«Астана Континент ЛТД» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экономикалық-ұйымдастыру сипаты туралы қазақша реферат
ЖШС Астана Континент Қазақстан Респупликасының Әділет министрлігінде 2004 жылдың 2 наурызында тіркелді. (Тіркеу туралы куәлігінің №15720-1901-ТОО)
Қызметінің негізгі түрі — өндіріс, халық тұтынатын тауарларды өткізу және сатып алу болып табылады.
ЖШС серіктестігінің құрылтайшысы – Уалиева Гульшат Максутовна.
ЖШС өзінің қызметін нормативтік актілер және келесідей құжаттар бойынша жүзеге асырады:
— ЖШС жарғысы
— Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі
Серіктестік заңды тұлға коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтарға ие және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін атұару үшін қажетті оның қызметімен байланысты міндеттерді көтереді. Тізімі заң актілермен белгіленген қызметтің жеке түрлерімен серіктестік – тек лицензия (рұқсат) негізінде айналыса алады.
Серіктестіктің фирмалық атауы:
Қазақ тілінде – «Астана Континент ЛТД.» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі.
Орыс тілінде – Товарищество с Ограниченной Отвественностью – «Астана Континент ЛТД.»
Серіктестіктің басты мақсаты табыс көру болып табылады. Серіктестіктің қызметінің мәні:
— көтерме бөлшек және комиссиялық сауданы үйымдастыру
— мұнай газды барлау өндіру, қайта өңдеу, мұнай өнімдерін сақтау және өткізу;
— кен емес пайдалы қазбаларды барлау, өндіру мен қайта өңдеу
— коммерциялық әрекет
— сыртқы экономикалық әрекет
— инвестициялық өндірістік әрекет;
— Консалтингтік маркетингтік қызмет көрсету
— Сауда және сауда делдалдық әрекет;
— Жеке адамдарға және мекемелерге тасымалдау қызметтерін көрсету (әуе, темір жол, теңіз, құрлық көлік түрлерімен тасымалдау) сонымен қатар халықаралық: жүк тасымалдау
— Азық-түлік халық тұтыну тауарлар, өндірістік-техникалық өнімдерін өндіру, сатып алу, сақтау, өңдеу және сату
— Халыққа мекемелер мен кәсіпорындарға әр түрлі сервистік және тұрмыстық қызмет көрстеу ұйымдастыру
— Сату-сатып алу және делдалдық әрекеттерін жүргізуге құқылы болып, ауыл шаруашылық өнімдері мен оның қалдықтарын жинау, өндіру,
-Құрылыс, құрылыс-жөндеу, құрылыс жобалау жұмыстары, құрылыс учаскесін дайындау, ғимараттарды жабдықтау және көркемдеу, әрлеу жұмыстары, өңдеу жұмыстары, жол құрылыс техникасын, құралдарды, машиналарды, агрегаттарды, жол құрылыс материалдарды өндірісі үшін, құрылыс және жеке ғимараттарды жалға алу үшін жеткізу және тарату;
— құрастыру қалпына келтіру және салу-жіберу, өңдеу және сату
— Құрылыс материалдары мен құрылымдарды өндіріп сату
— Дүкендер, супермаркеттер, сауда орындары мен сауда үйлерінің жүйесін ұйымдастыру
— Қоғамдық тамақтану жүйесін ұйымдастыру
— Баспа және жарнамалық өнімдерін электронды құралдарды автомобильдер сақтау
— Пластикалық есіктерді, есіктің блоктарын, терезелерді, балкон және басқа да пластикалық бұйымдарды өндіру;
— Азаматтарға және кәсіпорындарға автокөлік қызметін көрсету, темір жол тасымалдары және көлік қызметін көрсету, автокөлік аралық, жүктерді тасымалдау және тасу, жүкті тиеу-түсіру жұмыстары, автокөлік құралдарын және бөлшектерін өндіру, сатып алу және сату, СТО, көлік тұрағын, авто жуу ашу;
Есепті саясат – бұл қаржылық есептілікті дайындау мен ұсыну үшін Ұйыммен қабылданған нақтылы принциптер, негіздер, шарттар,ережелер және тәжірибелер жиынтығы.
Есепті саясат құруға арналған база төмендегідей:
— 18.09.2002 жылғы № 438 ҚР қаржы Министрлігі бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары;
— ҚР бухгалтерлік есеп стандарттары;
— ҚР әрекет ететін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты;
— 29.10.2002 жыл,ы № 542 ҚР қаржы Министрлігі бұйрығымен бекітілген қаржылық есептілікті ұсыну мен дайындауға концептуальды негіз;
Бас бухгалтер бухгалтерия мен фирманың басқа бөлімдерінің қызметкерлерінің, фирманың салықтық ұйымдарымен қарым-қатынастарының және басқа да сұрақтарымен жұмыс істейді. Әр есептік жылда бухгалтерлік балансты пайдалана отырып кәсіпорынның қаржылық-экономикалық есептілігін даярлайды.
Кадр бөлімі персоналдың есебімен, оларды жұмысқа алу және кәсіпорынның кадр потенциалымен басқарумен жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту кезеңiнде есеп және салық политикасы деген ұғымдар пайда болып жүргiзiле бастады.
Оны жүргiзу халықаралық бухгалтерлiк стандартпен салық жүйесiнiң қолдана бастауына толықтай байланысты.
Нарықтық қатынас кезiнде үкiмет серіктестіктерге, кәсiпорындарға, бiрлестiктерге және басқаларға өзiнiң есеп саясатын қалай жүргiзу керек екендiгi туралы нұсқау берiлмейдi және оның шаруашылық субъектiлерi өздерi шешедi. Осыған орай, олардың нормативтiк құжаттары болып, яғни есеп саясатын жұргiзудiң негiзгi көзiне №1 бухалтерлiк есеп стандарты «Есеп саясаты оны жазу» болып саналады. Оны «бухгалтерлiк есеп туралы» Қазақстан Республикасының ұлттық комиссиясы 1994 жылы 13 қарашада №3 қаулысымен бекiткен. Мұнда әрбiр шаруашылық субъектiлерi өз бетiмен iс жүзiнде өздерiне қолайлы есеп саясатын жұргiзудiң жолын анықтайды және олардың атқаратын iстерiне, жұмыстарына сәйкес келуi тиiс.
Есеп саясаты деп бухгалтерлiк есеп стандартына және жаңадан енгiзiлген бухгалтерлiк бас шоттарға сәйкестендiрiле отырып, қаржы-шаруашлық туралы есеп жұмыстарын дұрыс жүргiзулерi және ондағы көрсетiлген көрсеткiштер шындықты, дәлдiктi көрсетулерi тиiс.
Жалпы алғанда бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес есеп саясатында сол субъектiнiң есеп жұмыстарының жиынтығы болып саналады және бұрынғы жылдарда қолданылған инструкциялар мен нұсқауларды алмастырады. Сондықтан, есеп саясатын дұрыс жұргiзудiң жауапкершiлiгi өте жоғары. Мұнда бухгалтерлiк есептi қарап қана қоймай сонымен бiрге бағалау, инвестициялау және қаматамсыздандыру мен өткiзу саясатын бiрге қарастыратындығы.
Нарықтық қатынасқа байланысты әрбiр шаруашылық субъектiлерi өздерiнiң қалауы бойынша бухгалтерлiк есептi жұргiзудiң қайсы вариантын қолдану керек екендiгiн шешiп алады және ол салық кодексi мен бухгалтерлiк стандартына сәйкес жүргiзiледi. Демек амортизация мөлшерiн өндiрiске жұмсалған материалдық шығынды есептеудiң әдiсiн көрсетедi.
«Есеп саясаты және оны жазу» туралы бухгалтерлiк есеп стандартының 4-пункiтiне сәйкес есеп саясатын жүргiзу кезiнде төмендегi 12 принцип орындалады және оған мыналар жатады: есептеу, үздiксiз қызмет ету, түсiнiктiлiк, мағналылық, дұрстық, маңыздылық, бейтараптылық, салыстырмалылық, аяқталғандық, сақтық, бiр iздiлiк, шындық пен алаяқтықты көрсету арқылы жұмыстарының орындалуы тиiс.
Есеп саясатын жүргiзу нақты мәлiметтердi қолдану, қаржы жөнiнде есеп беру формалары дер кезiнде толтыру, ондағы көрсеткiштердiң дұрыстығын қарастыра отырып, бiр жылдан астам уақытқа жасалады. Есеп саясатын дұрыс жүргiзу, сол шаруашылық субъектiсiнiң бiрiншi басшысына жүктелген және бас бухгалтердiң қатысуы арқылы қолданылады.
Есеп саясатының негiзгi жағдайлары сол шаруашылық субъектiсiнiң жылдық есеп беру формаларында анықтама ретiнде түсiндiрме хат түрiнде берiледi. Егер түрлi себептерге байланысты өзгерiстер енгiзiлетiн болса, онда оны сол шаруашлық субъектiсiне қатысы бар заңды және жеке тұлғаларды хабардар етедi. Өзгерiстi енгiзу үшiн бұйрыұ, қаулы шығарылады және оған бiрiнiш басша қол қоюы арқылы бекiтедi.
Қоғамның қаржы және өндiрiстiк есептi, салық есебiн, iшкi бақылау мен аудиттi жүргiзу үшiн «Бухгалтерлiк есеп» туралы Қазақстан Республикасы заңынан, Салық кодексiне Қазақстандағы бухгалтерлiк есеп стандартына және т.б. заң актiлерiмен нұсқауларына сұйенедi. Сонымен бiрге бухгалтерлiк есеп туралы Қазақстан Республикасының ұлттық комиссиясының жасаған ережелерiн басшылыққа алады.
Қоғамның есеп саясатын жұргiзу кезiнде төмендегi принциптердi басшлылыққа ұстады:
- Есептеу – мұнда қызмет көрсеткеннен алынған табыс пен шығын пайда болуына байланысты бухгалтерлiк және салыә есебiнде көрсетiледi;
- Үздiксiз қызмет ету – акционерлiк әоғам өздерiнiң атқарып жатқан iстерiн тоқтатпайды, жұмысшылар жұмыстан шығармайды. Себебi тұтыну сұранысына байланысты, керiсiнше жұмыс орнын көбейту амалын iздестiру және өнiм өндiрудi көбейту болып табылады;
- Түсiнiктiлiк — есеп беру формаларында көрсетiлген көрсеткiштер түсiнiктi болуы тиiс;
- Маңыздылық — белгiлi бiр мөлшерде шешiм қабылдау үшiн мәлiметтердiң дер кезiнде келiп түсуi;
- Мәндiлiк;
- Дұрыстық, анықтық — қаржы жөнiнде есеп беру көрсеткiштерi дұрыс және шындықты көрсетулерi тиiс;
- Бейтараптылық;
- Сақтық;
- Бiткендiк, аяқталғандық;
- Салыстырмалылық — өткен уақыттардағы көрсеткiштермен салыстыра отырып, оның қаншаға және қалай өзгергендiгiн анықтау;
- Жүйелiлiк, бiр iздiлiк – есеп беру формаларында көрсетiлген көрсеткiштер және оны есептеу әдiстерi бiр жүйеде жүргiзiлуi тиiс;
- Ақиқаттылық пен аляқсыздық — көрсеткiштердi көрсету кезiнде, сол берiлген мәлiметтердiң барлығына бiрдей көңiл бөлiнуi тиiс және оған талдау жасалуы қажет.
Бухгалтерлiк есептi жүргiзу барысында бұл қоғамда журнал-ордерлер қолданылады. Әр бiр есептi ай сайын қолданылатын шоттар бойынша ведомостар мен журнал ордерлер осы құжаттардағы ақпараттар мен мәлiметтер арқылы бас кiтап толтырылды. Ал бас кiтаптың мәлiметтерi қоғамның жылдық қаржылық есебiне жасау үшiн қолданылады.
2007-2009 жылдар арасындағы кәсіпорын құрылымы мен мүлігінің талдауын жасайық.
1 кесте – Активтердің 2007-2008 ж.құрамы мен қүрылымы
№ | Көрсеткіштер | 2007 | 2008 | Ауытқу +/- | |||
мың тг | % | мың.тг | % | Мың.тг | % | ||
Қысқа мерзімді активтер | 197571 | 20,9 | 50765 | 6,72 | -146806 | -74,3 | |
1 | Ақша қаражаттары | 872 | 0,09 | 841 | 0,11 | -31 | -3,55 |
2 | Қысқа мерзімді дебиторлық берешек | 9312 | 0,99 | 10222 | 1,35 | +910 | +9,77 |
3 | ТМҚ | — | 0 | 3700 | 0,49 | +3700 | — |
4 | Ағымдағы салықтық активтер | 4698 | 0,5 | 4368 | 0,58 | -330 | -7,02 |
5 | Басқа да Қысқа мерзімді активтер | 182687 | 19,4 | 31631 | 4,19 | -1056 | -0,57 |
Ұзақ мерзімді активтер | 745999 | 79,06 | 704231 | 93,27 | -41768 | -5,59 | |
6 | Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар | 624 | 0,1 | 741 | 0,1 | +117 | +18,75 |
7 | Жылжымайтын мүлікке инвестициялар | 318964 | 33,8 | 284059 | 37,6 | -34905 | -10,94 |
8 | Негізгі құралдар | 340008 | 36,03 | 328383 | 43,5 | -11625 | -3,41 |
9 | Кейінге қалдырылған салықтық активтер | — | 0 | 4645 | 0,61 | +4645 | — |
Басқа да Ұзақ мерзімді активтер | 86401 | 9,15 | 86401 | 11,44 | 0 | 0
|
|
Активтердің жиынтығы | 943570 | 100 | 754997 | 100 | -188573 | -19,98 |
1 кестеде келтірілген мәліметтер бойынша қысқа мерзімді активтердің абсолюттік төмендеуі жыл бойы 74,3%, немесе 146 806 мың теңгені құраса, ұзақ мерзімді активтердің сомасыда 5,59%, немесе 41 768 мың теңгеге азайған. Сондай-ақ, қысқа мерзімді активтердің үлес салмағыда 20,9%-дан 6,72% дейін төмендеген, ал ұзақ мерзімді активтердің үлес салмағы есепті мерзім бойынша соған тиісті 79,06%-дан 93,27%-ға дейін жоғарылаған. Нәтижесінде кәсіпорынның активтерінің мобильділік коэффициенті 0,21-ден (197571/943570) 0,07-ге дейін (50765/754997) төмендеген. Мұндай жағдайды жағымсыз бағалауға болады, себебі бұл коэффициенттің төмендегені кәсіпорынға өзінің берешектерін өтеу үшін, өндірістің тоқтаусыздығын қаматмасыз ету үшін және активтерді жұмылдыру арқылы олардың айналымдылығын жылдамдату мүмкіншіліктерін азайтуда. Сонымен қатар мобильділік коэффициенті өндірісінің қор сыйымдылығы жоғары кәсіпорындарда оның деңгейі 0,5 кем болмауы тиіс.
Қарастырып отырған 8 кесте мәліметтері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешектер сомасының есепті мерзім есепті мерзім ағымында 9,77%-ға өскені байқалады. Мұндай өзгерістің себептерін зерттеу қажет, өйткені қысқа мерзімді активтердің барлық құнының ішіндегі дебиторлық берешектердің үлес салмағының көрсеткіші кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Ал біздің мәліметтер бойынша дебиторлық берешектер коэффициенті немесе олардыңқысқа мерзімді активтердің барлық құнының ішіндегі үлесі — 0,0099 (9312/197571), 2008 жылы – 0,0135 (10222/50765) тең, яғни мұнда сәл өскенін байқауға болады. Біздің 8 кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша дебиторлық берешектің өсімін оңынан бағалауға болады, себебі есепті жылы сату көлемінің едәуір өскені орын алып отыр.
Кәсіпорын активтерінің ахуалын талдау нәтижесін былай қорытындылауға болады: активтер бөлімі бойынша балансты қанағатанарлықсыз бағалауға болады, өйткені баланс валютасының төмендеуі байқалады және қысқа мерзімді активтердің төмендеу қарқыны ұзақ мерзімді активтердің төмендеу қарқынынан өте жоғары.
2 кесте — 2007-2008 ж. Пассивтердің құрамы мен құрылымы
Көрсеткіштер | 2007 | 2008 | Ауытқу+/- | |||
мың тг | % | мың.тг | % | % | ||
1 Қысқа мерзімді міндеттемелер | 1003803 | 106,4 | 879984 | 116,6 | -123819 | -12,33 |
Салық міндеттемелері | -474 | 0,05 | -189 | 0,02 | +285 | +60,1 |
Еркін төлемдер бойынша міндеттеме | 8 | 0,001 | 92 | 0,012 | 84 | +1050 |
Қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар | 69342 | 7,3 | -61841 | -8,2 | -131183 | -189,1 |
Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелер | 277 | 0,02 | 273 | 0,03 | -4 | -1,4 |
Басқа да Қысқа мерзімді міндеттемелер | 934649 | 99,1 | 941649 | 124,7 | 7000 | +0,74 |
2 Ұзақ мерзімді міндеттемелер | 8484 | 0,9 | — | 0 | -8484 | -100 |
Кейінге қалдырылған міндеттемелер | 8484 | 0,9 | — | 0 | -8484 | -100 |
3 Капитал | -68717 | 7,3 | -124987 | 16,5 | -56270 | 81,88 |
Шығарылған капитал | 100 | 0,01 | 100 | 0,01 | 0 | 0 |
Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) | -68817 | 0,07 | -125087 | 16,6 | -56270 | -81,76 |
Пассивтердің жиынтығы | 943570 | 100 | 754997 | 100 | -188573 | -19,98 |
Осы талдап отырған 9 кестеде келтірілген мәліметтер бойынша активтерді қалыптастыруының негізгі көзі ретінде қарастырылуға тиіс меншікті капиталдың жыл бойы өзгеріссіз және өткен жылдары шеккен залалымен баланс валютасының теріс көлемді үлес салмағы байқалады.
Сонымен бірге, кәсіпорынның қаржылық жағдайы көбінесе заемдық қаражаттардың нақты құрамы мен құрылымы арқылы да сипатталады. Бұл арада негізгі көрсеткіш ретінде қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелер арақатынасының коэффициенті пайдаланады. 9 кесте мәліметтері бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер құрамында кредиторлық берешектер болмағанына қарағанда, бұл кәсіпорын айналымға жұмылдырылған заемдық қаражаттарды тоқтатып қоймай, өзінің қаржылық жағдайын түзетуге тиімді пайдаланып, уақытында қайтарып отырғанын қорытындылауға болады. 8 кестемен 9 кестеде берілген мәліметтер бойынша қысқа мерзімді активтермен қысқа мерзімді міндеттемелерді салыстырып кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалайтын болсақ:
- · 2007 жылғы қысқа мерзімді активтер (197 571 мың тг) < қысқа мерзімді міндеттемелер (1 003 803 мың тг) яғни төлем қабілеттілігің төмен екенін көре аласыздыр;
- · Ал 2008 жылғы қысқа мерзімді активтер (50 765 мың тг) < қысқа мерзімді міндеттемелер (879 984 мың тг) яғни төлем қабілеттілігің төмен екенін көре аласыздыр.
Тағы рефераттар
- Қайнекей Жармағамбетов балладасын барлағанда
- Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- Салық міндеттемесінін есебі. Міндеттеме төсілімен табыс салығының есебі
- Георг Фридрих Гендель (1685-1759)
- Оңтүстік Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері