Араб және түркітілдес философия туралы қазақша реферат
Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Европа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христьян дінінің кең етек алып, тарауна байланысты «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушылар» философиясының арасындағы мәмлеге келмесе күрестің өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бқліп қарастырады. Біздің заманымыздың II ғасырына бастап, алғашқы христьяндық ойшылдардың ілімдерін жиынтықтап, кейін алолегетикалық (қорғау) деп аталып кеткен діни- бар күштерін салды. Барлық нақтылықтың денесі бар. Құдай—нақтылық. Демек,құдайдыңда денесі бар. Жалпы нақтылықтың уақыттық бастамасы жоқ(Тертуллиан). Осы тұрғыдан апологеттер платоншылар мен гносиктердің тән және жан туралы ілімдерін сынға да алады. Апологеттердің христиан дінінің өнегелілік қағидаларының артықшылығын ескере отырып, оны мемлекеттік дінге айналдыру қажет деген идеясы, құдайдың мәні мен табиғаты, әлемнің жаратылуы, адам табиғаты және өмір сүру мақсаты туралы көтерген мәселелері ортағасырлық философияның келесі сатысы—патристика, схоластика кезеңдерінде өз көріністерін тапты.
Патристика (patep—әке) деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (III-VI ғғ.) Негізгі өкілдері: Климент Александрийский, Амворский, Майландский (340-397 ғ.),Августин Блаженный (354-430 ғғ.) т.б.III-IV ғасырдажүйеленген бұл діни ілімде алғашқыда Христостың табиғаты туралы лікірлер (құдайлық,немесе адамдық табиғаты туралы), ал 323 ж. Император ұлы Констатин христиандық мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін, саяси-шіркеулік мәселелер алдыңғы шепке шығып, шіркеу әкейлерінің көзқарастарында өз көріністерін тапты. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі хрисиан дінінің артықшылығын дәлелдеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы және ол—аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатанизм қағидаларын басшылыққа алды. Оны осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып, христиан дінінің жаңа бағытын қалыптастырғаны үшін, кейін августинизм деп аталып кеткен ағымның негізін қалаушы деп мойындады. Негізгі еңбектері: “Құдай қаласы туралы”т.б.
Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып т.б. оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке (жазықсыз болса да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың түрлерінің бастамасын енгізіп, әрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік береді. Адамзат тарихы да осы заңдылыққа бағынады. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне сенімділігі(бұл сенімнің негізгі құдай) мен құдайға деген сүйіспеншіліктің таңымдық күші жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала отырып,Августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Олар құдайға қарсы,күнделікті өмірдің қызығын күйттейтіндермен құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августин құдай патшасылығы дегенде жердегі оның өкілі-рим шәркеуін айтады. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін болғандықтан, оған жердегі пенделердің де бағынулары керек.
Августинизм теологиялық-философиялық бағыт ретінде Батыс Европа елдерінде XII ғасырға дейін үстемдік етті, кейін христиандық аристотелизмнің негізін қалаушы ұлы Алберт пен Фома Аквиинскийдің ілімдерімен ығыстырылды.
Ортағасырлық филослфияның схоластика деп аталған кезеңі Европа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап қайта өрлеу дәуіріне дейінгі 600-700 жылдай уақытты қамтиді. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Европа елдеріне (Италия,Франция,Англия,Германия т.б.) феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан дінін қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдіқ көрсетіп,шіркеудің сауаттылықтың қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осындай мемлекеттік билік қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында философия өзінің бар ақыл-ой, күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналқан-ды. Осы кезеңдегі философиялық ілім “схластика”(мектептік ілім) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:
- Балауса схоластика (IX-XIIғ.ғ.)Ғылым,философия,теология(дін ілімі) әлі бір-бірімен біте қайнасып, ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекеттінің жемісі мен құндылығын түсінуді, универсалилерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізіннде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің “заңдылығын” дәлелдеуді (Аристотелдің формалдық логикасы тұрғысынан) өзіне мақсат қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Анселем Кентерберийский, Иоанн Росцелин, Пиер Августин Аврелий т.б.
- Кемеліне жеткен схоластика(XIII ғ.) Аристотелдің еңбектері латын тілінд болса да, көпшілік арасына тарап, ғылым мен философияның теологиядан бөлініп (Ал-Фараби мен Ибн Руштың “екі ұдай ақиқат”теология негізіңде ), философиялық-теологиялық , кең етек алған кезең болды. Негізгі өкілдері ұлы Алберт, Фома Аквинский, Дунс Скот т.б.
- Құлдырау кезеңі (XIV-XV). Шынайы ғылыми философиялық бағыт пайда болады.Негізгі өкілдері: Юсин Мученик (100-167 ж.ж.), Тациан (2 ғ. Екінші жартысы), Тертуллиан Квинг Септимий Флоренс (160-222ж.ж.) т.б. Олар өз ілімдерінде христиан дініежелгі грек философиясы сияқты жалпы адамзат алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек философтарынан гөрі тереңірек, ауқымды және ұғымдырақ жауп береді, сондықтпан да оларды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікірді басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясынның орнына басатын христиандық діни-философия жасауға және философиялық ойлардың тез қарқында дамуының арқасында теологияның тек бедел мен аттаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ, керенаулық сарыны басым мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлде нәтижесіз тіл безеген ғылым-сымақ ретінде қалыптасты.Негізгі өкілдері:Улям Оккам,Жан Буридан т.б.
Схоластикалық тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теолог-схолоты, философ Пиер Абеляр( 1079-1142 ж.) болды, Негізгі еңбегі:”Бар және жоқ”.
Aбелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін-жалқылар,бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан,осы негізде әмбебап жалпы ұғымдар қалыптасады. Әмбебап жалпылар( универсалилер) шын өмір сүреді,себебі ол құдайдың ақыл-ойында бар. Сонымен қоса ол өзі жаратқан заттардың үлгісі болып табылады.Олай болса,жалқыларды зерттеп, алған білім де,далпылардың шын өмір сүретіндігіне деген сенім де, бір-біріне қайшы келмеулері керек. Адамға ең керекті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға сенімі.
Абеляр осындай екі-ұшты пікірлері үшін номиналистер жағынан да, реалистер жағынан да сынға түсті.
Христиандық діни ілімді Аристотелді философмясымен байланыстырған, шіркеудің алғашқы схоластикалық ұстазы, ал 1879 жылдан бастап калолик шіркеуінің шешімімен осы шіркеудің ресми теолг-философы деп жариялаған Фома Аквинский 1225-26 жылы туып 1274 жылы қайтыс болды.Негізгі еңбегі:”Теологияның жиынтығы” т.б. Ол Аристотелдің іліміне сүйене отырып, белсеңді форма( реттілік принципі ) мен тұрақсыз және қалыптаспаған материяның( болмыстың әлсіз түрі ) арасындағы байланысты түсіндіру арқылы Иисус Христостың бойындағы құдайлық (идеялдық) және адамдық (материалдық) қасиеттерін теориялық жолмен негіздеуге тырысады.Құдайдың арқасында қосылған алғашқы бастамалар –форма мен материя-жеке заттар әлемін тудырады.
Адамның өзі де жан (түр қалыптастыратын принцип) мен дененің қосындысын пайда болған. Жан «таза форма» ретінде күйрену, жоғалуы мүмкін емес.Бірақ ол жерде тіршілік пайда болғанға дейін жеке өмір сүрмеген,оны құдай жаратқан.
Рух пен материяның табиғаты туралы пікірталас жалқылар мен жалпылардың(универсалилер) табиғаты жөніндегі тартысқа айналды.Фома Аквинский Аристотелдің жалпы ұғымдар жалқылардың түр қалыптастыратын принципі ретінде жеке өмір сүреді деген іліміне сүйене отырып, универсалилер ақыл-ойдың жемісі болғанымен, санадан тыс, құдайдың ойында орын алғандықтан, өз алдына жеке-дара тіршілік етеді дей келіп,Ибн-Сина сияқты универсалилердің үш түрлі өмір сүретіндігін көрсетеді.Олар:1.зат пайда болғанға дейін –құдайдың ойында, адамдардың ақыл-ойында-сол заттардың ұғымы, абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде.
Заттардың мәні олардың түпнегізі-құдайдың бойындағы жалпы идеялар брлғандығтан адамдардың мақсаты- соларды діни сенім арқылы білуге ұмтылу.Ал философия болса, ол да діни догмалардың дұрыстығын,ақиқаттығын өзіне тиесілі бар беделімен дәлелдеуін керек.
Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады.Демек, өкімет билігі құұдайдан.Жердегі тіршілік о дүниедегі болашақ рухани (діни) билікке бағынуы керек.Рухани билікті жүргізетін, аспанда –Христос, жерде Рим папасы. Аквинскийдің ілімі XIX ғасырдың аяғында қалыптаскан қазіргі кездегі философияда өзіндік орын алып отырған неотомимзнің теориялық және идеологиялық арқауы болып отыр.
Дунс Скот ( 1268-1308) шотланд схоласты,Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтып, құдайдың да,адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан да құдайдың жігері не істеймін десе де абсолютті ерікті, ал оның қалағанын ңстегенің өзі-игілік.Құдай жігерінің арқасында әлемді жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен бірге сол заттардың рухани түпнегізі. Осындай рух адамда да бар. Адамның рухы (жаны) мәңгі, ал оның денесі кеңістік пен уақытта шектеулі.Рухтың негізгі мақсаты-танып білу.Адамдар сезімдік түйсіністер арұылы заттардың қасиет сипаттарын таныса, ақыл-ой арқылы осы алынған деректер негізінде жалпылықтың (универсали) мәнін түсінуге ұмтылады.Жалпы ұғымдар таза ақыл-ойдың туындысы емес, әр заттың мәні,түпнегізі. Олар әр уақытта болған және мәңгі бола береді. Тек адамдар таным процесі кезінде оларды заттардан бөліп алады да, жалпы ұғымын қалыптастырады.Ақыл-ой да, сезімдік түйсіністер де өз алдына рухани түпнегізді танып-біле алмайды, себебі олар сезім мүшесіне әсер етпейді. Олай болса, таным процесінде белсенділік көрсететін сезім мүшелері де, сана да емес, тек жігер ғана. Себебі жігердің өзі жалпы рухтарға тән, ал рухтың жігері құдайдың жігерінен нәр алады. Скоттың пікірінше, философия қарастыратын негізгі мәселе болмыс болғандықтан, ол рухани түпнегізді танып біле алмайды, ал діннің пәні-рухани түпнегіз болғанымен де, бірақ оны нақты түрде дәлелдей алмайтынына қарамастан, оның айтқандарына күманданбай сену керек.
Дунс Скоттың ілімі скотизм деп аталған өзінің ізбасарлар мектебінің өкілдеріне үлкен әсер етті.
Ортағасырлық философияның көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірибенің беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон болды (1214-1249).Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы-тәжірибе, эксперимент және математика деп есептеді. Ол өз кезеңдегі ғұламаларды схоластикалық беделдің алдында бас июден гөрі тәжірибеге жүгінуге, бос пікірталастықтан-экспериментке, керегі жоқ кітаптардан – табиғатты зерттеуге шақырады. Осы салада өзі де үлкен жетістіктерге жетті.
Білімнің қайнар көзі және негізгі құралы- тіжірибе, логикалық пікір және ғылыми бедел. Бірақ осы аталғандардың ішіндегі адамдарды ақиқатқа жеткізетін ғылыми құралдардың ең бастысы- тәжірибе. Себебі тәжірибе- тәжірибе болғандықтан құндылыққа ие. Ал қалғандары осы тәжірибе арқылы дәлелдену керек. Ал кей жағдайда тәжірибе де ақиқаттыққа жеткізе алмайды, мұндай жағдайда оған философия мен дін көмектеседі. Осыдан келіп, ол философияның міндеті дінді қорғау деген тұжырым жасайды.
Номиналистік бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тәсілінен арылып трансценденталдық болмыстың онтологиясын қалыптастыру арқылы Суарес, Лейбниц, Г.Бил сияқты ойшылдарға үлкен әсер еткен, ағылшын ғұламасы Уилям Оккам (1300-1349-50ж.) болды. Оның пікірінше, әлем жеке заттар мен мәндерден тұрады. Мәнділіктердің негізгі анықтамаларының қасиеттері(трансценденталилер) өзінен бөлінбейді және қажеттіліктің арқасында оныі мәнінен тікелей туындайды. Трансценденталилер категориялардан да, біртектес заттарды қамтитын жалпы ұғымдардын да жоғары тұрады. Ал категориялар мен жалпы ұғыммдар, заттардың таңбасы, белгілері ғана, олай болса, олар жеке дара өмір сүре алмайды, тек ғана адам ақыл-ойында болады. Ақыл-ойдан тыс өмір сүретін тек жалқыоар болғандықтан, таным процесі заттарды, құбылыстарды түйсіктер арқылы бейнелеуден басталады, сыртқы және ішкі тәжірибе арқылы түйсініп-білуден тұрады. Ішкі тәжірибеде адам жалқыларды бейнелеудің нәтижесінде оларды түсініп интуитивті нақты білім болса, сыртқы тәжірибе трасценденталилер туралы абстракциялы немесе жалпылар туралы білім жинайды. Олай болса, Оккамның пікірінше, философиялық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе-интуиция мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Ал дәлелдеудің өзі қарапайымдылыққа, түсініктілікке негізделуі шарт. Ал ақыл-ой күшімен құдайды, оның бар екендігін бұлжытпай дәлелдейтін фактілер болмағандықтан, оған сену ғана керек.
Оккамның ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің қалыптасуына және ғылымдарға геометриялық тәсілдің үстемдік етуіне жасады.
Араб және түркітілдес философия.Орта ғасырларда дамып, гүлденген Араб және түркі тілдес философия туралы әдебиеттер баршылық, дегенмен де ол әлі толық зерттелмеген. Бүгінгі таңда Шығыс мәдениеті мен философиясы, қркениетті әлемдік деңгейде рухани мәдениеттің бар саласына белсенді әсер етәп үлкен үміт арттырып отыр. Бұл еуроцентристік теориялардың жалпы әлемдік универсализм ие бола алмай тұйыққа тірелген шағын көрсетіп отыр.
Мәселен, ежелгі үнді, қытай және грек философиясының генезисін анықтау, олардың алғы философиялық сананың формаларына деген ара-қатынасын анық түсіну, әрқайсысының спецификасын және олардың даму заңдылықтарының құрылуына мүмкіндік береді.
Бұл көне Шығыс пен ежелгі грек философиясын, сондай-ақ Шығыс пен Батыс өркениеттігін де салыстырмалы түрде оқып білудің алғы шарттары болып табылады. Өркениеттің рухани аспектісінің кең ауқымда болғандығы соншама, оның Шығыс қоғамындағы орны Батысқа қарағанда мүлде қзгеше.
«Бұрынғы әлемдік философия тарихының қазіргі мәселе қою жағдайынан өзгешелігі сол, онда еуроцентрзм үстемдік етеді.
Ол Батыстағы шешімді асырып жіберіп, Шығыс философиясын теріс бағалады. Бұған сенсек, Шығыста барлық уақытта бір түрлі философия өмір сүрген». Бірақ бұл солай ма? Олай емес. Өркениет, философия, мәдениет Шығыс да, Батыстағыдай әрқилы жолдармен жүріп, дамып келеді.Бұл алшақтық Шығыстың қоғам дамуының ереше өз көрінісін тапқан, қайталанбас өз тарихы, салт-дәстүрі бар дербес Шығыс қоғамын көрсетеді.
«Өкінішке орай кезінде ұлы Гегел де Батыс философиясы Шығыс философиясынан әлдеқайда жоғары деп бағалағанын оның концепциясынан көреміз.Мұның бәрі отаршылықтың көптеген ғасырлары Шығыс ойларының пессимистігі, инерттілігі делінетін менсінбей қараушылықпен белгілі».
«Шығыс философиясына үңіле зер салсақ,оның ешқашан жалпы болмағандығын, ең аз дегенде, үш дербес бағытта, үнді, қытай, араб мұсылман болып дамығандығын көреміз».
Бұдан біздің пайымдайтынымыз, Шығыс философиясының өзіндік бір дербес ерекшелігі бар, ешқандай бұлжымай қатып қалған философия түрлерінің болмауы. Қайта бағыттардың әртүрлі қалыптарына, өміршеңдігіне, даналығына көз жеткіземіз. Сотдықтан да біздің бұл бөліміміз Шығыс философиясының бір бұтағы болған араб және түркі тілдес орта ғасырлық мұсылмандық шығыс философиясына арналып отыр.
Осы бір тұста тарихи заңдылыққа сәйкес философиялық ғылыми ойдың даму орталығы ортағасырлық мұсылмандық Шығысқа ойысты да, сонау XVI ғасырға дейін мәдени өркендеудің негізгі ошағы сонда болады. Орта ғасырлық шығыста XIII-IX ғасырларда Батыс Ууропаның мәдениеттік даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде араб тілді философия, араб мәдениеті кең өркен жайды.Бұл арабтардың ұлттық сана-сезімнің оянуы, мәдениетінің кең өркен жаюы, жалпы VII ғасырда Арабстанда жаңа ислам дінінің пайда болуымен де байланысты болады. Олар VII ғасырдың екінші жартысында ислам туының астында үлкен бір орталыққа айналды. Араб халифаты VIII ғасырдың бірінші жартысында тіпті бұрынғы Рим империясынан да асып түскені бізге тарихтан белгілі.Оның құрамына Арабстаннан басқа Иран, Армения, Индияның солтүстік-батысы, Сирия, Египет, Палистина, бүкіл солтүстік Африка жағалауы және Пиреней түбегі кірді. Атландикадан Қытайға дейінгі сауда жалпы арабтардың қолында болды, араб тілі Гибралтардан Инд өзеніне дейінгі жерде ортақ тілге айналды. Араб халифатының қол өнері, шаруашылығы, атап айтқанда суармалы жерді пайдалану мәдениеті мен техникасы, саудасы мен өндірісі Еуропаға қарағанда анағұрлым жоғары дәрежеде еді. Осы себептердің бәрі жиналып келіп, орта ғасырлық ғылым мен философияның күрт дамып өркен жаюына игі ықпал жасады.
Алайда, араб мәдениеті араб халифаты сияқты көпұлтты болды. Оның көркеюіне, дамуына арабтармен бірге түріктер де, берберлер де , парсылар мен египеттіктер де атсалысты. Екінші жағынан араб тілінің негізіңде ежелгі Шығыс мәдениеті мен антикалық мәдениет ұштастырыла дамытылды, өзіндік дәстүрлі далғасын тапты.
Осыған орай Бағдат қаласы үлкен мәдени, рухани орталыққа айналды.Мұнда Платонның, Аристотелдің, Гиппократ пен Галеннің, Эвклид, Архимед және Птолемейдің шығармалары араб тіліне аударылып, басылып, мұсылман әлеміне кеңінен танымал болады. Ал Х ғасырда екінші орталық Пиреней түбнгіндегі Кордова қаласына ойысы бастап, XVI ғасырда мәдени даму өзінің шарықтау биігіне көтеріліп, шегіне жетті. Аристотелизм ағымының ықпалы философия саласында өте күшті болды. Сөйтіп мұсылман перипатизмнің негізі қаланды. Ол негізінен екі бағытқа бөлінген еді. Біріншісі, Ал-Кинди, Ал-Фараби және Ибн Синаның атымен байланысты шығыстық аристотелизм. Екіншісі, Ибн-Рушдтың атымен байланысты ислам аристотелизмі. Алғашқы кезде арабтар Аристотел философиясының неоплатониктер бұрмалаған нұсқасымен танысқан-ды. Кейіннен, Аристотелдің түпнұсқа еңбектері араб тіліне тікелей аударылып, зерттеу обектісіне айналған кезде ғана ол бұрмалаушылықтардың ықпалы жойылды. Сөйтіп араб мұсылман әлемі Платон және Аристотел еңбектерімен тікелей танысуға мүмкіндік алды.
Мұсылмандық шығыс перипатизмнің алғашқы бастаушы өкілдерінің бірі Аристотелизм іліміне алғаш жол ашқан ғұламафилософ Аль-Кинди(шамамен 800-870 ж.)”араб философы” деген құрметті атаққа ие болды. Ол өзінің трактаттарында табиғат құбылыстарын детерменистік тұрғыдан түсіндіруге баса назар аударды. Ол жан-жақты терең білімді, геометрия, астрономия, оптика, медицина, музыка ғылымдпрымен шұғылданған ойшыл адам.
Тағы рефераттар
- Кооператив
- Айдың және планеталардың серіктерінің қозғалысы. Тұтылулар. Планеталардың серіктері және Ай
- Сунь Ятсен
- Еңбекті қорғауды ұйымдастыру және қауіпсіздікті сақтау жағдайын талқылау
- Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының музейі