шаруашылығы
- «Машина, жабдықтар және көлік құралдарының физикалық тозуын анықтау» (мысал ретінде Mercedes-Benz 300 SE 2.8) курстық жұмыс