Аппалач тауы және Ньюфаундленд аралы туралы қазақша реферат
Ньюфаундленд аралы өзінің көлемі 111 мың км2 шамасында. Ол материктен солтүстікте жіңішке Белл-Айл бұғазы арқылы, ал оңтүстік-батыста бұдан едәуір енді болатын Кабота бұғазы арқылы бөлініп жатыр.
Ньюфаундленд — материктен бөлінген арал, ол орасан зор көлемдегі материктік таяз жағалауда жатыр. Осы таяз жерлердің бедерінен өзен аңғарлары айқын байқалады. Мұның өзі бұл жерлерді бұдан біршама уақыт бұрын мұхит суы басқанын көрсетеді. Ньюфаундлендтің төңірегінде теңіз түбінің едәуір жоғары көтерілген учаскелері — банкалары бар. Олардың ішіндегі неғұрлым белгілісі — аралдың оңтүстік-шығысына таман жатқан Үлкен Ньюфаундленд банкасы. Ол өзге банкалармен қоса есептегенде шамамен Ньюфаундлендтің өзі көлеміндей жерді алып жатыр деуге болады.
Арал түгелдей дерлік биіктігі 400—600 м келетін дөңес үстірт болып табылады. Ол Аппалач тау жүйесінің бір белігі ретінде байырғы кристалл тау жыныстарынан тұрады. Аралдың ең биік бөлігі — Лонг-Рейндж тауы, оның биіктігі 800 метрге жетеді.
Жaзы қысқа, салқын әрі жаңбырлы келеді. Июль айының орташа температурасы солтүстіктегі +10° С-ден оңтүстіктегі +17°С-ге дейін ауытқып отырады. Қысы аязды болады. Қаңтар айының орташа температурасы солтүстіктегі —12°С-ден оңтүстіктегі —3°С-ге дейінгі мөлшерде болады. Қыс айларында қар мол түседі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 750 миллиметрден 1300 мм-ге дейін жетеді.
Эпиплатформалы Аппалач тау жүйесі Канада мен Америка Құрама Штаттары жерінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2000 километрге созылады. Ол өзінің негізгі бөлігі арқылы қоңыржай белдеудің оңтүстік жартысын кесіп өтіп, оңтүстікке жете бере субтропик аймағына енеді. Солтүстік Аппалач тау жүйесі Әулие Лаврентий шығанағына барып тіреледі де тау жоталары Гаспе және Жаңа Шотландия түбектеріне барып енеді.
Солтүстік Аппалач пен Адирондак таулары кристалл және метаморфий тау жыныстарынан тұрады. Оңтүстік Аппалачта тау түзілу процесі төменгі палеозойда ғана емес, сонымен қатар жоғарғы палеозойда да жүрді.
Батыста Аппалач таулары биіктігі едәуір (1000 м және одан да биік) Аппалач үстіртімен шектеледі.
Аппалач таулары қоңыржай және субтропиктік белдеулерде жатыр. Таулардың үлкен бөлігінде континенттік ауа басым, себебі Атлант мұхитының батыс ағынына таулар тосқауыл болады. Мексика шығанағынан келетін жазғы муссонның рөлі зор. Аппалач таулары үшін тұрақсыз ауа райы режимі, температураның шұғыл ауысуы және жыл бойы жауын-шашынның көптігі тән. Қаңтардың орташа температурасы солтүстікте -100С-тан оңтүстікте 40С-қа дейін, шілдеде солтүстікте -180С, оңтүстікте 250С-қа дейін. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000-2300 мм.
Аппалач таулары үшін вертикальді зонаның басты екі спектрі тән: орманды-тундралы континентті және орманды-шалғынды континентті. Биіктіктің төмендігінен территорияның негізгі бөлігі орман белдеуінде жатыр. Аралас ормандар басым. 700-1000 м. Биіктікте жалпақ жапырақтыларға қылқанды ормандар араласады.
Топырақтан таудың күлгін және орманның қоңыр түрлері басым, ал аңғарлар түбі бойымен құнарлы карбонатты топырақтар дамыған.
Аппалач таулары пайдалы қазбалардың түрлі кен орындарымен әйгілі. Мұнда тас көмір, мұнай, темір, күміс, кобальт және басқа да кендер өндіріледі
Тағы рефераттар
- Мал шаруашылығындағы жағдай
- Тау-жыныс бұзушы аспап
- Құжаттардың деректемелерін ресімдеу
- Оңтүстік Қазақстан облысының көрікті жерлері
- Датұлы Сырым