Анықтама – 1) белгілі бір деректер мен оқиғаларды сипаттайтын, растайтын құжат; 2) биологиялық немесе қызметтік сипаттағы деректерді растайтын құжат.
Анықтамалар қызметтік және жеке болады.
Қызметтік анықтамалар лауазымды тұлға жүргізген қандай да бір тексерудің жиынтық нәтижесінен тұрады, мысалы,
— қоймадағы материалдардың болуы туралы анықтама, әдетте қойма меңгерушісі жасайды немесе оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде сабақты босату саны туралы анықтама, мұны оқу меңгерушісі жасайды.
Жеке анықтамалар жеке тұлғаларға беріледі. Оларда әдетте, осы адамға қатысты қандай да бір мәлімет расталады, мысалы,
Оқу орнынан анықтама,
Жұмыс орнынан анықтама
Тұрғылықты жерінен анықтама
Емханадан денсаулығы туралы анықтама т.б.
Анықтамалар бұрыштама бланкіде ресімделеді және оларда мынадай деректемелер болады:
— адресат;
— құжат түрінің атауы (анықтама);
— анықтаманың рет саны;
— күні;
— жасалу орны;
— қызметтік анықтамаларда мәтіннің тақырыбы;
— мәтін;
— қосымшасының бар екендігі туралы белгі;
— қолы.
Қызметтік және жеке анықтамалардың айырмашылықтары мынада: қызметтік анықтамада адресат деректемесі ресімделеді, ал жеке анықтамада адресат ресімделмейді, бірақ құжат мәтінінің соңында анықтаманың қандай мақсатқа берілгені жазылады, яғни оның қандай мекемеге ұсынылатыны көрсетіледі
Жұмыс істейтіндігі туралы
АНЫҚТАМА
Осы анықтама ________________________________________________________
(аты-жөні)
________________________________ болып жұмыс істейтіндігі туралы берілді.
(лауазымын көрсету)
Анықтама *______________________________________________________
(берілген органның атауы)
көрсету үшін берілді.
**Алматы қаласы (________ ауданының) Әкімі ________ _____________
(қолы) (аты-жөні)
Тағы рефераттар
- Қазіргі астрофотометрия: мақсат, әдіс және проблемалар
- Құжаттарды және жазуды криминалистикалық тұрғыда зерттеу
- Аммофос және мочевина құрамында мыс элементінің мақта өнімі техникалық сапа қасиеттеріне әсері
- Мультиплексор және демультиплексор
- Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары