Аударма туралы қазақша реферат
Аударма — әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударманың сөз дамытудағы мәні де айрықша зор. Өйткені аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Қазір жер жүзі әдебиетінің көптеген тамаша туындылары қазақ тіліне аударылған. Сондай-ақ белгілі қазақ жазушыларының туындылары да басқа тілдерге аударылып келеді. Аударма арқылы әдеби байланыстар нығайып, беки түседі.
Зерттеліп отырған курстық жұмыстың І- тарауында мынадай мәселелер қарастырылады: Жер шарындағы алуан түрлі халықтардың сеніміне, тілі мен дініне, табиғи ортасы мен шаруашылық қалпына сәйкес рухани дүниетанымы қалыптасатыны мәлім.
Қазақ тіліндегі аударма саласы — қоғамдық ғылымдар арасында салыстырмалы түрде кенжелеу қалғандығы жасырын емес. Дегенмен, бұл бағытта да қыруар іс біженіне әлем тілдеріндегі әдеби шығармаларды қазақша сөйлеткен көркем аударма үлгілері куә.
Аудару деген сөзді әркім-ақ оп-оңай түсінгенмен, оның теориялық-методикалық концепциясын таратып, аналитикалық тұрғыдан талдаған сүбелі жұмыс сирек. Орайы келгенде, күрделі тақырыпка бел буып, аударматанудың лингвистикалық және лингвомәдени мәселелеріне кәдімгідей қалам сілтеп, тамаша құнарлы ойларымен куанткан Айман Алдашеваның монографиясын атап өту керек. Ғалым «Аударма және қазақтың ұлттық мәдениеті» деген тарауында қыры көп құбылыстың күллі ішкі иірімдеріне кәсіби маман ретінде пайымдама жа-сап, бұрын-соңды ескерілмеген жайттарға назар аудартады. Оның аударма туралы сипаттамасына бір сәт құлақ салалық: «Аударма — бір тілде жазылған мәтінді екінші тіл арқылы жеткізу; сондай-ақ, осы іс-әрекет арқылы алынған нәтиже, текст, туынды. Тақырыбы,мазмұны, стильдік белгілері дайын мәтіннің екінші тілде функциональды теңбе-тең баламасы жасалуға тиіс. Функциональды теңбе-тен, балама — түпнұсқа мен аударылатын (аударылған) мәтіннің жанрлық-стильдік ерекшеліктері, атқаратын қызметі бірдей болуы керек, яғни түпнұсқа қандайлық ақпараттық ықпал ету, эстетикалық қызмет атқарса, аударылған мәтін де сондайлық қызметте көрінуі қажет деген сөз. Бұл жағдаят екінші тілдің (қазақ тілінің) лексикалық құрамына, грамматикалық-синтаксистік құрылымына қозғау салады, тілдік құралдар функциональды қызметіне қарай іріктеледі»1.
Көркем аударма жасау үшін аудармашының кем дегенде екі халықтың тілін білуі шарт. Онсыз аударма сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсқаның ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды. Аудармада сөз қолдану, ойдың мағынасына толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау; маңызын төмендетпеу сияқты принциптерге назар аударылады. Сондай-ақ идея, өмір құбылыстарын түсіру қалпы, нәзік психология түгел сақталуы керек. Мәселен М. Әуезовтің «Абай жолы» романының орыс тіліне аударылуы түгелдей алғанда сәтті болды дей аламыз.
ІІ-тарауында: Көбіне түпнұсқа тілі мен аударма тіліндегі айырмашылықтарға көп мән бердік. Алайда аударманың объектісі дерексіз жүйе емес, нақты тілдік текст екеніне назар аударып отырдық. Аудармашының жұмысы осы нақты текстің тіліне байланысты істелетін нақты әрекеттерден тұратынын да ескеріп отырдық. Ендігі сөз осы нақты әрекеттер туралы.
Аудармада бара-барлыққа жету аудармашыдан әр қилы тіларалық өзгертулер жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер аударматануда трансформациялар деп аталып жүр. Бұндай трансформациялар көбіне түпнұсқа тіліндегі хабар, мағлұматтарды, мазмұнды аударма тіл нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.
Тағы рефераттар
- Этникалық қауымдастықтың тарихи типтері
- Агроөнеркәсіптік кешеңдердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
- Қазақстан моңғол — татар шапқыншылығы кезінде
- Экономикалық даму модельдері және өнеркәсіпті құрылымдық қайта құру
- Қазақ жеріндегі жаппай ашаршылық және репрессия жылдарындағы баспасөз