Ата – аналар үшін ереже

1. Таңертен балаңызды жуындырып,
Таза,ыңғайлы,әдемі,тартымды киіндіріп.
Балабақшаға ертіп келіңіз.
Егер де бала ұқыпты киінген болса,
Онда оған да,үлкендерге де сүйкімді болады.
2. Егер де сіздің балаңызды денсаулығы нашарласа ,
Жедел түрде дәрігерді шақырыңыз.
Мұндай жағдайда ұмытпай,
Біздерге ауырғаны жөнінде хабарлаңыз.
3. Үшінші ережені есте сақтауыңызды сұраймыз
Құрметті аналар,әкелер және балалар
Таңертен өтінеміз,ұзақ ұйықтамаңыз.
Таңертенгі жаттығудан кешігіп қалмаңыз.
Бізге балабақшаға тездетіп жетіңіз,
Бұл пайдалы екенін айтуға рұқсат етіңіз.
4. Кешкісін уақытыңызды бос өткізіп алмай,
Балаңызды уақытылы,кешікпей алып кетіңіз.
Егер де балаңыз сабырлы және көңілді болса,
Сіз балаңызмен бірге өте бақытты сезінесіз.

Аналар мен әкелер!

Татулыққа шақырамыз.
Бірігіп балаларды өсірейік,тәрбиелейік.
Егер де сізде,
бізге сұрағыңыз туындаса,
Біз сіздерді көруге қуаныштымыз!
Қошеметпен күтеміз!

Сіздің балаңызбен бірге:
Тәрбиешілер: Алиманова Күнзира Баймуханқызы.
Мералина Ағила Танатарқызы.

Күн мен бұлт.

Аспанда үйшік тұр,
Күн онда тұрады.
Самовардан шайды
Үй алдында ішеді.

Күн ұқсайды әрине,
Адамның бет әлпетіне
Үй алдында қоршап ап
Бұлт жүреді түнеріп.

Кенет ауыр қабақты,
Аспанда бұлт торлады.
Күнге бұлт төніп,
Найзағайды ойнатты.

Тарсылдатып қақпаны
Бұл үйде кім тұрады?
Күн қорықпады өзінше,
Шықты алдыннан күлімдеп.

Төрлетіңдер,қонақтар,
Текке қиянат,жамандық жасамай.
Осы кезде қызық жайт болды
Найзағай (күннің күркірегені) басылып,
Бұлт жоқ болды.

Көгілдір апанда
Доға тәріздес әртүрлі
Кемпірқосақ көрінді.

Біздің ауладағыдай.

Жайма шуақ көктемде,
Далаға шығайық.
Айналып шеңберді,
Көктемде ойнайық.
(дөңгеленіп жүреді,сонында шеңберге бұрылып тұрады).

Қ-сы:

Гүлденсінші ,гүлдер (фонарики)
Жайқалсыншы бақтар. (қолдарын жан – жаққа жаяды)
Жадырасын күнде, (шапалақтайды)
Жолымыз бірге. (айналады)

Қатарласып жүрейік ,
Әнде айтып берейік.
Көңілді көктемге,
Туған жерлерге.

Кең ашайық шеңберді,
Ортаға шық кел енді. (дөңгеленіп жүреді,бала қарсы жүреді)
Айналып шеңберді,
Тауып ал теңінді..
Тағы рефераттар