МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ……………………………….3

I тарау.  Аудиторлық қызметтер……………………..5

1.1 Аудиторлық қызметті ұйымдастыру……………….5

1.2 Аудиторлық қызметтерге сипаттама…………………..12

II тарау.     Аудитке ілеспе қызметтер…………………….19

2.1  Ілеспе қызметтердің мәні және қысқаша сипаттамасы…………….19

2.2  Ілеспе қызметтер бойынша келісімдер……………………….21

ҚОРЫТЫНДЫ……………………24

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………..26

КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңде тексеру жүйелерінің ең маңыздысының бірі — аудитор қызметі болып есептеледі. Өйткені, ол кәсіпорынның, мекемелердің, тағы басқалардың қаржылық есептілігіне эксперттік түрде баға бере алады.

Меншік иелері, әсіресе, акционерлер қарыз ( несие ) берушілер, кәсіпорынның көптеген орындалып жатқан шаруашылық операцияларына бейтаныс, олардың осы операциялардың  дұрыстығына қөзі жетпейді немесе мүмкіншілігі жоқ. Міне, осы айтылған ақпараттардың дұрыстығын  анықтайтын тәуелсіз аудиторлардың шешімі керек. Тәуелсіз аудиторлар кәсіпорынің шаруашылық жұмысының нәтижесі жөніндегі ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеп, оның заңға сәйкес екендігін жене дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді. Осыған орай аудиторлық қызметтің ролі ерекше орын алады.

Аудиторлық қызмет –тәуелсіз түрде аудиторлық тексерулер және кеңес беру түрінде жүргізіледі және олар белгілі шарт бойынша қызметін көрсетеді.

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға кәсіби қызметті канағаттанғысыз дәрежеде орындамауы үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік, материалдық, қылмыстық жауапкершіліктері жүктеледі. Клиенттер, оның кредиторлары мен инвесторлары, мемлекет және оларға өкілеттілігі жүретін тәртіп сақтау және басқа органдар аудиторға қарсы сот немесе төрелік сот іс қозғауы мүмкін.

Аудиторлық ұйым барлық елеулі катынастарда экономикалық субъектінің қаржылық есеп берулерінің анықтығы туралы кәсіби пікір калыптастыратыны және оны білдіретіні үшін жауапқа тартылады. Заңдық жауапкершілік тек келісімшарттағы міндетемелерді бұзғаны үшін ғана емес, сондай-ақ немқұрайдылық, ұкыпсыздық, алаяқтық зиян шектіру және т.б. сияқты азаматтық құқық бұзушылық әрекеттерін тудырғаны үшін, сонымен қатар, залалға әкеп соқтыратын аудиторлық тексерулердің шалағай жүзеге асырылғаны анықталған жағдайларда қарастырылады.

Анық еместігі кейін аныкталған қаржылық есептемесі негізінде қабылданған шешімнің нәтижесінде каржылық зиян шеккен тұлға жалпы құқық бұзушылық әрекеті үшін аудиторға қарсы іс қозғайды. Сонымен бірге қаржылық есептемелерді дайындау, жасау және уақтылы ұсыну жауапкершілігі тексерілетін субъекті басшылығының мойнында болады.

ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңның талаптарына сәйкес аудиторлардың аумақтық (территориялық) палаталары мен Республикалық палатаны тексеру, комиссияны сайлау және аудиторларды аттестациядан өткізу жөнінде біліктілік комиссиясын қалыптастыру бойынша шаралар жүзеге асырылады.

Курстық жұмыста аудиттің қызметтеріне толық сипаттама беріліп, олардың ара жігін ажыратуды, сонымен бірге аудиттің ілеспе қызмет түріне толықканды анықтама беріп, оның аудит қызметіндегі орнын анықтауды мақсат қойдық.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

курстық жұмыс / 25 бет
Тағы рефераттар