Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі — АІЖК), Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы «Аралық соттар туралы» Заңының (бұдан әрі — Заң), Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормалары аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға құқықтық негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы анықтағандай аралық соттар Қазақстан Республикасының соттар жүйесіне кірмейді, ал тұрақты жұмыс істейтін мекеме ретінде немесе нақты дауды шешу үшін құрылуы мүмкін. Заңмен көзделген жағдайларда аралық сот талқылауына жүгіну азаматтық құқықтарды қорғау тәсілінің бірі болып табылады, егер аралық сотпен тараптар арасында жасалған келісімдер болса, дау аралық соттың қарауына берілуі мүмкін. Аралық сот шешімі ерікті түрде орындалуға жатады, себебі дауды аралық соттың қарауына беру туралы шарт жасасу кезінде тараптар аралық соттың шешімі өздері үшін міндетті екендігін болжайды. Аралық сот шешімін ерікті түрде орындаудан бас тарту аралық шарттарын бұзу болып, ал өндіріп алушының Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі құзіретті сотқа аралық сот шешімін мәжбүрлеп орындату туралы өтінішпен жүгінуі -конституциялық құқын соттың қорғауы арқылы жүзеге асыру болып есептеледі. Аралық сот шешімін мәжбүрлеп орындатуға атқару парағын беру туралы арыз, осы шешімде көрсетілген, АІЖК-нің нормаларымен белгіленген істің соттылық ережелеріне сәйкес дауды қараған аралық соттың орны бойынша құзіретті сотпен қаралады.
Аралық сот шешімін мәжбүрлеп орындатуға атқару парағын беру туралы арыз, ол келіп түскен күннен бастап он бес күннің ішінде судья жеке өзі қарайды. Арыздың қаралатын уақыты мен орны туралы өндіріп алушы мен борышкерді сот АІЖК-нің 11-тарауында белгіленген ережелер бойынша ескертеді. Егер борышкерден сот отырысына дәлелді себептермен келе алмауына байланысты арызды қарауды кейінге қалдыру туралы өтінім түспесе, өндіріп алушы немесе борышкердің келмеуі арызды қарауға кедергі болмайды.
Аралық сот шешімін мәжбүрлеп орындатуға атқару парағын беру туралы арызды қарау сот отырысында жүргізіледі. Соған байланысты АІЖК-нің 255-бабына сәйкес, АІЖК-нің 23-тарауында көзделген ережелер бойынша сот отырысының хаттамасы жүргізіледі.
Аралық сот шешімін мәжбүрлеп орындатуға атқару парағын беру туралы арызға мынадай құжаттар тіркеледі:
1) аралық сот шешімінің түпнұсқасы немесе көшірмесі. Тұрақты жұмыс істейтін аралық сот шешімінің көшірмесі осы аралық сот төрағасымен куәландырылады, нақты дауды шешу үшін құрылған аралық сот шешімінің көшірмесі нотариальды куәландырылуы тиіс;
2) белгіленген заң тәртібімен бекітілген аралық сот келісімінің түпнұсқасы немесе нотариальды куәландырылған көшірмесі;
Мұнан басқа арызға, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 496-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес анықталған ставка бойынша мемлекеттік бажды төлеуді растайтын құжаттар тіркелуі тиіс.
Егер аралық сот шешімін мәжбүрлеп орындатуға атқару парағын беру туралы арызды қарау кезінде сол шешімге шағымдану жөніндегі арыз құзіретті сотқа келіп түскені туралы белгілі болса, аралық соттың шешіміне шағымдану жөніндегі арызды қарап және шешкенге дейін сот атқару парағын беру туралы арызды қарауды тоқтата тұрады.
Аралық сот шешімін мәжбүрлеп орындату туралы ұйғару Қазақстан Республикасы соттарының заңды күшіне енген сот актілерін орындау үшін заң актілерімен көзделген тәртіпте жедел орындалуға жатады. АІЖК-нің 241-3-бабымен және Заңның 48-бабымен көзделген түпкілікті болып табылатын негіздер бойынша мәжбүрлеп орындатуға атқару парағын беруден бас тартылуы мүмкін және ол кеңейтілген талқылауға жатпайды. АІЖК-нің 241-3-бабының 1) тармақшасында көзделген атқару парағын беруден бас тарту үшін дәлелдемелерді аралық сот шешімі қарсы қабылданған тараппен ұсынылады.
Құзіретті сот көрсетілген негіздерді, іс жүргізу нормаларының сақталуы тұрғысынан ғана тексереді және аралық соттың шешімін сот мәні бойынша қайта қарауға құқылы емес. АІЖК-нің 241-3-бабының 2) тармақшасында көзделген мәжбүрлеп орындатуға атқару парағын беруден бас тарту негіздемесін сот анықтайды.[7]
Аралық сот шешімінің Қазақстан Республикасының жариялылық тәртібіне сәйкестігі сотпен тексеріледі. Аралық соттың шешімін мәжбүрлеп орындату кезінде Қазақстан Республикасының құқықтық тәртіп негіздерін бұзуға жол берген ерекше жағдайларда жариялылық институтының тәртібі қолданылуы мүмкін.Аралық сот шешімін мәжбүрлеп орындатуға атқару парағын беру туралы арыз бойынша шығарылған сот ұйғарымына, АІЖК-мен сот ұйғарымына шағымдану көзделген тәртіпте берілуі мүмкін.
Осы нормативтік қаулының қабылдануына байланысты төмендегі:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 19 қазандағы «Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы арыздарды қараудың сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы №15 «Бас Прокурордың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 19 қазандағы №14 «Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы арыздарды қараудың сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысына келтірілген наразылығы туралы» нормативтік қаулысының күші жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тағы рефераттар
- Салық жүйесінің түсінігі және оның экономикалық мәні
- Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- Құжаттарды сақтайтын құралдар және оларды орналастыру
- Жаңа технологиялардың жаңарту мен еңгізу проблемалары
- Кәсіпорынның табыстылығын талдау және оны талдау міндеттері