Аудармадағы грамматикалық және лексикалық трансформацияның түрлері туралы қазақша реферат
Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз байланысқа ауыстыру. Қазақ тілінде жалғаулық арқылы салалас құрмалас сөйлемді құрайтын сыңарлар ғана байланысады, оның өзінде жалғаулықтар сөйлемдер арасындағы мағыналық қарым-қатынасты анықтауда ерекше қызмет атқармайды.
Жалғаулықтар қатыспай тұрып-ақ құрмалас сөйлемнің компоненттері арасындағы мағынаны ажырата аламыз. Ал орыс тілінде жалғаулықтар құрмаластың компоненттері арасындағы мағынаны айқындап тұрады. Осы себепті орыс тіліндегі жалғаулықты байланысты қазақ тіліне жалғаулықпен аудару міндетті емес. Бұл жердегі аударудың мәні де осында.
Лексикалық аударулар. Бұл туралы негізгі мәселелер аударманың лексикалогиялық тұрғысына қатысты айтылды. Сондықтан біз бір ғана жайтқа ғана тоқталамыз.
Екі тілдегі сөздердің мағыналық ауқымы әр түрлі болады, соған байланысты түпнұсқа тіліндегі кең мағыналы сөздерді аударуда нақтыландыруға тура келеді немесе, керісінше, түпнұсқа тілдегі тар мағыналы сөзді аудармада кең мағыналы сөзбен береміз. Бұның бірінші тәсілін — нақтыландыру (конкретизация), екіншісін жалпыландыру (генерализация) деп атайды.
Себеп пен салдарға байланысты ауыстыруларды Л.С. Бархударов лексикалық ауыстырулардың аясында қарастырады. Біздіңше, бұл мәселсе сөйлем шегінде қарастырылғаны жөн. Тіл фактілері осыны талап сееді.
Шендестіре аудару. (Антонимический перевод), шендестіре аудару дегеніміз — түпнұсқадағы болымды мағынаны болымсыз түрде я, керісінше, түпнұсқадағы болымсыз мағынаны болымды етіп аудару. Мысалы: Я серьезно говорю — Мен ойнап айтып тұрған жоқпын. Вспомнил я об этом, когда мы уже проехали почти весь парк. — Мен бұны бақтан өткенше байқаған жоқпын. Болымдыны болымсыз етіп аударуға мысал: Астронавты вернутся на землю не раныие, чем в феврале. Астронавтар ақпан болмай жерге оралманды.
Компенсация (орын толтыру). Бұл тәсіл түпнұсқа тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме-дәл баламасы болмауына байланысты аудармашының оны басқаша тәсілдермен және дәл сол сөйлемнің ішінде емес, текстің басқа бір жерінде түпнұсқа сөзінің орнын толтыруға қызмет етеді. Бұндай жағдайда кейбір сөз суреттеле, сипаттала аударылуы мүмкін.
Қосу. Кейде түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөздің не элементтің айтылмауы көрінбей тұруы мүмкін. Ал аударуда сол элементті көрсетуге тура келеді, міне, осыған байланысты қосу тәсілі қолданылады:
Слава народам Казахстана! — Қазақстан халықтарының даңқы арта берсін!
Решения сессии — в жизнь. — Сессия шешімдерін жүзеге асырайық.
Қосуға байланысты тағы бір байқағанымыз аударма текстің оқырманының түпнұсқадағы берілгендер туралы хабары болмауымен байланысты. Мәселен, «Олар Припятьке таяды» деген сөйлемге осы тәсілмен «Олар Припять өзеніне таяды» деп беру ұтымды болуы мүмкін, өйткені қазақ оқырманы «Припяттің» өзен, қала әлде село аты екенін айыра алмауы ықтимал. Тағы бір мысал: Ол шіркеугебаратын күні келді — Ол жексенбіде шіркеуге баратын күні келді.
Түсіріп тастау. Бұл – мәні жағынан қосуға қарсы тәсіл. Аудару үстінде түпнұсқадағы мағыналық тұрғыдан басы артық сөздер, оларды алып тастаса да, мағына мазмұнды өзгеріске ұшыратпайтын сөздер түсірілуі мүмкін.
Мұндай басы артық сөздер плеоназм құбылысына байланысты болатыны байқалады. Мысалы, орыс тілінде «каждая минута времени», «в апреле месяце, промышленная индустрия» сияқты тіркестер қолданылады, бұларды аударуда «әр минут», «көкекте», «өнеркәсіп» деп аударуға болады, өйткені «минут» сөзінің өзі уақытты білдіреді, ал апрельдің ай аты екені мәлім, «промышленность» пен «индустрия» бірақ ұтымды береді.
Келесі бір кездесетін құбылыс, орыс тілінің сөйлеміндегі кейбір сөзді қазақ тілінде көрссту міндетті болмай қалады. Мысалы:
Солдаты остановилисьу дома, хозяин встретил их. –
Солдаттар үй жанына келіп тоқтады. Үй иесі қарсы алды.
Қазақ тілі синтаксистік құрылысының бір ерекшелігі сол, салалас құрмаласты құрастырушы сыңарлардың жалғаулықты, жалғаулықсыз болуы көбіне мағына өзгертпейді. Ал орыс тілі синтаксисі үшін бұл — принципті нәрсе. Сондықтан орыс тіліндегі кейбір жалғаулықтарды аудармай-ақ түсіріп тастауға болады. Мысалы:
Пошла бы иона в лес, но детей ие с кем оставить –
Ол да орманға барар еді, балаларды қалдырып кетерешкім жоқ. Байқап отырғандай, орыс тілінде қарсылықты мағына жалғаулық арқылы ғана беріліп тұр.
Тағы рефераттар
- Мүгедек баланы сауықтыру орталығына қалай орналастыруға болады?
- Салық салымының принциптері
- Кәсіпорынның басқару құрылымының түсінік және оның мәні
- Мұрағат құжаттары
- Батолиттер