Аудиторлық қызметтерге сипаттама туралы қазақша реферат
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл атқарады. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді., оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу менр кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағжайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.
Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:
1) кәсіпкерліктің дамуы;
2) өзін-өзі реттеуге ұмтылатын ұймдар санының арта түсуі;
3) экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және кредиторларға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;
4) компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж;
5) қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті жәжірибелері жиі бола бермейді;
6) пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мұмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.
Аудиттің негізгі мақсаты экономикалық субъектілердің қаржылық есептілігінің растығын және олар жасаған қаржылық және шаруашылық нормативтік актілерге сәйкестігін анықтау болып табылады. Аудиттің мақсаты заңдармен, аудиторлық қызметті нормативтік реттеу жүйесімен, аудитор мен клиенттің шарттық міндеттемелерімен белгіленеді.
Қаржылық есептілік аудитінің мақсаты барлық мәнді қатынастарда экономикалық субъектінің қаржылық есептілігінің растығы туралы аудиторлық ұйымның пікірін қалыптастыру және білдіру болып табылады.
Аудиттің негізгі мақсаты қаржылық ресурстарды дұрыс пайдаланудың резервтерін ашып беру, салықтардың есептелу дұрыстығына талдау жасау, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту, қызметтің шығындары мен нәтижелерін, кірістер мен шығыстарды оңтайландыру жөніндегі шараларды әзірлеу жөнінде клиентпен келісілген міндеттемелермен толықтырылуы мүмкін.
Консалтингтік қызметті жүзеге асырған кезде аудиттің мақсаты аудиторлық фирманың клиенттерінің коммерциялық қызметі жақсаруы үшін жоғары сападағы консалтингтік қызметтер көрсету болып табылады.
Аудиторлық қызмет басқа кез келген коммерциялық қызмет секілді жоғары табысты болуға тиіс. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін аудиторлардың алдына мынадай негізгі міндеттер қойылады.
- Кәсіпорынның қаржы есептілігінің дұрыстығын қамтамасыз ету, сөйтіп қаржы есептерін пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту.
- Шешімдер қабылдау үшін қисынды түрде негізделген базаны құруға мүмкіндік беретін жеткілікті дәрежедегі құзыретті мәмілелерді жинау және бағалау.
- Кәсіпорынның экономикасын және оның қызметінің белгілі бір түрін, мысалы инвестициялық, маркетингтік және т.с.с. қызметін жүйелі түрде және жан-жақты талдау.
- Кәсіпорын қызметінің оның жарғысына сәйкестігін, кәсіпорын жасаған бизнес – жоспардың негізділігін тексеру.
- Кәсіпорынның шаруашылық қызметін реттейтін заңдардың сақталуын бақылау, бухгалтерлік есепті жүргізу, есептілікті жасау және мемлекеттік органдар мен меншік иелерін ұйымның қаржылық жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
- Бастапқы құжаттарды тексеру, олар арқылы шаруашылық операцияларының шын мағынасына сәйкестігі анықталады. Бұл ретте операциялардың өздерінің қолданыстағы заңдар мен заңдық нормативтерге сәйкестігін бақылау жүзеге асырылады.
- Клиенттерге бухгалтерлік есепті жүргізуді дұрыс ұйымдастыру бөлігінде және клиенттерді қызықтыратын басқа мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету.
- Клиент меншігінің нығаюына және көркеюіне ықпал ету.
Аудиторлық қызмет дегеніміз аудиторлармен аудитролық ұйымдардың қаржы есептілігіне аудит жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар,қаржы есептілігін аудиттеуден басқа өз қызметінің профилі мынандай қызметтерді көрсете алады:
- Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру, қалпына келтіру және жүргізу, қаржы және статистика есептіліктерін жасау;
- Салықты жоспарлау, бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеп шығару, салық декларацияларын толтыру;
- Қаржы – шаруашылық қызметіне талдау жасау;
- Қаржылық, салықтық, банктік және өзге де шаруашылық заңдарының мәселелері бойынша консультация беру және ақпараттық қызмет көрсету;
- Қосымша кәсіби білімі ретінде бухгалтерлік есепке, аудитке және қаржы-шаруашылық қызметін талдауға оқыту;
- Оқытушылық, ғылыми қызмет;
- Бухгалтерлік есепті автоматтандыру жөнінде ұсыныстар жасау,есепті автоматтандырылған түрде жүргізуге оқыту;
- Ғылыми әзірлеме, бухгалтерлік есеп, салық салу, шаруашылық құқық бойынша әдістемелік оқулықтар, ұсыныстар шығару;
- Бизнесті бағалау;
- Бағалау қызметі;
- Бағалы қағаздар нарығындағы қызмет;
- Адвокаттық қызметпен байланысы жоқ заңдық қызметтер көрсету.
Қаржылық есептілік пен шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі туралы басқа экономикалық ақпаратты олардың толықтығын, дәлдігін және растығын тиімді бағалау мақсатымен шарттық және құпиялық негізде, тәуелсіз сараптау мен талдауды жүзеге асыру, тапсырыс берушіге кәсіпорынның шынайы қаржы жағдайы мен оның қаржылық болжамдарының мүмкіндігі туралы білікті қорытынды жасап беру, сондай-ақ ішкі бақылаудың жағдайын, қабылданған есеп саясатының қолданыстағы заңдар мен нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру, клиенттерге оларды қызықтыратын мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету аудиттің пәні болып табылады.
Аудиттің объектісі шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің қаржылық жағы болып табылады. Аудитор тексерілушіден қолда бар есеп және басқа да қаржы құжаттарын талап етуге құқылы.
Аудиттің басқа пәні — өндірістік, шаруашылық қызмет. Ол аудиторлық тексеру өндірістік шығындар мен алынған түпкілікті нәтижелерді бағалаудан тұрады. Бұл ретте ол өндіріс пен еңбектің ұйымдастырылуын, өндірістік ресурстарды тиімді пайдаланудың қамтамасыз етілуін тексереді, шаруашылық субъектісінің жұмысындағы кемшіліктерді түбегейлі талдайды және тексеріліп отырған кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстарды әзірлейді.
Аудиттің тағы бір объектісі – шаруашылық субъектісінің бүкіл қызметінің экономикалық тиімділігі. Кәсіпорынның жұмысындағы белгілі бір басқарушылық шешімдердің салдары болған кемшіліктерге талдау жасалады.
Аудиттің келесі объектісі – қаржы-экономикалық тәртіп. Кәсіпорынның немесе саланың қаржылық және экономикалық дамуының негізгі бағыттары зерттеледі.
Тағы рефераттар
- Этнос және этос
- Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамы
- Кәсіпорын табысы тұрақтылық факторы ретінде дипломдық жұмыс
- Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары
- Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдардың қалыптасу кезеңдері