Аспаптық материалдар туралы қазақша реферат

       Кесу процесінде кескіш аспаптарға жоғары қысым, температура әсер етеді.Соның салдарынан физика-химиялық процестері жүріп, материалдың қасиеттерін өзгертеді. Аспаптық материалдарға келесі талаптар қойылады:

1)                Аспаптық материал жоғары қаттылыққа ие болу керек. Аспаптық материалдың қаттылығы өңделетін материалдың қаттылығынан 1,4-1,7есе көп болу керек.

2)                Металл кесу процесінде жылу бөлінеді де аспаптың кесу бөлігі қызады. Сондықтан материал жоғары ыстыққа төзімді болу керек.

Кесте 1- Аспаптық материалдардың ыстыққа төзімділігі және кесу жылдамдығы.

Материал Ыстыққа төзімділік, К Кесу кезінде жіберілетін кесу жылдамдығы Болаттар        45 м/мин

Көміртекті болат

473 – 523 10 – 15

Легирленген болат

623 – 673 15 – 30

Тезкескіш болат

873 – 823 40 – 60

Қатты қорытпалар:

   

 ВК тобы

1173 – 1200 120 – 200

 ТК және ТТК топтары

1273 – 1300 150 – 250

   вольфрамсыз

1073 – 1100 100 – 300

жабынмен

1273 – 1373 200 – 300

Керамика

1473 – 1500 400 – 600

3) Аспаптық материалдың жоғары төзімділігі маңызды талабы болып табылады.

Кескіш аспаптарды 5 негізгі тотарға жіктейді:

1)                Аспаптық болаттар(көміртекті, лигерленген, тезкескіш);

2)                Металлкерамикалық қатты қорытпалар (ВК,ТК және ТТК топтары);

3)                 Кесу керамикасы;

4)                Абразивті материалдар;

5)                Жоғары қатты материалдар.

Аспаптық материалдар көміртекті, лигерленген және тезкескіш болып бөлінеді.

Көміртекті асапаптық болаттарға У7-У13 маркілері жатады. У-көміртекті (углеродистая), маркадағы сан болат құрамындағы көміртектің  ондық үлестегі мөлшерін көрсетеді. Соңында «А» әрпі болса, жоғары сапалы екендігін көрсетеді. Термиялық өңдеуді өткеннен кейін болаттардың  қаттылығы артады, бірақ бұл болаттардың қызуға төзімділігі төмен қасиеттері 200С температурадан кейін төмендейді. Сондықтан үлкен жылдамдықпен жасайтын кескіштерде қолданылады.

Лигерленген аспаптық болаттар аз лигерленген және тезкескіш болаттар деп бөлінеді. Аз лигерленген аспаптық болаттың құрамында көміртек мөлшері 1% жуық болады. Лигерлеуші элементтің түріне байланысты бұл болаттарды хромды (Х), хром-кремнийлі (ХС), хром-вольфрам-марганецті  ХВГ), хром-вольфрам-кремний- марганецті  (ХВСГ).

Лигерленген аспаптық болаттар көміртекті аспаптық болаттарға қарағанда қаттылығы жоғары, ыстыққа төзімділігі 250̊C. Жұмсақ материалдарды кесуге жұмсалатын кескіштерді, ұсақ өлшеуіш аспаптарды жасауға арнайды. Лигерленген болаттық аспаптарға хирургиялық аспаптық құралдар, ұстара т.б. төмен жылдамдықпен кесетін аспаптарға қолданады. Бұрғы, ұңғы сияқты ұсақ кескіштерді жасауға болады, бірақ көп қолданбайды.

Тезкескіш болаттың кеңінен таралған маркалары Р9, Р18 бұрғы сияқты кескіштерге арналады. Тез кескіш болаттарға келесі маркалар да жатады: Р18К5Ф2, Р5К5Ф5,Р9К10 т.б. Бұл болаттардың қызуға және тозуға төзімділігі, Р18 маркалы болатқа қарағанда едәуір жоғары. Сондықтан таттанбайтын және қызуға төзімді қорытпаларды өңдеуге болады.

Слесарлық және төмен жылдамдықпен кесетін аспаптар жасалады: шапқы, отвертка, қайшылар У7, У8А маркалы болаттардан, ал тескіштер, пышақтар, аралар, пуансондар У8, У9, У10; егеулер слесарлық метчиктер У11, У12, У13 маркалы болаттан жасайды.

Қатты қорытпаларды металл керамикалық және минерал керамикалық деп бөледі. Металл керамикалық қорытпаларға вольфрам-кобальтті  ВК, вольфрамсыз  ТК, титан-тантал-кобальтті  ТТК жатады. Вольфрам, титан, тантал карбиті мен кобальт кіреді. Химиялық құрамын маркадан көруге болады. Кобальт байланыстырушы роль атқарады. Оның мөлшері артқан сайын қорытпаның беріктігі артады. Сондықтан кобальт мөлшері аз қорытпаларды тазалай қолданылады.

Минерал керамикалық қатты қорытпалардың кеңінен тараған маркасы ЦМ-332. Бұл қорытпа М  тотығын престеу және арнайы термиялық өңдеуден өткізу арқылы алынады. Металл керамикаға қарағанда минерал керамиканың қаттылығы қызуға төзімділігі жоғары, ал негізгі кемшілігі – морттылығы.

Өндірісте кесу керамикасының төрт тобы шығарылады: оксидті (ақ керамика)  Al2O3 негізінде, оксикарбидті (қара керамика) композиция негізінде Al2O3-TiC, оксидтінитридті (кортинит) Al2O3-TiN негізінде және нитридті  керамика  Si3Nнегізінде.
Тағы рефераттар