1 Азаматтық құқық қатынастар объектілеріне әр түрлі түсініктер беріледі және олар мыналар:
-азаматтық құқық қатынастарының қатысушыларының әрекетерінің бағыталатын объектілері;
— азаматтық құқық қатынастар субъектілері өз ішінде құқықтық қатынастарға қатысудың себебебі болатын материалдық және рухани игілік;
— объекті бұл азаматық құқы қатыгнастың пайда болуына себепші болатын құндылық.
Жоғарыда келтірілген анықтамалардың қайсысы сіздің пікіріңізше, нақтылау және неліктен? Азаматтық құқықтық қатынастың объектісі, оның элементі бол ала ма? Мәні бойынша мына екі ұғым ұқсас па: «азаматық құқықтық қатынастың объектісі» және «азаматтық құқық қатынастың пәні». Азаматтық құқық қатынас объектілері азаматтық құқық қатынас түрлері арасында байланыс бар ма? Егер болса, онда ол қандай байланыс? Мысал келтіріңіз.
2 Азаматтық құқық қатынастар объектілерінің әр түрлілік қатынастарда топтастырылады.
Азаматтық құқық қатынастар объектілерін қандай түрлерге бөлуге болады? Азаматық құқық объектілерінің барлық түрлерін оқыңдар. Объектілердің әртүрлі аталуының негізі неде?
3 «Жылжымайтын мүлік» — Қазақстандық азаматтық құқықтың жаңа салыстырмалы ұғымы. Жермен байланысты болатын нәрсені, әдетте жылжымайтын мүлік деп түсіндіреді: ғимарат, жер учаскелері мен құрылыстар. Бірақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жылжымайтын мүлікке жермен байланысы жоқ объектілерді де жатқызады.
«Жылжымайтын мүлік» құқықтық терминнің кең түсінілуі дәлелді ме? Жылжымпйтын мүліктің құқықтық режимі және жылжитын заттың режимі арасында негізгі айырмашылық неде?
4 «Кәсіпорын» азаматтық құқықта субъектісі (сіздер, бұл жағдайда «кәсіпорын» туралы «Заңды тұлға» тақырыбын оқыған кезде қарастырасыздар) ретінде де және объектісі ретінде де қолданылады. Кәсіпорынның азаматтық құқықтық объектісі ретіндегі сіздің қандай көзқарасыңыз бар? Мәмілені жасау кезінде бұл жағдай орын алады ма, егер объект ретінде бүкіл кәсіпорын емес, тек оның бір үлкен цехы болса қандай жағдай туындайды?
5 Бөлінетін және бөлінбейтін заттарды бөлу мәселесі бір уақытта екі немесе одан да көп тұлғаларға тиісті заттарды бөлу жағдайы кезін маңызды болады.
Бөлінбейтін мүлікке ортақ мүлік құқығы негізінде бір уақыта екі субъект құқылы болса, онда не істеу керек? Шаруа қожалығын бөлу қандай тәртіпте жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің баптарына сілтеме беріңіз.
6 Шығармашылық қызметтің нәтижесі және оларға теңестірілген заңи тұлғаның жекешелендірілген құралдары (өнім, жұмыс, қызмет көрсету) бір объектілер құрамына жатады, ол «интеллектуалдық меншік» деп аталады. Құқық нормасы бұл объектілерді тікелей меншік иесі және оның рұқсатымен басқа адамдардың қолданылуын қамтамасыз етеді. Құқық нормаларында, сондай-ақ интелектуалдық меншік объектілерді қорғаудың тәсілдері мен тәртібі көрсетілген.
Азаматтық құқықтағы интеллектуалдық меншікке жататын объектілерді атап шығыңыз. Интелектуалдық меншікті реттейтін нормативтік актілерді атаңыз.
7 Азаматық құқық объектілеріне ақпарат не оның әр түрлілігіне: қызметтік және коммерциялық құпиялар жатады.
Сіздің пікіріңізше, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды және олардың белгілерін қалай айқындауға болады? Мысал келтіріңіз?
8 Атақты Астаналық клоун Н., Алматы қаласындағы цирктің артисі А-ның өз қойылымдарында Н-ның бағдарламасына кіретін цирктік номерлерін қолданып, олармен ТМД бойынша гастролде жүріп, үлкен жетістіктерге жеткенін біледі.
Сіздің ойыңызша, аталған жағдайға қатысты Н-ның А-ға талап қоюы орынды бола ма? Егер азаматтық құқық қатынас пайда болса, оның объектісі не болып табылады? Осы объект азаматтық құқықпен қорғалады ма?
9 Төменде көрсетілген интелектуалдық меншік объектісін қызметтің нәтижесіне қарай бөліңіз:
— әдеби-көркем шығармасы;
— ғылыми еңбектер;
— артистердің атқаратын қызметі;
— фонограмма;
— радиолық бағдарламалар
— ЭЕМ бағдарламасы;
— тауар белгісі;
— қызмет көрсету белгісі;
— математика бойынша тапсырма ;
— ойлап табу;
— ғылыми ашулар;
— коммерциялық атау және белгі
Тағы рефераттар
- Менеджмент теориясы және тәжірибесі
- Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дағдарысқа қарсы басқару механизмінің стратегиясы
- Топырақ және оның қасиеттері
- Ақпараттық-анықтамалық құжаттар
- Жіберілетін құжаттарды әзірлеу және тіркеу