Елімізде жарияланған ауыл жылына байланысты «Ауыл – елдің алтын бесігі» атты сабақ өткізуді жөн көрдім. Мұндағы мақсатым – ауыл жасөспірімдерінің өнегелілдік қасиеттерін қалыптастыруға, отансүйгіштікке,еліне, жеріне деген махаббаттарын ояту, әдемілікке баулу болды.
Сабақтың көрнекілігі: ауылдың көркі бейнеленген плакат, «Ауылым» әнәнің сөзі жазылған плакат, үнтаспа «Сарыарқа» күйі, аспап- фортепиано, жер, су туралы мақал-мәтел.
Сабақта қолданылатын музыкалық материалдар:
- Құрманғазы. «Сарыарқа» күйі – тыңдау және орындау.
- «Ауылым» әні.
- Жаңа ән.
- Өлеңдерді жатқа айту.
Сабақтың міндеті:
А) білімділік:
әнді интонациялық таза орындауға назар аудару. Музыка тыңдау, ән салу арқылы алған әсерін жэүйелі түрде қорыта білуге баулу.
ә) тәрбиелік:
1. Сабақ үстінде оқушыларды ұжымдық шығармашылыққа тәрбиелеу.
2. Ауыл өмірін сезіне білуге, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.
3. Ұлттық сезіммен тыңдай және ор ындай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: көрнекілікті пайдалана отырып, пә,наралық байланысты ұғынып,оқушының алған әсерін, ойын жүйелі айтуға, суіреттеуге машықтандыру, есте сақтауын дамыту.
Сабақтың өту барысы: сыныпта Құрманғазының «Сарыарқа» күйі орындалып тұрады.
Ұйымдастыру кезеңі:
— Қайырлы күн, балалар!
— Сәлеметсіз бе, апай!
— Балалар, біз кімнің күйін тыңдадық?
— Құрманғазын.ың күйі «Сарыарқаны»
— Музыка қандай көңілде?
— Көтеріңкі, көңілді.
— өте, дұрыс, балалар.
Жаңа сабақ: «Ауыл — елдің алтын бесігі».
«Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы
Бұждан артық рахат табылмайды.
Бұлдырасын сағымдай өткен бір күн,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы».
М. Мақатаев.
Ауыл — адамзаттың кең дүниенің енсігін ашып, өмірге келген жері. Бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндігі, қаны мен маңдай тері тамған киелі мекені. Дүниедегі ең құдіретті АНА болса, ауыл да бар лық халықтың анасы, тіршіліктің нәрі.
Ауыл — халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, негізгі мекен –жайы, ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі. «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» дегендей, ауыл көркейсе, халық өмірі жақсарады, әлеуметтік жағдайы көтеріледі деген сөз. Жусаны мен жуасы бұрқыраған, ауыл төсінде жайқалып егін өссе, жайылып мал өрсе – ауылдың сәні емес пе?
Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының ертеден-ақ ежелгі мекені – ауыл болғаны анық. Яғни, ауыл – ұлтымыздың ұйытқысы.
Елбасымыщздың: «Біз кез-келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында жататынын естен шығармауга тиіспіз» ,- деген сөзі өте дұрыс айтылған.
Ауыл – қазақтың алтын бесігі, салт-дәстүрі, өлең-жыры, өнері, мәдениет пен адамгершілік ортасы. Сөз өрнегін оймақтап, жырдан кесте тіккен ақын-жазушыларымыз да, әе өрнегін айшықтаған сазгер , күйшілеріміз де, аты аңыздға айналған даналарымыз да сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан.
Саналы әрбір азаматқа туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына болуы тиіс. Жұмыр жер өз төсін мекен еткен барша халықтың шежіресін жаза беретін мәңгілік кітап тәрізді.
Сондықтан ауылдан жырақ жүрсекте,
«Қарашада қара үй тұр,
Қарайлай жүр артыңа» — деген жырау сөздерін естен шығармасақ екен. Әрбір жан ауылдың тұрмысы мен тіршілігі, мәдениеті мен ғылымы, хал-жағдайларының жақсаруына қолдарынан келгенше үлес қосуы керек. Себебі ауыл күйзелсе, халық өмірі жақсармайды. Осы жағдайды біз үлкен мәселе етіп көтеріп жүрміз.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік салтанат құрған заманда, бұл қиындықтың бәрі шешіледі. Себебі хх! Ғасыр – гүлдену ғасыры.
Алдағы уақытта барлық адамзат көрікті ауыл, келбетті қалада бақытты тұрмиыс кешуге тиіс. Жасампаз ауылдың тұтқасы – білімді де өнегелі жастадың қолында. Ауылдың көркеюі – жастардың санасы мен сезіміне,ухы мен ерлігіне, білімі мен билігіне байланысты. Сол үшін біз білім шыңына талаптануымыз керек!
Терең білім, тума талант, дархандарын ауылдың ауасымен сусындаған жастардың бойында мол. Нарық қыспағына ұшырап, қавңырап қалған үйлерге,қаңсып қалған өзендерге, босап қалған жайлауға айналған тіршіліктің бәріне жан бітеді деп ойлаймын.
Қазақ ауылы гүлденсе, әр атқан таңнан үміт күтетін ауыл халқы үшін зор қуаныш екені сөзсіз. «Ырыс алды — ынтымақ» дегендей, барша халық туған ауылын ұлттықөмір сүрудің өзегі деп танитын көзі ьашық, көңілі ояуәрбір азамат жұмысына жұмыла кірісуі керек.
Келешекке үлкен сеніммен көз тастасаң, біздің ауылымыз — сәулеті асқан, дәулеті тасыған, рухани дамыған, берекеліде, мерекелі, құтты мекенге айналады. Міне, сондықтан да балалар, осыц ауылды көркейтуге келешекте өз үлестеріңді қосады деп ойлаймын.
Қане, балалар, жаңа ән үйренейік.
«Ауылым – құт мекенім»
Қорытындылау:
«Ауылым» — сөзжұмбақ.
Тағы рефераттар
- Араб – парсы тілінен енген түбір есімдер
- Орта ғасырдағы батыс философиясы
- Ауыл мектебінің бағыттылығы
- Дүниежүзінің жануарлар дүниесі курстық жұмыс
- Қазіргі астрофотометрия: мақсат, әдіс және проблемалар